Мақала
Бұйрықтар

№ 164 бұйрық (11.12.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 желтоқсанда № 37585 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
164
Қабылданған күні
11.12.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тікеу тізілімінде № 22226 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына 1-қосымшада :

реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыТ. Султангазиев

"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Іздеу атаулары: №164 бұйрық, 164-бұйрық, приказ 164, жүз алпыс төртінші бұйрық, 164 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.