Мақала
Бұйрықтар

№ 167 бұйрық (18.12.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 желтоқсанда № 37626 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
167
Қабылданған күні
18.12.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

"Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы";

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидалары бекітілсін.";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларында :

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін (бұдан әрі – ҮКД) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау өлшемшарттарына сәйкес персоналды басқару қызметі және денсаулық сақтау ұйымның басшысы немесе жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға растайды.";

3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

"4-1) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;";

5 , 6 , 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"5. "Денсаулық сақтау" саласының СБШ сәйкес "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша білімі бар денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлеріне біліктілік деңгейін беру немесе растау "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижелері негізінде өту мерзімдерін сақтай отырып және біліктілік деңгейлерінің бірізділік қағидатын ұстана отырып жүзеге асырылады.

Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлері, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары "Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру", "Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификатын беру", "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру", "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер шеңберінде бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымның қорытындысы болған кезде "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес тәртіппен берілген деңгейі ескеріле отырып мамандық/мамандану бойынша маман сертификатын алады немесе растайды.

6. Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің соңғы 5 жылдағы ҮКД нәтижелерін денсаулық сақтау ұйымының басшысы немесе жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға растайды.

7. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің ҮКД нәтижелерін растау өлшемшарттарына сәйкес келетін ҮКД нәтижелерін куәландыратын құжаттары болған кезде растайтын құжаттарды негізгі жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне ұсынады.

Жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің ҮКД нәтижелерін растау өлшемшарттарына сәйкес келетін ҮКД нәтижелерін куәландыратын құжаттары болған кезде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйымына денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің ҮКД нәтижелерін растауды ұсынады.

Шет тілінде берілген құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырған аудармасымен ұсынылады.

8. ҮКД нәтижесінің әрбір өлшемшарты үшін персоналды басқару қызметі және денсаулық сақтау ұйымның басшысы немесе жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға СБ есептейді.";

12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"4) персоналды басқару қызметі және денсаулық сақтау ұйымының басшысы немесе жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға куәландырған ҮКД-ның расталған нәтижелері қажет.";

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

"Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларына 1-қосымша";

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 167 Бұйрыққа қосымша Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларына 2-қосымша

Нысан

Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________

2. Мәлімделген мамандық ______________________________________

3. Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерінің жалпы еңбек өтілі (жыл, ай, күн)_______

4. Мәлімделген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жыл, ай, күн)__________

5. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны _________________________________

6. Атқаратын лауазымы _________________________________________

7. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметі (мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау сәтінде)

Қабылданған күніБосатылған күніЖұмыс орныАтқаратын лауазымыБұйрық нөміріБұйрықтың шыққан күні

8. Салалық біліктілік шеңберінің деңгейі ___________________________

9. Біліктілік санаты (бар болса)____________________________________

10. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (бар болса)_________________

11. ҮКД нәтижелері _____________________________________________

№Өлшемшарттардың атауыСынақ бірліктеріндегі нәтиже
1-тарау. Қосымша білім
1
2-тарау. Формалды емес білім
2
3
4
5
3-тарау. Қосымша құзыреттер
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
ҮКД нәтижелерінің жиыны:

Персоналды басқару қызметінің басшысы

(бар болса толтырылады)

__________________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

__________________________(қолы) берілген күні

Денсаулық сақтау ұйымының басшысы/ жеке медициналық практикамен және

фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлға

_____________________

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

___________________________(қолы) берілген күні

Іздеу атаулары: №167 бұйрық, 167-бұйрық, приказ 167, жүз алпыс жетінші бұйрық, 167 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.