Мақала
Бұйрықтар

№ 19 бұйрық (27.02.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 наурызда № 38088 болып тіркелді.

Бұйрық нөмірі
19
Қабылданған күні
27.02.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Ақаулар мен бұзушылықтардың* бірыңғай сыныптамасы

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21904 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларында :

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) ағымдағы мониторинг – ағымдағы есепті кезеңде ақы төлеуге ұсынылған медициналық қызметтер (көмек) көрсету жағдайларының, оның ішінде осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген, тұрақты негізде жүргізілетін мониторингі;

2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

3) бастапқы медициналық құжаттама – халықтың денсаулық жағдайы туралы деректерді жазуға арналған құжаттар жиынтығы;

4) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

6) жоспардан тыс мониторинг – медициналық қызметтер (көмек) көрсету тәртібін және (немесе) сатып алу шартының талаптарын бұзу фактілері және (немесе) мән-жайлары бойынша мониторингтің түрі;

7) Қордың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚАЖ) – Қордың функцияларын электрондық форматта іске асыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

8) Қордың филиалы – Қордың орналасқан жерінен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрін немесе бір бөлігін, оның ішінде өкілдік функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлімшесі;

9) медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

10) медициналық көмек – дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

11) медициналық көрсетілетін қызметтер – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;

12) медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) көлемі – өнім беруші мен Қордың арасындағы медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген медициналық көмек көрсетудің түрлері, нысандары мен шарттары бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

13) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының елеулі бұзушылықтары – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы талаптарының, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, медициналық көмек көрсету қағидаларын, сондай-ақ клиникалық хаттамаларды сақтау жөніндегі медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарының бұзушылықтары;

14) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының елеусіз бұзушылықтары – елеулі бұзушылықтарға жатпайтын, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың талаптарына, медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес келмейтін бұзушылықтары;

15) медициналық қызмет (көмек) көрсету ақауы (бұдан әрі – ақау) – медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарында, медициналық көмек көрсету қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген медициналық қызмет (көмек) көрсету тәртібінің және (немесе) шарттарының сақталмауы;

16) медициналық қызмет (көмек) көрсету кезінде медициналық қызмет (көмек) көлеміне байланысты бұзушылық (бұдан әрі – бұзушылық) – көрсетілген медициналық қызмет (көмек) көлемінің негізсіз асырып көтеру, сондай-ақ медициналық қызмет (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайының фактілері;

17) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган – медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмек) көрсету саласындағы басшылықты, медициналық қызметтер (көмектің) сапасын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

18) өнім беруші – онымен Қор медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;

19) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – ағымдағы және (немесе) жоспардан тыс мониторинг, оның ішінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының сақталу сәйкестігін талдау;

20) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуді көздейтін, қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім.";

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"10. Мониторинг нәтижелері бойынша ҚАЖ-да осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Ақаулар мен бұзушылықтардың бірыңғай сыныптамасына (бұдан әрі – Бірыңғай сыныптама) сәйкес ақаулар мен бұзушылықтардың кодтары анықталады және тағайындалады.

Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда Қор көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес өнім берушіге тұрақсыздық айыбын қолданады.

Медициналық қызметті рұқсат беру құжаттарынсыз (лицензиясыз, лицензияға қосымшасыз) жүзеге асыру фактілері анықталған жағдайда, Қор көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жасасқан шарт сомасынан 10 (он) пайыз мөлшерінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты жасалған денсаулық сақтау субъектісіне тұрақсыздық айыбын қолданады.";

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"13. Ықтимал ақаулар мен бұзушылықтар жалпы және қосымша болып табылмайтын автоматтандырылған алгоритмдер негізінде ҚАЖ арқылы анықталады.

Автоматтандырылған алгоритмдер нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер негізінде үнемі жаңартылуы тиіс.

Автоматтандырылған алгоритмдерге өзгерістер енгізілген кезде, осы алгоритмдер бойынша бұрын тағайындалған ақаулар нормативтік құқықтық актінің бекітілген күнінен бастап, "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) есепті кезең үшін төлем жүргізілмеген жағдайда түзетілуге жатады.";

21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"21. Ағымдағы мониторинг ҚАЖ-да әрбір жұмыс күні жүзеге асырылады.";

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"26. Ықтимал ақаумен немесе бұзушылықпен келіспеген жағдайда, өнім беруші олар анықталған күннен кейін, бес жұмыс күні ішінде дәлелді негіздеме келтіре отырып, ҚАЖ-да қарсылық береді.";

53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"53. Мониторинг кезінде анықталмаған ақаулар және (немесе) бұзушылықтар көрсетілген қызметтерге ақы төлегеннен кейін анықталған және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған кезде (жасырын кемшіліктер) Қор бұл туралы өнім берушіге жасырын кемшілік анықталған күннен бастап бір айдың ішінде хабарлайды және Бірыңғай сыныптамаға және жоспардан тыс мониторинг шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарына сәйкес экономикалық ықпал ету шараларын қолданады.

Өнім беруші анықталған ақауларға және (немесе) қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына сәйкес жоспардан тыс мониторинг қорытындылары бойынша белгіленген көлемде бұрын жүргізілген төлем сомасын Қорға қайтаруды жүзеге асырады.";

мынадай мазмұндағы 53-1 және 53-2-тармақтармен толықтырылсын:

"53-1. Өнім беруші қаражатты қайтаруды көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі анықталған күннен бастап 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.

53-2. Бұрын төленген, бірақ мониторинг нәтижесінде орындалмаған не тиісінше орындалмаған деп танылған көрсетілетін қызметтер үшін қаражатты қайтару бойынша міндеттеме көрсетілетін қызметтерді сатып алудың қолданыстағы шарты шеңберінде көрсетілетін қызметтер бойынша ағымдағы төлемдерді жүргізуді тоқтатпайды және шектемейді.";

көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 27 ақпандағы № 19 Бұйрығына қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларына 1-қосымша

Ақаулар мен бұзушылықтардың* бірыңғай сыныптамасы

Р/с №Ақау / бұзушылық кодыАқау / бұзушылық атауыАмбулаториялық жағдайларда медициналық көмекСтационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда , қабылдау бөлмелерінде , сондай-ақ мамандандырылған м едициналық ұйымдағы ( республикалық деңгейде ) медициналық көмек
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету кезінде төленетін медициналық қызметтер (БКЖН / ЖБН еселігінде)Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек (қызмет құнынан)Темір жол көлігіндегі ЖМК қызметтері (бір адамға шаққандағы құннан)Шығын сыйымдылығының коэффициентін (емделген жағдайдың және(немесе) қабылдау бөлімшесінің жағдайының құнынан) ескере отырып, КШТ бойынша бір емделген жағдай үшінНақты шығыстар бойынша бір емделген жағдай үшін(қызмет құнынан және (немесе) ДЗ)Бір төсек-күн үшін (1 төсек-күн құнынан)есептік орташа құны бойынша бір емделген жағдай үшін (1 жағдай құнынан)медициналық-экономикалық тарифтер бойынша бір емделген жағдай үшін (1 жағдайдың құнынан)
1234567891011
11.0Медициналық көмекті негізсіз көрсету20 КЖН/ЖБН100%100%100%100%100%100%100%
21.1.Медициналық көрсетілімдер болмаған кезде пациентті емдеуге жатқызу---+++++
31.2.Консультациялық-диагностикалық қызметтерге негізсіз жіберу/көрсету+++-----
42.0Медициналық құжаттаманы ресімдеу ақаулары: денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелеріне деректерді дұрыс емес/ уақтылы емес/ сапасыз енгізу00000000
53.0Көрсетілген медициналық қызмет (көмек) көлемінің негізсіз асырып көтеру10 КЖН/ЖБН100%50%50%50%50%50%50%
63.1Емдеу және диагностикалық қызметтер санын негізсіз ұлғайту+++-----
73.2Баламалары болған кезде барынша қымбат қызметтер көрсету арқылы клиникалық-диагностикалық қызметтер құнының қымбаттауы+++-----
83.3Көрсетілген медициналық көмек құнының қымбаттауы---+++++
93.4Стационарды алмастыратын жағдайларда емдеу үшін медициналық көрсетілімдер болған кезде тәулік бойы стационарда медициналық көмек көрсету арқылы емделген жағдайдың құнын арттыру.---60%----
104.0Негізсіз қайта емдеуге жатқызу (стационарда емдеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн) паллиативтік медициналық көмек көрсететін өнім берушілерден басқа---100%100%100%100%100%
115.0Медициналық көмек (қызмет) көрсетудің расталмаған жағдайы100 КЖН/ЖБН300%300%300%300%300%300%300%
125.1Медициналық қызметтің (көмектің), ДЗ мен МБ- бойынша ның расталмаған жағдайларын төлемге арналған шот-тіркелімге қосу++++++++
135.2Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыны хабардар етпей және оның келісімінсіз басқа МСАК ұйымына бекіту+-------
146.0Емдеу – диагностикалық іс-шаралардың, қызметтер көрсетудің денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан, қағидалардан негізсіз ауытқуы5 КЖН/ЖБН30%30%30%30%30%30%30%
156.1Емдеу нәтижесінде асқынуларға/ нашарлауларға/өзгерістерсіз әкелген диагностикалық / емдеу іс-шараларын уақтылы және (немесе) тиісінше орындамау++++++++
166.2Медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтамау++++++++
176.3ДЗ мен МБ тізбесі бойынша препараттармен, МБ, оның ішінде АДҚ бойынша уақтылы қамтамасыз етпеуы+-+++++
186.4Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды негізсіз тағайындау/жазып беру+--+++++
197.0Қызметтерді күту ұзақтығы 15 жұмыс күнінен асады00000000
208.0Медициналық көрсетілетін көмектің (қызметтердің) сапасы мен көлеміне шағымдар30 КЖН/ЖБН100%100%50%50%50%50%50%
219.0Стационар деңгейінде төлеуге жатпайтын өлім/АЕК/жедел жәрдем деңгейіндегі өлім50 КЖН/ЖБН--100%100%100%100%100%
2210.0Клиникалық диагноздың морфологиялық немесе патологиялық диагноздармен сәйкес келмеу жағдайлары20 КЖН/ЖБН--50%50%50%50%50%
2311.0Медициналық көрсетілетін қызметтерді (көмекті) сатып алу шартына енгізілмеген медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек)30 КЖН/ЖБН100%100%100%100%100%100%100%
2412.0ТМККК/МӘМС-ке кіретін медициналық көмекті ақылы негізде көрсету50 КЖН/ЖБН100%100%50%50%50%50%50%
2512.1ТМККК/МӘМС-ке кіретін медициналық көмек (қызметтер) көрсету кезінде пациенттің дәрілік заттарын, медициналық бұйымдарын тарту++++++++
2612.2ТМККК/МӘМС-ке кіретін медициналық көмек көрсету кезінде пациенттің ақшалай қаражатын тарту++++++++
2712.3Ақылы негізде көрсетілген медициналық қызметтердің шот-тізіліміне енгізу+++100%100%100%100%100%
2814.0Қабылдау бөлімшесі деңгейінде емдеуге жатқызудан негізсіз бас тарту---100%

кестенің жалғасы

р/с №Жедел медициналық көмек (1-4 санат ) ( айына 1 адамға шаққандағы жедел жәрдемнің жан басына шаққандағы нормативінің еселігінде )Ауыл халқына медициналық көмек ( айына 1 ауыл тұрғынына базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативтің е селігінде (БКЖН)Медициналық-әлеуметтік көмекПатологиялық-анатомиялық диагностика ( қызмет құнынан )Қанды және оның компоненттерін дайындау , өңдеу , сақтау және өткізу , қан препараттарын өндіру жөніндегі қызметтер ( қызмет құнынан )Медициналық қызмет көрсету бойынша бұзушылықтар түрлерін градациялау
Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар (аурулары бар) адамдарға (кешенді тарифтің (КТ) еселігіТуберкулезбен ауыратын науқастарға (кешенді тарифтің еселігі (КТ)АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға (кешенді тарифтің (КТ) еселігі/қызмет құнынан)
11213141516171819
120 ЖБН20 КЖН5 КТ1КТ1 КТ / 100 %100%100%елеулі бұзушылықтар
2-+++---елеулі бұзушылықтар
3+-+++++елеулі бұзушылықтар
40000000елеусіз бұзушылықтар
5-10 КЖН--100%100%100%елеулі бұзушылықтар
6-+--+++елеулі бұзушылықтар
7-+--+++елеулі бұзушылықтар
8-+-----елеулі бұзушылықтар
9-10 КЖН-----елеулі бұзушылықтар
10-15 КЖН-----елеулі бұзушылықтар
11100 ЖБН100 КЖН3 КТ3 КТ3 КТ / 300 %300%300%елеулі бұзушылықтар
12+-+++++елеулі бұзушылықтар
13-------елеулі бұзушылықтар
1415 ЖБН5 КЖН3 КТ0,3 КТ1 КТ30%50%елеулі бұзушылықтар
15+++++--елеулі бұзушылықтар
16+++++++елеулі бұзушылықтар
17+++++--елеулі бұзушылықтар
18-++++--елеулі бұзушылықтар
19000000-елеусіз бұзушылықтар
2025 ЖБН30 КЖН3 КТ0,5 КТ1 КТ100%100%елеулі бұзушылықтар
21100 ЖБН50 КЖН6 КТ1 КТ---елеулі бұзушылықтар
22-20 КЖН3 КТ0,5 КТ---елеулі бұзушылықтар
23-30 КЖН---100%100%елеулі бұзушылықтар
2450 ЖБН50 КЖН1 КТ0,5 КТ1 КТ / 100 %50%50%елеулі бұзушылықтар
25+++++++елеулі бұзушылықтар
26+++++++елеулі бұзушылықтар
27+++++100%100%елеулі бұзушылықтар
28-------елеулі бұзушылықтар

Ескертпе:

*3.0, 3.1, 3.2, 5.0, 5.1, 5.2 кодтарына қолданылады

"+" белгісі – ақаулардың осы кодтары мен кіші кодтары медициналық көмектің осы нысаны/түрі үшін қолданылады;

"–" белгісі – ақаулардың осы кодтары мен кіші кодтары медициналық көмектің осы нысаны/түрі үшін қолданылмайды

Қысқартулар тізімі:

АББ – ауруларды басқару бағдарламасы;

АДҚ – амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

АЕК – амбулаториялық емханалық көмек;

АЖ – ақпараттық жүйе;

ӘППҰ – әмбебап прогрессивті патронаж үлгісі;

БЖЖБН – базалық жан басына шаққандағы кешенді норматив;

ДЗ – дәрілік заттар;

ЖБН – жан басына шаққандағы норматив;

КЖН – кешенді жан басына шаққандағы норматив;

КТ – кешенді тариф;

КШТ - клиникалық шығындық топтар

МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.

МБ – медициналық бұйымдар;

МСАК –медициналық-санитариялық алғашқы көмек;

ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі.

Іздеу атаулары: №19 бұйрық, 19-бұйрық, приказ 19, он тоғызыншы бұйрық, 19 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.