Мақала
Бұйрықтар

№ 75 бұйрық (10.07.2026): толық мәтін және скачать

Қатені түзеу

"Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 10 шiлдедегi № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 10 шiлдеде № 39291 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
75
Қабылданған күні
10.07.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Қатені түзеу

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулердің көлемі

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарында :

реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

6Cозылмалы В және С вирусты гепатиттері бойынша динамикалық байқауда тұрмаған, жүктілік бойынша есепте тұрмаған, 18 жастағы және одан асқан ерлер мен әйелдер (Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесі (бұдан әрі - АХЖ-10) бойынша Z11.5 коды)В және С вирустық гепатиттерді ерте анықтау үшін

";

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:

"

7Нысаналы топ жасына жеткен бронх және өкпе қатерлі ісігімен динамикалық байқауда тұрмаған, темекі шегу өтілі ≥20 қорап-жыл темекі шегетіндер: қазір шегетіндер және темекі шегуден 15 жылдан аз уақытта бас тартқандар "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 170 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32568 болып тіркелген) көрсетілген кәсіптер бойынша соңғы 10 жыл ішінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы* ерлер мен әйелдер (АХЖ-10 бойынша Z 12.2 коды)Өкпе обырын ерте анықтау үшін

";

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген скринингтік зерттеулерді өткізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігінде:

бұйрықтың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"3) медициналық цифрлық жүйе (бұдан әрі – МЦЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;";

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде скринингтік зерттеулер түрлерін ескере отырып медициналық қызметке лицензиясы бар жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздарды пайдалана отырып жүргізіледі.

Ірі елді мекендерде қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер тіркелген халық саны 30 000 (отыз мың) адамнан асатын дәрігерлік емхана деңгейінде жүргізіліп, онда скринингтік зерттеулердің өтуін мониторингтеу үшін скринингтік орталықтар мен call-орталықтар құрылады.

Жұмыс берушілер осы қарап-тексерулерге жататын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде скринингтік зерттеулерден өту үшін жағдайлар жасайды, сондай-ақ жұмыскерлерді олардан өту үшін жұмыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орнын (лауазымын), орташа жалақысын сақтай отырып, кедергісіз босатады.";

6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"5) МЦЖ-ға нәтижелерді енгізумен скринингтік зерттеу қызметтерін көрсетеді;";

12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"12. Пациентте зерттеу нәтижелерінің нормадан ауытқулар болған кезде АЕК ұйымының дәрігері скринингтік зерттеу түріне байланысты МЦЖ-де жолдаманы қалыптастыру арқылы оны скринингтің екінші кезеңіне жібереді.";

13 , 14 және 15-тармақтар алып тасталсын;

16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

16. Қорытынды кезең скринингтік зерттеулер нәтижелерін талдауды, МЦЖ-ге тіркей отырып, қорытынды диагнозды белгілеуді, сондай-ақ халықты скринингтік зерттеулердің нәтижелері туралы хабардар етуді қамтиды.

Скринингтік зерттеу нәтижелері бойынша патология анықталмаған жағдайда АХЖ-10 бойынша Z01.8 коды көрсетіле отырып, қорытынды диагноз қойылады.

17. Скринингтік зерттеулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар пациенттер "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) және "Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 болып тіркелген) сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады.

Жіті аурулар анықталған кезде зерттеп-қарау жүргізіледі, толық сауыққанға дейін пациенттің денсаулық жағдайын кейінінен бағалау арқылы емдеу тағайындалады.

Скринингтік зерттеулерден өтпеген нысаналы топқа (жүктілігі, ауруы, бекітілген орнының өзгеруі, елден тыс жерлерге уақытша шығуы себептері бойынша және азамат скринингтік зерттеулерден өтуден бас тартқан жағдайда) белгіленген мерзімділігін сақтай отырып, келесі күнтізбелік жыл ішінде скринингтік зерттеулерді жүргізуге жол беріледі.

Қорытынды кезеңде АЕК ұйыдарының дәрігері МЦЖ-ге мінез-құлықтық қауіп факторларын, қорытынды диагнозды бөліп көрсете отырып скринингтік зерттеулердің нәтижелерін енгізеді, толық зерттеп-қарау, байқау бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ мынадай скринингті аяқтау негіздерін көрсетеді: скринингтік зерттеулерді аяқтау, скрининг мерзімдерінің өтуі, пациенттің қайтыс болуы, АЕК басқа ұйымына бекітілуі.

Жағдайдың аяқталуы – МСАК ұйымына диагностика (қорытынды диагноз), емдеу (нәтижесі (көмек көрсету нәтижесі) бойынша жүгінуіне сәйкес қызмет көрсету бағытының соңында шешімді МЦЖ-де тіркеу.

Жүргізілген скринингтік зерттеулердің нәтижелерін осы зерттеулерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері электрондық денсаулық паспортына енгізеді.

Техникалық мүмкіндік болмаған кезде медициналық құжаттама кейіннен МЦЖ-ге бір күнтізбелік айдан кешіктірілмей енгізіле отырып, қағаз түрінде ресімделеді.";

20-тармақ алып тасталсын;

көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қағидаларға 2-қосымшада :

реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

6Cозылмалы В және С вирустық гепатиттері бойынша динамикалық байқауда тұрмаған, жүктілік бойынша есепте тұрмаған, 18 жастағы және одан асқан ерлер мен әйелдер (АХЖ-10 бойынша Z11.5 коды)3 жылда 1 рет60 күн

";

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:

"

7Нысаналы топ жасына жеткен бронх және өкпе қатерлі ісігімен динамикалық байқауда тұрмаған, темекі шегу өтілі ≥20 қорап-жыл темекі шегетіндер: қазір шегетіндер және темекі шегуден 15 жылдан аз уақытта бас тартқандар және/немесе "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 170 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32568 болып тіркелген) көрсетілген мамандықтар бойынша соңғы 10 жыл ішінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы* ерлер мен әйелдер (АХЖ-10 бойынша Z 12.2 коды)2 жылда 1 рет60 күн

";

көрсетілген қағидаларға 3-қосымша алып тасталсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 10 шілдедегі № 75 бұйрығына қосымша
Скринингтік зерттеулерді жүргізудің қағидалары, көлемі мен мерзімділігіне 1-қосымша

Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулердің көлемі

№Нысаналы топКезеңСкринингтік зерттеулер көлеміКөрсетілетін қызметтер топтамасының атауы
1Нысаналы топ жасына жеткен АХЖ-10 бойынша Z13.8 коды артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлық қауіп факторларымен динамикалық байқауда тұрмаған, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер1Қабылдау: аға мейіргер немесе фельдшер; Қан сарысуындағы төмен тығыздықты липопротеидтерді талдауыш арқылы анықтау; Қан сарысуындағы триглицеридтерді анықтау; Қандағы гликерленген гемоглобинді анықтау; Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу не жанаспайтын пневмотонометрия Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
2Артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруына күдік болған кезде электрокардиографиялық зерттеуді (12 жалғамы) толық жазуТМККК
Глаукомаға күдік туғанда офтальмологтың консультациясыТМККК
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері немесе Жалпы практика дәрігеріТМККК
2Нысаналы топ жасына жеткен АХЖ-10 бойынша Z13.6 коды цереброваскулярлық аурулар бойынша динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер1Қабылдау: Мейіргер не фельдшерТМККК
Брахиоцефалдық бағанның УДДГМӘМС
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
2Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері БЦА УДДГ қорытындысы бойынша симптомсыз 50% стеноз, тұрақты түйінМӘМС
Қабылдау: Қан тамырлары хирургі Шұғыл консультация (2-қосымшаға сәйкес) – БЦА УДДГ қорытындысы кезінде шағымдар болмаған жағдайда стеноз ≥70%, тұрақсыз түйін кезінде стеноз <60%ТМККК
Консультация: Тамырлы хирургі Шұғыл консультация (2–14 күн ішінде) – белсенді шағымдары болған жағдайда ішкі ұйқы артериясының (ВСА) 50–99% стенозы БЦА УДДГ қорытындысы кезінде:МӘМС
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
3Нысаналы топ жасына жеткен АХЖ-10 бойынша Z12.3 коды сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы әйелдер1Қабылдау: Мейіргер, фельдшер Маммография (4 сурет) Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
Консультация (рентгенограмманы екінші рет оқу); Консультация: Рентгенолог. Скринингтің II кезеңі онкологиялық көмекті екінші деңгейде көрсететін медициналық ұйым деңгейінде жүргізіледіТМККК
2Сүт бездерінің УДЗ; Мақсатты маммография (1 проекция); Көрсетілімдер бойынша стереотактикалық жетекшілікпен пункциялық/аспирациялық биопсия; Көрсетілімдер бойынша 3-күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу; Көрсетілімдер бойынша трепанбиопсия; Консультация: Онколог не онколог-хирург не маммологТМККК
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
4Нысаналы топ жасына жеткен АХЖ-10 бойынша Z12.4 коды жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70, 74 жастағы әйелдер1Қабылдау: Мейіргер не фельдшер не акушер; Онкоцитологияға жағынды алу; Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
Жатыр мойнынан жағынды цитологиялық зерттеу сұйықтық цитология аппаратындағы ПАП-тестТМККК
2Консультация: акушер-гинеколог; Бейнекольпоскопия немесе кольпоскопия; Көрсетілімдер бойынша жатыр мойны биопсиясы; Көрсетілімдер бойынша 3-күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу; Консультация: Онколог не онколог-хирург не онколог-гинеколог Скринингтің II кезеңі онкологиялық көмекті екінші деңгейде көрсететін медициналық ұйымдарда жүргізіледі.ТМККК
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
5Нысаналы топ жасына жеткен АХЖ-10 бойынша Z12.1 коды жуан ішектің қатерлі және қатерсіз ісіктерімен динамикалық байқауда тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70, 72, 74, 76 жастағы ерлер мен әйелдер1Қабылдау: Мейіргер не фельдшерТМККК
Экспресс әдіспен нәжісте жасырын қанды анықтау (гемокульт-сынама)ТМККК
Қабылдау (1-кезеңді аяқтау не 2-кезеңге жіберу үшін): Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігері
22Көрсетілімдер бойынша ішкі тамыр арқылы анестезия Анестезиологтың консультациясы көрсетілімдер бойынша жүргізіледі Жаппай скринингтік бейнеколоноскопия; Көрсетілімдер бойынша 3-күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалының 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу; Консультация: Онколог Скринингтің II кезеңі онкологиялық көмекті екінші деңгейде көрсететін медициналық ұйым деңгейінде жүргізіледіТМККК
Қабылдау: Терапевт, Отбасы дәрігері не Жалпы практика дәрігеріТМККК
6АХЖ-10 бойынша Z11.5 коды, созылмалы В және С вирусты гепатиттері бойынша динамикалық байқауда тұрмайтын, жүктілік бойынша есепте тұрмайтын 18 жастағы және одан асқан ерлер мен әйелдер1Қабылдау: Мейіргер немесе фельдшер (саусақтан қан алу); С гепатиті вирусына қарсы (anti-HCV) антиденелерді жедел сынақтармен анықтау (жоғары сезімтал, жоғары ерекшелі иммундық-хроматографиялық әдіс). В гепатиті вирусының (HBsAg) үстірт антигенін жедел сынақтармен анықтау (жоғары сезімтал, жоғары ерекшелі иммундық-хроматографиялық әдіс)ТМККК
2Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе Жалпы практика дәрігері. "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген) 3-қосымшасына сәйкес жете тексеруТМККК
7Нысаналы топ жасына жеткен АХЖ-10 бойынша Z12.2 коды бронх және өкпе қатерлі ісігімен динамикалық байқауда тұрмаған, темекі шегу өтілі ≥20 қорап-жыл темекі шегетіндер: қазір шегетіндер және темекі шегуден 15 жылдан аз уақытта бастартқан және/немесе "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 170 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32568 болып тіркелген) көрсетілген мамандықтар бойынша соңғы 10 жыл ішінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы* ерлер мен әйелдер1Қабылдау: Мейіргер, фельдшер; Кеуде қуысы мен көкірекаралық ағзаларының компьютерлік томографиясы; Қабылдау (1-кезеңді аяқтау немесе 2-кезеңге жолдау): Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе Жалпы практика дәрігеріТМККК
Компьютерлік томограммаларды сипаттау және интерпретациялау
2Көрсетілімдер бойынша контрастпен кеуде қуысы мен көкірекаралық ағзаларының компьютерлік томографиясы; Көрсетілімдер бойынша ПЭТ/КТ; Көрсетілімдер бойынша КТ бақылауымен пункциялық/аспирациялық биопсия; Көрсетілімдер бойынша кеуде қуысы ағзаларының торакоскопиялық биопсиясы; Көрсетілімдер бойынша диагностикалық бейнебронхоскопия; Көрсетілімдер бойынша 3-ші күрделілік санатындағы операция-биопсиялық материалының 1 блогына гистологиялық зерттеу; Консультация: Онколог немесе Онколог-хирург Консультация: ФтизиатрТМККК
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе Жалпы парктика дәрігеріТМККК

Ескертпе:

КТ-Компьютерлік томография
МӘМС-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
ТМККК-Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
ПТР-Полимеразды тізбекті реакция
ПЭТ/КТ-Позитронды-эмиссиялық томография/компьютерлік томография
РНҚ-Рибонуклеин қышқылы
УДДГ-Ультрадыбыстық доплерография
АХЖ-10-Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесі

Іздеу атаулары: №75 бұйрық, 75-бұйрық, приказ 75, жетпіс бесінші бұйрық, 75 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.