Мақала
Бұйрықтар

№ 115 бұйрық (25.09.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Қазақстан Республикасында патологиялық - анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 қыркүйекте № 39981 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
115
Қабылданған күні
25.09.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. ПАБюро, ОПАБ, ПАБ-дың жабдықтармен және медициналық бұйымдармен ұсынылатын жарақтандыруы

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21790 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 131-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :";

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.";

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартында :

жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығымен бекітілген";

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 131-бабының 7-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және құрылымдық бөлімшелердің деңгейінде патологиялық-анатомиялық диагностиканы ұйымдастыру процесіне қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.";

2-тармақта :

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"8) жанамаласқан аурулар – осы жағдайларда әрқайсысы жеке өлімге әкеле алмайтын, бірақ та жиынтықта өлімге әкелудің себебі болатын екі және одан көп нозологиялық бірліктер;";

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

"8-1) иммундық-гистохимиялық зерттеу – іздеуге бағытталған заттарды барынша спецификалық түрде анықтауды қамтамасыз ететін және анықталған затқа қатысты таңбаланған антиденелермен тін кесінділерін өңдеуге негізделген тіндерді микроскопиялық зерттеу әдісі, бұл жағдайда аталған зат антиген ретінде қызмет етеді;";

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"10) қосарласқан ауру – негізгі аурумен және оның асқынуларымен этиологиялық және патологиялық-генетикалық байланысы жоқ, оның ағымына қолайсыз әсер етпеген және өлімнің басталуына ықпал етпеген нозологиялық бірлік;";

17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"17) негізгі ауру – өздігінен немесе өзінің асқынулары арқылы науқастың өліміне себепші болған нозологиялық бірлік;";

22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"22) патологиялық-анатомиялық диагностика – биопсиялық зерттеуді, операциялық материалды зерттеуді, бала жолдасын зерттеуді, сараптамалық консультация беруді, медициналық араласу салдарын (нәтижелерін) сараптамалық бағалауды, патологиялық-анатомиялық ашып-қарауды (аутопсияны) иммундық-гистохимиялық зерттеуді, in situ будандастыруды және цифрлық микроскопияны қамтитын диагностикаға, тірі кезіндегі және қайтыс болғаннан кейінгі медициналық араласудың сапасын бақылауға бағытталған медициналық қызмет түрі;";

мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

"24-1) Референс-орталық – уәкілетті орган айқындайтын, мемлекеттік медициналық ұйымдардың, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімшесі болып табылатын, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық диагностика жүргізу кезінде сыртқы бағалау сапасы мен қауіпсіздігі жүйесін енгізуді қамтамасыз етуді, үйлестіруді, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;";

25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"25) сараптамалық консультация беру – емдеуші дәрігердің, пациенттің не науқастың мүддесін білдіретін адамның өтініші бойынша клиникалық консилиумдар мен мультипәндік топтардың жұмысына қатысу нысанындағы патологиялық-анатомиялық сараптаманың түрі;";

мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:

"30) in situ будандастыру – бұл таңбаланған нуклеинді сүңгілерді қолдана отырып гистологиялық кесінділердегі немесе цитологиялық препараттардағы тікелей жасушалардың ДНҚ немесе РНҚ спецификалы бірізділігін анықтау әдісі;";

3 , 4 , 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде, ақылы қызметтер және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен көрсетіледі.

4. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына меншік нысанына қарамастан, патологиялық-анатомиялық бюро (бұдан әрі – ПАБюросы) және "Патологиялық анатомия" медициналық қызметтің кіші түріне лицензиясы бар басқа да денсаулық сақтау субъектілері жатады.

5. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерге меншік нысанына қарамастан, орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімшелер (бұдан әрі – ОПАБ) мен денсаулық сақтау ұйымдарының патологиялық-анатомиялық бөлімшелері (бұдан әрі – ПАБ), "Патологиялық анатомия" медициналық қызметтің кіші түріне лицензиясы бар басқа да денсаулық сақтау субъектілерінің бөлімшелері, сондай-ақ аурулар (қызметтер) бейіні бойынша Референс-орталықтар жатады.

6. ПАБюросы астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында ұйымдастырылады.";

7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"7. Меншік нысанына қарамастан, ПАБюроның және "Патологиялық анатомия" кіші түріне лицензиясы бар басқа да денсаулық сақтау субъектілерінің құрамына мынадай құрылымдық бөлімшелер кіреді:";

8-тармақ тармақ алып тасталсын;

12-тармақ мынадай редацияда жазылсын:

"12. ОПАБ немесе ПАБ-тары жоқ денсаулық сақтау ұйымдарының басшылығы патологиялық-анатомиялық ашып-қарауды жүргізу үшін патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын дәрігерлерді тартқан кезде ашып-қарау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.";

19-тармақта :

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"19. Меншік нысанына қарамастан, ПАБюро, ОПАО, ПАБ және "Патологиялық анатомия" медициналық қызметтің кіші түріне лицензиясы бар басқа да денсаулық сақтау субъектілерінің негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары мыналар болып табылады:";

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"1) макроскопиялық және микроскопиялық, қажет болған жағдайда бактериологиялық, вирусологиялық, биохимиялық, гистохимиялық, иммундық-гистохимиялық, молекулалық-генетикалық, электрондық-микроскопиялық және in situ будандастыру зерттеулер жүргізу арқылы секциялық, операциялық және биопсиялық материалда ауруларды нақты диагностикалау;";

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"4) медициналық ұйымдарда клиникалық-патологиялық-анатомиялық конференцияларды, патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын дәрігерлердің кеңестері мен конференцияларын дайындау және өткізу;";

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"8) патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын дәрігерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыруды қамтамасыз ету;";

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"11) ісік жасушаларындағы спецификалық заттарды цитохимиялық жолмен анықтау, цитологиялық материалға иммундық-цитохимиялық зерттеу, операциялық және биопсиялық материалға иммундық-гистохимиялық зерттеу жүргізу;";

мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын:

"19-1. Цитолог дәрігер (цитопатолог) лауазымына "Емдеу ісі", "Жалпы медицина" және "Педиатрия" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі бар дәрігер тағайындалады;";

19-2. Медициналық-биологиялық, биологиялық, химиялық немесе

химия-биологиялық білімі бар маман иммундық-гистохимиялық, молекулалық-генетикалық және in situ будандастыру зерттеулері саласында қызметті жүзеге асырады.";

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"37. Бекітілген биоматериал материал алынған сәттен бастап 1 тәулік ішінде (мереке және демалыс күндерін ескермегенде) жеткізіледі. Резекцияның үлкен көлемі кезінде операциялық материал медициналық араласу аяқталғаннан кейін (жұмыстан тыс уақытты, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) 1 сағат ішінде бекітілмеген түрде жеткізіледі. Бала жолдасы тоңазытқышта сақталған жағдайда (+2C°-тан +4C°-қа дейінгі температурада 48 сағат) 2 тәулік ішінде жеткізіледі;";

50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"50. Патологиялық-анатомиялық зерттеу жүргізу үшін қажетті тін фрагменттерінің санын патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын дәрігер осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес оталық және биопсиялық материалды зерттеу көлеміне, сондай-ақ клиникалық хаттамаларға сәйкес, ал белгісіз жағдайларда – патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын дәрігер анықтайтын диагностикалық мақсатқа сәйкестік пайымдаулары бойынша анықтайды.

51. Тін фрагменттері жұқа, қалыңдығы 3–4 мм болуы және тіннің талапқа сай бекітілуі мен өңделуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс. Тін фрагменттерінің өлшемдері технологиялық сұйықтықтардың кассетаға барлық жағынан еркін енуіне қажетті бос кеңістікті ескере отырып, кассета өлшемінен кіші болуы тиіс. Қан болған немесе болбыр тіндер басқа үлгілермен айқасып ластануды болдырмау үшін тін үлгісі кассетаның ішінде болатындай етіп оралады. Ұсақ биоптаттардың көпшілігін (мысалы, асқазанның, тоқ ішектің, эндометрийдің), бірнеше шағын тін фрагментін бір кассетада бекітуге жол беріледі. Пункциялық биопсия әдісімен алынған биоптаттар үшін бір кассетаға бес фрагменттен артық орналастыруға жол берілмейді. Тіндері бар барлық кассеталар бірегей сәйкестендіргішпен немесе штрих-кодпен сәйкестендірілуі тиіс. Бірегей сәйкестендіргіш кейінгі барлық емшаралар барысында өшірілмейтін болуы тиіс. Бірегей сәйкестендіргіш қолмен немесе автоматты принтерлердің көмегімен электрондық тәсілмен қойылуы мүмкін. Бірегей сәйкестендіргішке қойылатын ең төмен талаптар: қабылданған жағдайдың сәйкестендіргіші және үлгінің сәйкестендіргіші әріппен немесе санмен; блоктың сәйкестендіргіші әріппен немесе санмен белгіленуі қажет.";

76-тармақ алып тасталсын;

98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"98. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын дәрігер сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдармен шарт бойынша консультациялық көмек үшін тартылады.";

100 және 101-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"100. Өткен тәулікте қайтыс болған барлық стационарлық науқастардың медициналық карталары меншік нысанына қарамастан, "ПАБюросына, ОПАБқа және ПАБқа және "Патологиялық анатомия" медициналық қызметтің кіші түріне лицензиясы бар басқа да денсаулық сақтау субъектілеріне өлім фактісі белгіленген күннен кейінгі таңғы сағат 10-нан кешіктірілмей, жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының бірінің не заңды өкілінің жазбаша келісімі болған кезде, стационарлық науқастың медициналық картасының титулдық парағында медициналық ұйым басшысының қолы қойылған "Ашып-қарауға" деген жазбамен беріледі.

101. Ашып-қарау процесінде патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын дәрігер емдеуші дәрігерлерден аурудың ағымы, емдеу және науқастың зерттеп-қарау ерекшеліктерін нақтылайды және ашып-қарау барысында қажетті түсінік береді.";

мынадай мазмұндағы 101-1,101-2-тармақтармен толықтырылсын:

"101-1. Егер қайтыс болған пациенттің анамнезінде қандай да бір имплантталатын электродтық құрылғы болса, оның нақты түрі ашып-қарау басталғанға дейін анықталуға тиіс немесе мәйітпен өзге де манипуляцияларды жүргізетін адамдар үшін тәуекелдерді болғызбау мақсатында қайтыс болған адамның мәйіті патологиялық-анатомиялық зерттеуге жіберер алдында кез келген имплантталатын электродтық құрылғы (кез келген түрі) толық ажыратылуға тиіс. Имплантталатын электродтық құрылғының ажыратылуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік мәйітті ашып-қарауға жіберетін клиникалық топқа (клиникалық дәрігерге) жүктеледі. Кез келген имплантталатын құрылғыны алып тастау ашып-қарауды жүргізетін патологанатомның басшылығымен жүзеге асырылады.

101-2. Патологиялық-анатомиялық ашып-қарауды жүргізу үшін мәйіт меншік нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымының патологиялық-анатомиялық диагностика жүргізетін ұйымына немесе құрылымдық бөлімшесіне, "Патологиялық анатомия" медициналық қызметтің кіші түріне лицензиясы бар басқа да денсаулық сақтау субъектілеріне дене қуыстарына енгізілген медициналық құрылғылар (мысалы, катетерлер, канюльдер, дренаждар) сақталған күйде жеткізіледі.

Дене қуысына енгізілетін медициналық құрылғылардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік мәйітті ашып-қарауға жіберетін клиникалық топқа (клиникалық дәрігерге) жүктеледі.";

103-тармақ алып тасталсын;

104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"104. Ашып-қарау нәтижелері патологиялық-анатомиялық ашып-қарау жүргізілген күнінен кейін 14 жұмыс күні ішінде "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелді) бекітілген № 002/е нысаны бойынша патологиялық-анатомиялық зерттеу хаттамасы түрінде рәсімделеді.";

105 және 106-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"105. Мәйітті патологиялық-анатомиялық зерттеу жүргізу кезінде зорлық-зомбылықтан болған өлімнің белгілері табылған жағдайда ашып-қарау тоқтатылады, медициналық ұйымның басшысы мәйітті сот-медициналық сараптамаға тапсыру туралы мәселені шешу үшін болған жайт туралы құқық қорғау органдарына хабарлайды.

Сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулының күші жойылған және зорлық-зомбылықтан болған өлім белгілері/мәліметтері (сыртқы факторлардың әсерінен болған өлім) немесе зорлық-зомбылықтан болған өлімге күдік болмаған жағдайда, қайтыс болу туралы медициналық куәлікті:

1) денсаулық сақтау ұйымынан тыс жерде қайтыс болған жағдайда – бекітілген жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының медицина қызметкері;

2) денсаулық сақтау ұйымында қайтыс болған жағдайда – емдеуші дәрігер рәсімдейді.

106. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын дәрігер кейіннен сот-медициналық сараптау үшін мәйіт денесінің, ағзалары мен тіндерінің сақталуына шаралар қолданады.";

108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"108. Ашып-қарау кезінде жіті инфекциялық ауру, тағамнан немесе өндірісте улану, екпеге айрықша әсер ету белгілері анықталған жағдайда патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын дәрігер сот-медициналық сараптаманы одан әрі жүргізу үшін мәйітті, оның ағзалары мен тіндерін сақтауды қамтамасыз ету шараларын қабылдайды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға шұғыл хабархат жолдайды.";

110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"110. Медициналық ұйымдарда, оның ішіңде босандыру ұйымдарында, қайтыс болғандардың барлығы жаңа туған нәрестелер (туғаннан кейін қанша уақыт бойы оларда өмір белгілері байқалғанына қарамастан) мен жүктіліктің 22 аптаға дейінгі мерзімінде және одан да үлкен аптасында дене салмағы 500 грамм және одан үлкен салмақтағы, оның ішінде жүктілікті үзгеннен кейінгі (өздігінен, медициналық көрсетілімдер бойынша) бала жолдасын міндетті гистологиялық зерттеумен және перинаталдық өлім туралы медициналық куәлікті ресімдеумен патологиялық-анатомиялық ашып-қарауға жатады.";

117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"117. Қайтыс болу туралы медициналық куәлікті (алдын ала, түпкілікті), перинаталдық өлім туралы медициналық куәлікті (алдын ала, түпкілікті) патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын дәрігер патологиялық-анатомиялық ашып-қарау жүргізілген күні ресімдейді.";

119-тармақта :

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"119. Бала жолдасын патологиялық-анатомиялық зерттеу мына жағдайларда жүргізіледі:";

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

"4-1) мерзімінен бұрын босану кезінде";

128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"128. Патологиялық-анатомиялық ашып-қарау күрделілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:

1) күрделіліктің бірінші санаты – клиникалық анықталған созылмалы ауру кезінде танатогенезді және өлім себебін түсіндіруде қиындықтар болмаған жағдайда мәйітті патологиялық-анатомиялық зерттеу;

2) күрделіліктің екінші санаты – патологиялық-анатомиялық зерттеу барысында мәйітті морфологиялық белгілері бойынша диагностикалауда қиындығы бар және қосымша зерттеу әдістерін (бактериологиялық, вирусологиялық) жүргізуді қажет ететін клиникалық анықталған жіті ауру кезінде патологиялық-анатомиялық зерттеу;

3) күрделіліктің үшінші санаты – операциядан кейінгі жағдайға, сондай-ақ клиникалық анықталған инфекциялық аурулар немесе зерттеудің қосымша гистохимиялық әдістерін жүргізуді қажет ететін өзге де жағдайлар кезінде мәйітті патологиялық-анатомиялық зерттеу;

4) күрделіліктің төртінші санаты – клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздарда алшақтық болған жағдайларда, ана өлімі, онкологиялық, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық аурулардың асқынуларынан болған өлім, ятрогендік жағдайларда, сондай-ақ қосымша зерттеу әдістерін жүргізуді қажет ететін сирек кездесетін аурулар кезінде мәйітті патологиялық-анатомиялық зерттеу.";

129-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"129. Патологиялық-анатомиялық диагнозды патологиялық-анатомиялық ашып-қараудың нәтижелері бойынша ресімдеу кезінде патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын дәрігер мыналарды көрсетеді:";

130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"130. Қорытынды клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздардың ажырауы кезінде "патологиялық анатомия" мамандығы бойынша дәрігер көрсетілген диагноздардың санаты мен ажырау себебін белгілейді.";

138-тармақта :

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"1) бір бояумен немесе реакциямен өңделген бір тіндік объект (бір парафинді немесе мұздатылған блокқа құйылған бір реттік диагностикалық немесе емдік манипуляция немесе операция нәтижесінде алынған тіннің бір фрагменті) биоматериалды патологиялық-анатомиялық зерттеудің есепке алу бірлігі болып табылады;";

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) Иммундық-гистохимиялық зерттеу кезінде есепке алу бірлігі 1 антидене немесе 1 маркер болып табылады.";

141-тармақта :

6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"6) мұрағаттан зерттеулердің материалдарын беру пациенттің немесе оның заңды өкілінің жазбаша сұрау салуы, пациентке зерттеп-қарау, емдеу, медициналық сараптама, медициналық куәландыру жүргізуге және пациентке медициналық көмек көрсетуге байланысты жағдайларда өзге медициналық ұйымның жазбаша сұрау салуы, тергеу жүргізуге немесе сот талқылауына байланысты анықтау және тергеу органдарының, соттың сұрау салуы бойынша жүргізіледі. Сұрау салу меншік нысанына қарамастан, ПАБюро, ОПАБ, ПАБ және "Патологиялық анатомия" медициналық қызметтің кіші түріне лицензиясы бар басқа да денсаулық сақтау субьектілерінде қалады. Мұрағаттан берілген гистологиялық препараттар мен блоктар қайта қаралғаннан кейін меншік нысанына қарамастан, ПАБюро, ОПАБ, ПАБ және "Патологиялық анатомия" медициналық қызметтің кіші түріне лицензиясы бар басқа да денсаулық сақтау субъектілерінің мұрағатына қайтарылуға тиіс;

7) зерттеу материалдарын мұрағаттан арнайы журналға беру жағдайларын, патологиялық-анатомиялық зерттеу жүргізетін медициналық ұйымның басшысы айқындайтын тәртіппен және нысан бойынша жүгізілетін журналда тіркеу;";

9) , 10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"9) биопсиялық және операциялық материалды патологиялық-анатомиялық зерттеулер нәтижелерінің көшірмелерін беру пациенттің немесе оның заңды өкілінің жазбаша сұрау салуы, пациентке зерттеп-қарау, емдеу, медициналық сараптамалар, медициналық куәландыру жүргізілуіне байланысты және пациентке медициналық көмек көрсетуге байланысты өзге де жағдайларда медициналық ұйымның жазбаша сұрау салуы, тергеу жүргізуге немесе сот талқылауына байланысты анықтау және тергеу органдарының, соттың сұрау салуы бойынша ғана жүргізіледі. Сұрау салу меншік нысанына қарамастан, ПАБюро, ОПАБ, ПАБ және "Патологиялық анатомия" медициналық қызметтің кіші түріне лицензиясы бар басқа да денсаулық сақтау субьектілерінде қалады. Көшірмелерді беру тәртібі мен нысанын медициналық ұйымның басшысы айқындайтын арнайы журналда тіркеледі;

10) медициналық ұйымда электрондық құжат айналымының немесе зертханалық цифрлық жүйенің болуы журналды жүргізу қажеттілігін жоққа шығармайды;

11) Меншік нысанына қарамастан, ПАБюро, ОПАБ, ПАБ және "Патологиялық анатомия" медициналық қызметтің кіші түріне лицензиясы бар басқа да денсаулық сақтау субъектілерінің персоналы зерттеуге қабылданған биоматериалдың дұрыс қабылдануын, тіркелуін және сақталуын қамтамасыз етеді. Персоналдың іс-қимылын бақылау құрылымдық бөлімшенің басшысына жүктеледі.";

мынадай мазмұндағы 142-1-тармақпен толықтырылсын:

"142-1. Қатерлі ісіктердің спецификалық антигендік қасиеттерін сәйкестендіру мақсатында ісік маркерлеріне қарсы антиденелерді пайдалана отырып, қосымша иммундық-гистохимиялық зерттеулер жүргізіледі. Иммундық-гистохимиялық реакциялар үшін пайдаланылатын антиденелердің санына қарай иммундық-гистохимиялық зерттеулер мынадай күрделілік санаттарына бөлінеді:

1) күрделіліктің бірінші санаты – 1 – 4 маркерді (антиденені) пайдалана отырып жүргізілетін иммундық-гистохимиялық зерттеулер;

2) күрделіліктің екінші санаты – 5–10 маркерді (антиденені) пайдалана отырып жүргізілетін иммундық-гистохимиялық зерттеулер;

3) күрделіліктің үшінші санаты – 10-нан астам маркерді (антиденені) пайдалана отырып жүргізілетін иммундық-гистохимиялық зерттеулер;

4) күрделіліктің төртінші санаты – иммундық-гистохимиялық әдіспен ісік жасушаларының химиялық терапия және таргеттік препараттарға сезімталдығын зерттеу.";

143-тармақтың 3) , 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

"3) декальцинацияны және морфологиялық зерттеудің күрделі қосымша әдістерін (иммундық-морфологиялық, электрондық-микроскопиялық) қажет етпейтін диагностикалық биопсиялар – 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

4) операциялық материал – 14 (он төрт) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

5) декальцинацияны және морфологиялық зерттеудің күрделі қосымша әдістерін қолдануды қажет ететін жоспарлы биопсиялар – 14 (он төрт) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;";

144-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"3) биопсиялық және операциялық материалдардың гистологиялық парафинді блоктары 15 (он бес) жыл, ал аутопсиялық материал – 5 (бес) жыл бойы тұрақты сақтау мұрағатында сақталады.";

145-тармақта :

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"6) Меншік нысанына қарамастан, ПАБюро, ОПАБ, ПАБ және "Патологиялық анатомия" медициналық қызметтің кіші түріне лицензиясы бар басқа да денсаулық сақтау субъектілерінің есепке алу және есептік құжаттамасы 5 (бес) жыл бойы сақталады.";

162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"162. Биоматериалды макроскопиялық зерттеу, сипаттау және өңдеуді (цитологиялық микропрепараттарды дайындау, бекіту, бояу, жабу, сұрыптау) зертханашы жүзеге асырады.";

163-тармақ алып тасталсын;

164-тарма қ мынадай редакцияда жазылсын:

"164. Цитологиялық зерттеулер жүргізу кезінде бастапқы микроскопиялық зерттеуді зертханашы немесе жоғары медициналық емес білімі (биолог) бар маман – цитотехнолог жүзеге асырады. Түпкілікті қорытындыны дәрігер-цитолог (цитопатолог) береді.";

166-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"166. Цитологиялық материалдың есепке алу бірлігі бір шыны препарат болып табылады. Бір пациенттен алынған биологиялық материалдан дайындалатын шыны препараттардың саны диагностикалық орындылығы сәйкестігіне және жүргізілетін цитологиялық зерттеудің көлеміне қарай айқындалады.";

170-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"170. Меншік нысанына қарамастан, ПАБюро, ОПАБ, ПАБ және "Патологиялық анатомия" медициналық қызметтің кіші түріне лицензиясы бар басқа да денсаулық сақтау субъектілерінің медицина персоналы жұмыскерлерінің штаты мынадай есеппен белгіленеді:

бір штат бірлігі бар патологиялық-анатомиялық дәрігердің жылдық жүктемесі:

18 жастағы және одан асқан қайтыс болған адамдарға 150 патологиялық-анатомиялық ашып-қарау, немесе

өлі туғандарға, шараналарға және 18 жасқа дейінгі балаларға 100 патологиялық-анатомиялық ашып-қарау, немесе

операциялық-биопсиялық материалға 3000 гистологиялық немесе иммундық-гистохимиялық зерттеу жүргізілген кезде;

бір штат бірлігі бар (цитолог) цитопатолог дәрігердің жылдық жүктемесі:

сұйықтық әдісімен 2000 зерттеу, немесе

дәстүрлі әдіспен 3000 зерттеу жүргізілген кезде;

патологиялық-анатомиялық дәрігерінің әрбір лауазымына 1,5 лауазым есебінен 1 зертханашы немесе цитотехнолог ставкасы.";

мынадай мазмұндағы 171 және 172-тармақтармен толықтырылсын:

"171. ПАБюро, ОПАБ, ПАБ жабдықтармен және медициналық бұйымдармен ұсынылатын жарақтандыруы осы Стандартқа 5-қосымшамен айқындалған.

172. Патогистологиялық зерттеу қорытындыларының ішкі сапа бақылауын ПАО меңгерушісі кездейсоқ іріктеу әдісімен жүзеге асырады, бірақ тоқсан сайын зерттелген препараттардың кем дегенде 15 пайызы қамтылуы тиіс.";

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыТ. Мұратов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 115 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартына 5-қосымша

ПАБюро, ОПАБ, ПАБ-дың жабдықтармен және медициналық бұйымдармен ұсынылатын жарақтандыруы

Р/с №АтауыЖабдық бірліктерінің саны
1 деңгейлі ПАБ2 деңгейлі ПАБюросы, ОПАБ, ПАБ3 деңгейлі Өзінің құрамында онкологиялық орталықтары және онкологиялық орталықтардың патологиялық-анатомиялық бөлімшелері бар медициналық ұйымдар жанындағы ПАБ
Гистологиялық зертханалық жабдық
1Тіндерді гистологиялық өткізуге арналған тін процессоры111
2Гистологиялық үлгілерді парафинмен құю станциясы111
3Ротациялық микротом122
4Криостаттық микротом-11
5Тін кесінділерін жазуға арналған су моншасы-22
6Жарық микроскобы122
7Зертханалық термостат-11
8Зертханалық тоңазытқыш-11
9Телепатологияға арналған жүйе--1
10Микропрепараттарды иммундық-гистохимиялық бояуға арналған аппарат (иммуностейнер)--1
Ашып-қарауға арналған жабдықтар
11Ашып-қарауға жүргізуге арналған үстел111
12Ағзаларды өлшеуге арналған таразы111
13Операциялық шам-11

Іздеу атаулары: №115 бұйрық, 115-бұйрық, приказ 115, жүз он бесінші бұйрық, 115 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.