"Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-195/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қазандағы № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 қазанда № 40074 болып тіркелді
- Бұйрық нөмірі
- 128
- Қабылданған күні
- 01.10.2026
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-195/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21654 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларында :
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген және халықтың декреттелген топтарына гигиеналық оқытуды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылды:
1) жеке медициналық кітапша – жұмысқа жіберу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізілетін дербес құжат;
2) медициналық цифрлық жүйе – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;
3) халықтың декреттелген тобы – халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруға неғұрлым қауіп төндіретін адамдар;
4) халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту (бұдан әрі – гигиеналық оқыту) – инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулардың профилактикасы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер (объектілерді күтіп-ұстау, пайдалану және орналастыру, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау) бойынша білім алушылардың кәсіптеріне сәйкес оқыту;
5) халықтың декреттелген тобының емтиханы (бұдан әрі – емтихан) – айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупін төндіретін халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін жұмыскерлердің білімінің және біліктілігінің сәйкестік деңгейін айқындау.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Гигиеналық оқыту бойынша оқыту өндірістен қол үзу арқылы жүргізіледі.
5. Гигиеналық оқыту бойынша қызметті "гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша медициналық білімі бар жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалардың өкілдері жүзеге асырады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Гигиеналық оқыту осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бағдарламалар бойынша жүргізіледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Оң нәтиже болған жағдайда гигиеналық оқытуды жүргізген жеке және заңды тұлғалар емтихан тапсыру туралы мәліметтерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның цифрлық жүйесіне немесе медициналық цифрлық жүйеге енгізеді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада :
реттік нөмірі 1.1. жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
| 1.1 | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың негіздері. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының және 95-бабының ережелеріне сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік о рган бекітетін санитариялық қағидалардың және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін жұмыскерлердің жауапкершілігі. Тиімді тамақтану туралы ұғым. Тамақ өнімдерін мемлекеттік гигиеналық тіркеу және регламенттеу туралы ұғым. Тамақ өнімдерін се ртификаттау туралы ұғым. Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын гигиеналық талаптар. Тамақ өнімін байыту (фортификациялау) ұғымы. Тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ адамдағы тапшылыққа байланысты аурулардың профилактикас ы мақсатында тамақ өнімін өндіру немесе қайта өңдеу процесінде оған дәрумендерді, минералдарды және басқа да заттарды енгізу. |
".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы | Т. Султангазиев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Іздеу атаулары: №128 бұйрық, 128-бұйрық, приказ 128, жүз жиырма сегізінші бұйрық, 128 бұйрық скачать.