Мақала
Бұйрықтар

№ 131 бұйрық (02.10.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 2 қазандағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 қазанда № 40111 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
131
Қабылданған күні
02.10.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Нефрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
  4. 3-тарау. Нефрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары
  5. 4-тарау. Медициналық көмек көрсетудің тәртібі
  6. 1-параграф. Амбулаториялық жағдайларда нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
  7. 2-параграф. Стационарды алмастыратын жағдайларда нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
  8. 3-параграф. Бүйректі алмастыру терапиясын көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
  9. 4-параграф. Стационарлық жағдайларда нефрологиялық көмекті көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
  10. 5-тарау. Нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын штат бірліктері мен медициналық бұйымдармен жарақтандырылуы
  11. Пациенттердің жағдайын диагностикалау, емдеу, динамикалық байқау және мониторингтеу
  12. Жіті бүйрек зақымдануы және созылмалы бүйрек ауруы бар пациенттің маршрутын ұйымдастыру және мониторингтеу
  13. Бүйректі алмастыру терапиясына ауыстыру туралы нефрологтың қорытындысы
  14. Диализ бөлімшесінің және (немесе) орталығының құрылымына қойылатын талаптар
  15. Бүйректің созылмалы ауруының (бұдан әрі – БСА) G4-5 сатыдағы пациенттерге арналған жадынама
  16. Құрметті пациент!
  17. Диализдік пациенттің төлқұжаттық нысаны
  18. Тамыр арқылы енгізуді қамтамасыз ету және диализді жүргізу үшін перитонеалдық катетерді импланттау/қайта импланттау
  19. Ағзалардың ықтимал реципиенттерінің тіркелімін қалыптастыру және жүргізу
  20. Лейкоциттік антиденелерді анықтауға жолдама Направление на исследование лейкоцитарных антител
  21. Реципиентті зерттеп-қарау тізімі мен жиілігі
  22. Бүйректі трансплантаттаудан кейін пациентке жадынама (брошюра)
  23. Трансплантаттаудан кейінгі реципиентті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету барысында динамикалық байқау картасы
  24. Иммуносупрессанттардың концентрациясын анықтауға арналған жолдама нысаны
  25. Иммуносупрессанттардың концентрациясын анықтау үшін қан алу алгоритмі
  26. Трансплантаттың ультрадыбыстық зерттеуі
  27. Бүйректі алмастыру терапиясының тиімділігі (диализ бөлімі мен (немесе) диализ орталығының (гемодиализ, перитонеалдық диализ) көмек көрсету сапасының индикаторлары)
  28. Нефробиопсия жүргізуге көрсетілімдер
  29. Нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын штат нормативтері
  30. Ұсынылатын медициналық бұйымдармен жарақтандыру

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30187 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына, 138-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығына қосымша".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыТ. Султангазиев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 2 қазандағы № 131 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына, 138-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында халыққа нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы Стандартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:

1) автоматтандырылған перитонеалдық диализ (бұдан әрі – АПД) – диализ ерітіндісінің іш қуысындағы алмасуы арнайы аппаратты (циклерді) қолдану арқылы автоматты түрде жүзеге асырылатын, әдетте пациент ұйықтағанда, алдын ала бағдарламаланған ерітіндіні құю және дренаждау циклдарында қолданылатын перитонеалдық диализ әдісі;

2) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ықтимал реципиенттерінің тіркелімі (бұдан әрі – ықтимал реципиенттердің тіркелімі) – ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ықтимал реципиенттерінің деректер базасы;

3) бейінді маман – жоғары медициналық білімі және денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

4) бүйректі алмастыру терапиясы (бұдан әрі – БАТ) – бүйрек функциясының жоғалған бөліктерін толық немесе жартылай қалпына келтіруге бағытталған емдеу әдістерінің жиынтығы, соның ішінде бүйректің созылмалы ауруының (бұдан әрі – БСА) терминалдық сатысы немесе жіті бүйрек зақымдануы кезінде денедегі су-электролиттік, қышқылдық-сілтілік және азоттық тепе-теңдікті сақтау. БАТ әдістеріне гемодиализ (үзілісті немесе ұзақ), перитонеалдық диализ және бүйректі трансплантаттау жатады;

5) бүйректің жіті зақымдануы (бұдан әрі – БЖЗ) – бұл бүйрек және (немесе) бүйректен тыс факторлардың әсерінен бүйрек функциясының күрт (≤7 тәулік ішінде) төмендеуі, қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы және (немесе) диурездің азаюымен көрінетін, бүйрек зақымдануының немесе дисфункциясының әртүрлі дәрежеде дамуын көрсетеді;

6) гемодиализ (бұдан әрі – ГД) – "Жасанды бүйрек" аппаратында жүргізілетін, ағзадан зат алмасудың уытты өнімдерін шығару, су және электролиттік теңгерімдердің бұзылуын қалыпқа келтіру мақсатында айналымдағы экстракорпоралдық қан мен диализдейтін ерітіндінің арасындағы төмен молекулалы субстанциялар мен сұйықтықтарды жартылай өткізгіш мембрана арқылы диффузиялық және сүзгілік тасымалдау қағидатына негізделген әдіс;

7) гемодиасүзгілеу (бұдан әрі – ГДС) – "Жасанды бүйрек" аппаратын пайдалана отырып, жартылай өткізгіш мембрана арқылы ерітілген заттарды диффузия және конвекция әдістерімен алып тастауды біріктіретін бүйректі алмастыру терапиясының әдісі;

8) гемотүзетудің экстракорпоралдық әдістері – түрлі этиологиядағы патологиялық құрамбөліктерді детоксикациялау және жою: сіңірілу технологиялары, плазмалық емшаралар, аферездік технологиялар;

9) клиникалық хаттама (бұдан әрі – КХ) – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және палиативті медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;

10) медициналық цифрлық жүйе (бұдан әрі – МЦЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;

11) мультипәндік топ (бұдан әрі – МПТ) – пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;

12) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

13) өңірлік трансплантаттауды үйлестіруші – Үйлестіру орталығының штаттағы қызметкері болып табылатын, астанадағы, облыс орталықтарындағы, және республикалық маңызы бар қалалардағы ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау саласындағы медициналық ұйымдардың (бұдан әрі – МҰ) ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін дәрігер;

14) перитонеалдық диализ (бұдан әрі – ПД) – ішек қабығы денеден уытты метаболиттерді және артық сұйықтықты диффузиялық және конвекциялық алмасу арқылы қан мен ішек қуысына енгізілген диализдік ерітінді арасында шығару үшін жартылай өткізгіш мембрана ретінде қолданылатын бүйректі алмастыру терапиясының әдісі;

15) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;

16) Транспланттауды және жоғары технологиялық көрсетілетін медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық (бұдан әрі – ТЖТМҚҮРО) – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттауды үйлестіру және сүйемелдеу мәселелерімен айналысатын денсаулық сақтау ұйымы;

17) тұрақты амбулаториялық перитонеалдық диализ (бұдан әрі – ТАПД) – іш қуысында диализдік ерітіндіні ауыстыру (күнде бірнеше рет) амбулаториялық жағдайда (үйде) пациенттердің өздері жүзеге асыратын перитонеалдық диализ әдісі;

18) ультрасүзгілеу (бұдан әрі – УС) – сұйықтықты сүзу арқылы жүзеге асырылатын мембраналық бөлу процесі, сондай-ақ заттарды фракциялау және концентрациялау.

3. Нефрологиялық көмек:

1) амбулаториялық жағдайларда;

2) тәулік бойы медициналық байқау, емдеу, күтім көзделетін стационарлық жағдайларда;

3) төсек-орын беріле отырып, күндізгі уақытта медициналық байқау және емдеу көзделетін стационарды алмастыратын жағдайларда;

4) нефрологиялық көмек көрсету кезінде МҰ-дан тыс:

пациенттің медициналық алып жүруін қажет етуіне байланысты емді жалғастыру үшін МҰ-ға тасымалдау кезінде медициналық авиацияны қолдануымен, "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 тіркелді) сәйкес жүзеге асырылады;

жылжымалы (далалық) медициналық кешендерді, медициналық пойыздарды, далалық госпитальдарды, трассалық медициналық-құтқару пункттерін қолдануымен;

экстракорпоральдық гемотүзету әдістерімен терапия жүргізу үшін медицина қызметкерлерінің шығуы және медициналық бұйымдарды қолдануымен;

"Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22151 тіркелді) сәйкес қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдануымен көрсетіледі.

4. Халыққа нефрологиялық көмек көрсететін МҰ-лар "Бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-244/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21761 тіркелді), "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелді) және "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 тіркелді) сәйкес бекітілген есепке алу және есептік нысандарына сәйкес медициналық құжаттаманы жүргізуді және есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді.

2-тарау. Нефрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы

5. Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсету үшін мынадай бөлімшелер ұйымдастырылады:

1) меншік нысанына қарамастан аудандық, қалалық және облыстық медициналық көмек көрсету деңгейлеріндегі емханалардың немесе көп бейінді стационарлардың, консультациялық-диагностикалық орталықтардың, ғылыми орталықтардың (институттарың), диализ орталықтарының консультациялық-диагностикалық бөлімшесінің құрамындағы мамандандырылған нефрологиялық кабинет (бұдан әрі – Кабинет);

2) меншік нысанына қарамастан қалалық, облыстық, республикалық деңгейлердегі көп бейінді ауруханалардың, ғылыми ұйымдардың құрылымындағы нефрологиялық бөлімше;

3) меншік нысанына қарамастан стационарлық көмек көрсететін қалалық, облыстық, республикалық деңгейлердегі көп бейінді ауруханалардың (балалар және ересектер) құрылымындағы диализ бөлімшесі (бұдан әрі – ДБ);

4) диализ орталығы (бұдан әрі – ДО) – меншік нысанына қарамастан аудандық, қалалық, облыстық деңгейлердегі стационарды алмастыратын жағдайларда нефрологиялық көмекті жүзеге асыратын дербес МҰ немесе МҰ-ның құрылымдық бөлімшесі (балалар және ересектер);

5) нефрологиялық орталық – қалалық, облыстық деңгейдегі амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда, ғылыми ұйымдарда, университет клиникаларында мамандандырылған нефрологиялық көмек көрсететін дербес МҰ немесе МҰ-ның құрылымдық бөлімшесі. Нефрологиялық орталықтың құрамына: нефрология бөлімшесі (немесе төсектер), диализ бөлімшесі және (немесе) диализ орталығы, нефрология кабинеті кіреді;

6) МПТ – аурудың нозологиялық түріне, бүйрек зақымдануының этиологиясына қарай, пациентті қадағалап-жүргізу тактикасын пәнаралық тұрғыдан анықтау және консервативті және БАТ-тың тиімді әдісін КХ-ға сәйкес уақтылы, негізделген түрде таңдау мақсатында пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы.

3-тарау. Нефрологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары

6. Нефрологиялық көмек көрсететін МҰ-лардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) бейіні бойынша сараптамалық, ұйымдастыру-әдістемелік, консультациялық-диагностикалық, ғылыми-білім беру қызметті, соның ішінде телемедицина технологияларын қолдана отырып жүзеге асыру;

2) дәлелділік қағидаттарына негізделген, әлемдік медициналық ғылым мен практикасын қолдана отырып, диагностика және емдеудің жоғары технологиялық әдістерін әзірлеу, жетілдіру және енгізу;

3) жоғары білім беру орындарымен бірлесіп нефрология бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеуге, мамандарды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті жоғарлатуға қатысу;

4) статистикалық деректерді қалыптастыру және талдау жұмыстарына қатысу, сырқаттанушылық пен өлімнің өсу қарқынын тежейтін тетіктерді әзірлеу, пациенттерді бағдарламалық ГД-ге ауыстыру жағдайларын ай сайын клиникалық талдау арқылы ұйымдастыру;

5) медициналық көмек көрсету стандарттарын, КХ-ны әзірлеуге қатысу;

6) тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге дәрілік заттарды сатып алу көлемін қалыптастыру;

7) өңірде дәрілік заттардың тиімді қолданылуының тиімділігін бағалау және мониторингтеу;

8) медициналық жабдықтар мен бұйымдарды сатып алу туралы өтінімдерді қалыптастыруға қатысу;

9) бейіні бойынша медициналық көрсетілетін қызметтер тарифін қалыптастыруға қатысу.

7. Нефрологиялық көмек көрсететін МҰ-лар қызметтерінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

1) бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларын ерте анықтауға, асқынулардың өршуі мен дамуының профилактикалауға, сырқаттанушылықты емдеу және мүгедектік мен өлім жағдайларын азайтуға, БАТ-ты бастау мерзімін ұзартатын шараларды іске асыруды қоса алғанда, бүйрек функциясының жеткіліксіздігімен ауыратын пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;

2) бүйрек аурулары және зәр шығару функциясының бұзылушылықтары бар пациенттерге КХ-ға сәйкес медициналық көмек көрсету;

3) БЖЗ бастан өткерген, БСА G3-G5 сатыдағы, БАТ алатын, соның ішінде бүйректі транспланттаудан кейін пациенттерді есепке алу және динамикалық байқау;

4) БСА өршуінің профилактикасы мәселелері бойынша халыққа және денсаулық сақтау субъектілеріне ақпараттық-консультациялық, ұйымдастырушылық-әдістемелік және оқу-ағарту көмекті көрсету;

5) нефрология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу және оларды жүргізу, инновациялық технологияларды енгізу.

4-тарау. Медициналық көмек көрсетудің тәртібі

1-параграф. Амбулаториялық жағдайларда нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

8. Бүйрек аурулары және зәр шығару функциясының бұзылушылықтары бар пациенттерге медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК) жалпы практика дәрігерлері (отбасылық дәрігерлер), учаскелік терапевтер, педиатрлар, фельдшерлер, акушерлер, кеңейтілген практика (жалпы практика) мейіргерлері, учаскелік мейіргерлер, әлеуметтік жұмыскерлер, денсаулық сақтау саласындағы психологтар көрсетеді.

9. МСАК дәрігері бүйрек аурулары және зәр шығару функциясының бұзылушылықтары бар пациенттерге "Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32160 тіркелді) сәйкес медициналық көмек көрсетеді.

10. Бүйрек аурулары және зәр шығару функциясының бұзылушылықтары бар пациенттерге амбулаториялық жағдайларда "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 тіркелді) сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

11. Бүйрек аурулары және зәр шығару функциясының бұзылушылықтары бар, сондай-ақ БСА дамуының негізгі қауіп факторлары бар пациенттерге амбулаториялық жағдайда нефролог дәрігер көрсетеді.

12. Бүйрек аурулары және зәр шығару функциясының бұзылушылықтары бар пациенттерге медициналық көмекті бейінді мамандар көрсетеді, оған КХ-ға және осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес диагностика, емдеу, динамикалық байқау және пациенттердің жағдайын мониторингтеу кіреді.

13. МСАК дәрігерлерінің нефрологиялық көмек көрсетуі мыналарды қамтиды:

1) бүйрек зақымдануының белгілерін анықтау және КХ ұсынымдарына сәйкес аурулардың сатыларын, этиологиясын және белсенділік деңгейін анықтаумен клиникалық-диагностикалық зерттеулер жүргізу;

2) пациенттерді МЦЖ-да консультациялық-диагностикалық зерттеулерге жіберу;

3) "Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 тіркелді) сәйкес БСА-ның сатысына қарай өршуі мен асқынуларының профилактикасы, БСА даму қаупі бар топтарды анықтау, сондай-ақ бүйрек аурулары бар пациенттерді есепке алу және динамикалық байқау;

4) КХ-ға сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін МҰ-ларға емдеуге жатқызуға жіберу;

5) "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жағдайлары) бар жекелеген азаматтар санатын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық түрде қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 тіркелді) сәйкес бүйрек аурулары және зәр шығару функциясының бұзылушылықтары бар пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету және ұйымдастыру;

6) "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 тіркелді) сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу;

7) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 тіркелді) сәйкес мүгедектікті анықтау және белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау;

8) мониторингтеу, БАТ-тың уақтылы басталуы және пациенттер маршрутының сабақтастығын қамтамасыз ету үшін БСА С1-5 сатыдағы пациенттердің, барлық сатыдағы БЖЗ бар пациенттердің деректерін RIFLE бойынша МЦЖ-да тіркеу және үнемі енгізіп отыру.

14. Пациенттердің деректерін МЦЖ-ға тіркеу мынадай түрде жүзеге асырылады:

1) БСА G1-3а сатыдағы пациенттерді тіркеуді МСАК дәрігерлері жүзеге асырады;

2) БСА G3б-5 сатыдағы пациенттерді тіркеуді емхананың нефролог дәрігері жүзеге асырады.

15. Амбулаториялық жағдайларда нефролог дәрігер мыналарды жүзеге асырады:

1) МСАК дәрігерінің жолдауы бойынша бүйрек аурулары бар пациенттерге және олардың даму қаупі жоғары адамдарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

2) бүйрек аурулары бар пациенттерге динамикалық байқау;

3) БСА-ның өршуіне әсер ететін факторларды (артериялық гипертензия, минералды-сүйектік бұзылыстар, қантты диабет (бұдан әрі – ҚД), анемия, жүрек функциясының жетіспеушілігі) түзету, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімділігін бақылау және мониторинг жүргізу;

4) пациенттерді нефрология бөлімшелеріне (орталықтарына) консультацияға жіберу;

5) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес БЖЗ және БСА бар пациенттердің маршрутын ұйымдастыру және мониторинг жүргізу;

6) осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес көрсетілімдер бойынша БАТ-қа ауыстыруға қатысты қорытынды беру;

7) бүйрек аурулары мен оған аралас патология кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық және мүгедектік мәселелерін шешуде ұсынымдар беру;

8) бүйрек аурулары бар пациенттерді стационарлық немесе стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған емдеуге уақтылы жіберу;

9) бүйрек аурулары бар пациенттерді ағзаны алмастыратын емдеу әдістерін, оның ішінде ГД-ны, ПД-ны уақтылы жүргізу үшін жоспарлы түрде даярлау және одан әрі жолдау;

10) пациенттің терминалдық сатыдағы БСА-ның денсаулық жағдайын және қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін (инфекциялық аурулар, онкология, ауыр психикалық бұзылушылықтар) бағалау, донорлық бүйрек трансплантаттауына пациенттің көрсетілімдері расталған жағдайда, пациенттің деректері ықтимал реципиенттердің тіркеліміне енгізеді, мына өлшемшарттарға сәйкес:

клиникалық жағдайы, аурудың ауырлығы және негізгі гломерулярлық аурудың белсенділік деңгейін бағалау, коморбидтілік шкаласы, жүйелік уремиялық асқынулар;

БАТ ұзақтығы;

11) донорлық бүйректі трансплантаттау үшін көрсетілімдерді негіздеу КХ-ға сәйкес жүзеге асырылады. Ықтимал реципиенттердің тіркелімін жүргізу және қалыптастыру "Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21717 тіркелді) сәйкес жүзеге асырылады;

12) бүйректі трансплантаттаудан кейінгі пациенттерді қадағалап-қарау және жай-күйіне мониторинг жүргізу, трансплантат дисфункциясын КХ-ға сәйкес бағалау;

13) БСА-ның әртүрлі этиологиясындағы асқынулардың профилактикасы және емдеу, сондай-ақ БСА-ның өршуін азайтуға бағытталған нефропротективтік терапияның жаңа әдістерін практикаға енгізу;

14) пациенттің бекітілген жері бойынша МСАК дәрігерлерімен сабақтастық пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

15) бекітілген (қызмет көрсетілетін) халықтың арасында бүйрек аурулары бойынша статистикалық деректерді талдау және БСА 3-5 сатыдағы диспансерлік пациенттердің, оның ішінде БАТ алатын пациенттердің БСА цифрлық тіркелімін жүргізе отырып, есепке алу және есептік құжаттаманы жүргізу;

16) бүйрек аурулары туралы халықтың хабардарлығы және оларды ақпараттандыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

17) БСА бар пациенттерді амбулаториялық деңгейде қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған өтінімді дайындауға қатысу;

18) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының нысандарына сәйкес медициналық құжаттаманы ресімдеу және № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына сәйкес есептілікті ұсыну.

16. Коморбидті пациенттердегі күрделі дифференциалды-диагностикалық жағдайларда болжамды және емдеу-бақылау тактикасын анықтау мақсатында кемінде 3 (үш) дәрігердің, соның ішінде дәрігер-нефрологтың қатысуымен, сондай-ақ пациенттің коморбидтілігі ескеріле отырып құрылған МПТ мамандарын тарта отырып консилиум өткізіледі.

17. Бүйрек аурулары және зәр шығару функциясының бұзылушылықтары бар пациенттерді "Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 тіркелді) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығы) сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында (оның ішінде ғылыми ұйымдар, ұлттық ғылыми орталықтар мен институттарда) бейінді мамандармен көрсетілетін жоғары технологиялық емдеу әдістерін қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмек алу үшін жіберу ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде жүзеге асырылады.

2-параграф. Стационарды алмастыратын жағдайларда нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

18. "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 тіркелді) сәйкес бүйрек аурулары және зәр шығару функциясының бұзылушылықтары бар пациенттерге стационарды алмастыратын жағдайда мыналарды қамтитын медициналық көмек көрсетіледі:

1) медициналық көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың қарап-тексеруі, консультациясы, зертханалық және аспаптық зерттеп-қараулар;

2) бүйрек аурулары бар пациенттерді көрсетілімдер бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін стационарға емдеуге жатқызуды ұйымдастыру;

3) қажет болған жағдайда бүйрек аурулары бар пациенттерді амбулаториялық жағдайда емдеуге жолдау және оны мониторингілеу;

4) амбулаториялық жағдайда БАТ-ты жүргізу.

3-параграф. Бүйректі алмастыру терапиясын көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

19. Көп бейінді клиникалар құрамындағы ДБ және ДО шұғыл және жоспарлы тәртіппен мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

20. БАТ жүргізу мәселесін шешу үшін пациенттерді шұғыл және жоспарлы емдеуге жатқызу осы КХ-ға сәйкес тәулік бойы стационарда жүзеге асырылады.

21. БЖЗ бар пациенттерде қанды бүйректен тыс тазалауды шұғыл түрде жүргізуге көрсетілімдер, БЖЗ кезінде БАТ емшараларын жүргізудің жеткіліктілігінің өлшемшарттары, сондай-ақ ұзартылған БАТ әдістерін (ұзартылған вена-веналық ГДС, ұзартылған вена-веналық гемосүзгілеу, ұзартылған вена-веналық гемодиасүзгілеу, ұзартылған вена-веналық гемодиасүзгілеу) қолдануға көрсетілімдер КХ-ға сәйкес айқындалады.

22. L, E (RIFLE) сатыларында БЖЗ бар пациенттерді стационардан тәулік бойы бақылаумен стационарды алмастыратын жағдайлардағы БАТ-қа ауыстыру БСА және БЖЗ КХ-ға сәйкес жүргізіледі.

23. БЖЗ кезінде БАТ-ты КХ-ға сәйкес көрсетілімдер бойынша БЖЗ манифестациясынан бастап 90 (тоқсан) күнгі мерзімде БСА диагнозы анықталғанға дейін тәулік бойғы стационарда және стационарды алмастыратын жағдайларда жүргізіледі.

24. БЖЗ бар пациенттерді стационарлық жағдайдан стационарды алмастыруға ауыстырғаннан кейін бүйрек функциясын ай сайын мониторингтеу олар амбулаториялық және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін, бүйрек функциясы қалпына келгенге дейін КХ-ға сәйкес ДБ және (немесе) ДО жүзеге асырылады. Бүйрек функциясының бұзылу белгілері сақталған (күшейген) жағдайда пациент бағдарламалық БАТ-қа ауыстырылуға тиіс.

25. БСА С4-5 сатыдағы пациенттерді БАТ-қа жолдауды КХ өлшемшарттарына сәйкес нефролог дәрігер жүзеге асырады.

26. БЖЗ және БСА С5 сатыдағы пациенттерге шұғыл БАТ емшарасын жүргізу туралы шешімді КХ-ға сәйкес ДБ және (немесе) ДО нефролог дәрігер қабылдайды.

27. ДБ және (немесе) ДО-ның құрылымына қойылатын талаптар осы Стандартқа 4-қосымшада келтірілген.

28. БСА С5 сатыдағы пациентке БАТ-ты бастар алдында МСАК дәрігері немесе ДБ және (немесе) ДО дәрігері осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес БАТ түрлері туралы еске түсіретін нұсқаулық беріледі және осы Стандартқа 6-қосымшаға сәйкес диализдік пациенттің паспортының нысаны толтырылады.

29. ГД ДБ-да және (немесе) ДО-да стандартты түрде аптасына кемінде 12 (он екі) сағат жүргізіледі, КХ-ға сәйкес жеке пациентке бейімделген ГД модальділігі рұқсат етіледі.

30. ПД стационар деңгейінде үйде пациенттің өзі немесе оның көмекшісі тарапынан ДБ және (немесе) ДО, нефрология кабинетте нефролог дәрігерінің қашықтықтан мониторинг жүргізуі арқылы жүргізіледі. ПД бағдарламасы КХ-ға сәйкес ТАПД үшін тәулігіне стандартты 4 (төрт) алмастыру және АПД үшін кемінде 1 (бір) алмастыру жүргізіледі. Бүйрек функциясы сақталған пациенттерде – күніне 3 (үш) рет ГД жасалады.

31. БАТ алатын өңір пациенттерінің жай-күйіне мониторингті денсаулық сақтау басқармасының бас нефрологының бақылауымен ДБ және (немесе) ДО, нефрология кабинеті жүргізеді.

32. Вирустық гепатиттері бар пациенттерге диализдік көмекті ұйымдастыру ГД бөлімшелерінің мазмұнына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сәйкес болған кезде "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 тіркелді) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-96/2020) сәйкес жүзеге асырылады.

33. БАТ-қа көрсетілімдерді нефролог дәрігер басқа мамандықтағы дәрігерлермен бірге қояды, КХ-ға сәйкес пациенттің қадағалап-қарау тактикасы және БАТ модальділігін таңдау айқындалады.

34. ДБ-да және (немесе) ДО-да бағдарламалық, амбулаториялық диализге пациентті қабылдау гепатит С, В вирустарын зерттеу нәтижелері, гепатит В-ге қарсы вакцинация және (немесе) ревакцинация туралы мәліметтер болған жағдайда жүзеге асырылады.

35. ДБ және (немесе) ДО-дағы нефрологиялық көмек мыналарды қамтиды:

1) КХ-ға сәйкес БСА С5 сатыдағы, L, E (RIFLE) кластарымен БЖЗ бар пациенттерге БАТ жүргізу;

2) пациентті БАТ-тың қолжетімді түрлері туралы хабардар ету;

3) тамыр арқылы енгізуді қамтамасыз ету ГД-ні жүргізу үшін және ішкі қуыс диализі жүргізу үшін перитонеалдық катетерді ПД өткізу үшін импланттау (қайта импланттау) осы Стандартқа 7-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады;

4) БСА С4-5 сатыдағы пациенттерге ГД және ПД бағдарламасын әзірлеу, бүйрек асқынуларын жоспарлы түрде түзету және дайындық жүргізу;

5) БСА-ның барлық сатыларын диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша МҰ-ларға амбулаториялық жағдайда консультациялық көмек көрсету;

6) осы Стандартқа 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті реципиенттер тіркелімінде тұрған адамдарда бастапқы пациенттерді типтеу бойынша HLA жүйесі бойынша зерттеп-қарау және лейкоцитарлық антиденелер деңгейін мониторингтеу мақсатында ағзалардың әлеуетті реципиенттерінің тіркелімін қалыптастыруға және жүргізуге, сондай-ақ қан алуды қамтамасыз етуге қатысу.

36. ТАПД және (немесе) АПД амбулаториялық жағдайда үйде алатын пациенттер тұрақты клиникалық-диагностикалық зерттеп-қараудан өтеді, КХ-ға сәйкес ДБ және (немесе) ДО-да БСА асқынуларын түзету бойынша негізгі дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, шығын материалдарымен қамтамасыз етіледі.

37. Пациенттің жай-күйін және ТАПД және (немесе) АПД үйлесімділігін қадағалап қарауды, мониторингін КХ-ға сәйкес ДБ және (немесе) ДО-ның, нефрология бөлімшесінің нефролог дәрігері жүзеге асырады.

38. ТАПД және (немесе) АПД терапиясының асқынулары бар пациенттер тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызылады.

39. Көрсетілімдерді анықтау және бағдарламалық БАТ-қа ауысу, кезектен тыс ГД-ға және БАТ-қа қарсы көрсетілімдер КХ-ға сәйкес жүзеге асырылады.

40. Бүйрек зақымдануының преэклампсиясы болған кезде жүкті және босанған әйелдер көп бейінді стационарларға жатқызылады.

41. Нефролог-дәрігер бейінді мамандармен бірлесіп, операцияға реципиент пен донорды дайындауды жүзеге асырады, ал трансплантаттаудан кейінгі кезеңде реципиентті иммундық-супрессивтік терапия режимін түзету үшін нефролог-дәрігер маманы жүзеге асырады.

42. Бүйрек реципиентіне, тірі кезіндегі әлеуетті донорға немесе бүйректің әлеуетті реципиентіне, сонымен қатар тірі кезіндегі немесе қайтыс болғаннан кейінгі донордан трансплантаттау бойынша қызметтер № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

43. Бүйректі трансплантаттауда тұрған реципиенттердің күту парағын қалыптастыру және жаңарту терминалдық СЖС-ға әкелген бастапқы нозологияларды ескере отырып, медициналық, хирургиялық, иммунологиялық және психикалық-әлеуметтік аспектілерді ескере отырып, трансплантаттауға үміткерлердің жағдайын бағалау арқылы жүзеге асырылады. Өңірлік штаттан тыс нефролог өңірдегі реципиенттер тізімін жаңартады (3 айда 1 рет) және кейіннен деректерді РҚБТМҰ өңірлік трансплант-үйлестірушіге жібереді.

44. Ықтимал реципиенттерінің тіркеліміне енгізу негізі медициналық қорытынды және МПТ-ның дәрігерлері консилиумының шешімі болып табылады.

45. Донор мен реципиентті дайындау КХ-ға сәйкес нефролог дәрігерінің қадағалуымен МСАК дәрігері жүзеге асырады.

46. Бүйректі трансплантаттаудан кейін реципиентті шығарған кезде емдеуші дәрігер осы Стандартқа 9-қосымшаға сәйкес жадынама береді.

47. Реципиент шығарылғаннан кейін осы Стандартқа 10-қосымшада көрсетілген транспланттаудан кейінгі динамикалық байқау картасына сәйкес, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету кезінде, бекітілген жері бойынша нефролог дәрігердің, егер ол болмаған жағдайда, трансплантаттаудан кейін пациенттерді қадағалап-қарау бойынша дайындықтан өткен МСАК маманы байқауында болады. Уақтылы диагностика мен емдеуді қажет ететін асқынулар туындаған жағдайда, ол МҰ нефрология бөліміне жіберіледі.

48. Бүйректі трансплантаттаудан кейінгі динамикалық байқау мынаны қамтиды:

1) операциядан кейінгі кезеңде байқауды нефролог дәрігері, қажет болған жағдайда трансплантолог дәрігері және басқа да бейінді мамандарды тарта отырып жүзеге асырады;

2) иммуносупрессивті терапияны базалық препараттардың концентрациясын бағалау арқылы жекелендіру, трансплантаттың функционалдық жағдайын мониторингтеу, сондай-ақ бүйрек ауруы бойынша дәрігердің белгілеген кестеге сәйкес міндетті түрде визиттерді сақтау, осы Стандартқа 11-қосымшаға сәйкес жолдаманы толтыру, осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес қан алу алгоритмін сақтау;

3) донорға қатысты антиденелердің деңгейін анықтау.

49. Бүйректі ауыстырып салғаннан кейін реципиентті шығаруға бір апта қалғанда, иммуносупрессивті терапия препараттарымен қамтамасыз ету және № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарына сәйкес динамикалық байқауды ұйымдастыру үшін бекітілген жері бойынша алдын ала хабарлама жіберіледі.

50. Кальциневрин ингибиторларының (такролимус, циклоспорин) концентрациясын бақылауға арналған жіберу нысаны осы Стандартқа 12-қосымшада келтірілген.

51. Донор трансплантаттаудан кейін өмір бойы нефролог дәрігерінің бақылауында болады, содан кейін бүйректің функционалдық жағдайына бақылау жүргізу, осы Стандартқа 13-қосымшаға сәйкес трансплантаттың ультрадыбыстық зерттеуін жүргізу үшін динамикалық байқау жасалады.

52. БАТ-тың тиімділігі КХ-ға және осы Стандартқа 14-қосымшаға сәйкес негізгі көрсетілімдердің қол жеткізілген нысаналы деңгейлермен бағаланады.

53. Операциядан кейінгі кезеңде асқынулар болған жағдайда, реципиент ерте және кеш (гуморальдық және жасушалық) қабылдамаушылықтарды, инфекциялық асқынуларды түзету мақсатында КХ-ға сәйкес міндетті түрде нефрологиялық бөлімшеге емделуге жатқызылуы тиіс.

4-параграф. Стационарлық жағдайларда нефрологиялық көмекті көрсетуді ұйымдастыру тәртібі

54. Бүйрек аурулары және зәр шығару функциясының бұзылушылықтары бар пациенттерге мамандандырылған көмек көрсету үшін стационар деңгейінде меншік нысанына қарамастан, КХ-ға сәйкес зертханалық, аспаптық зерттеп-қараулар мен емдеу жүргізе отырып көп бейінді стационар құрамында нефрологиялық бөлімшелер (нефрологиялық төсектер) көзделген.

55. Аудандық, қалалық, облыстық деңгейлердегі, республикалық маңызы бар қалалардағы және ғылыми ұйымдардағы көп бейінді ауруханалар (балалар, ересектер) меншік нысанына қарамастан КХ-ға сәйкес БЖЗ және БСА бар пациенттерге арнайы емдеу әдістерімен (бағдарламалық ГД, ТАПД, АПД, ГДС, УС, экстракорпоралды гемотүзету) БАТ-ты көрсетеді.

56. Бүйрек аурулары және зәр шығару функциясының бұзылушылықтары бар, оның ішінде тәулік бойы стационар жағдайында БАТ жүргізуге мұқтаж пациенттерді жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу портал – Емдеуге жатқызу бюросы арқылы немесе жедел медициналық көмек желісі, өз бетінше жүгінуі бойынша және тұрғылықты жеріне және бекітілген жеріне қарамастан пациентті жеткізудің кез келген басқа да тәсілдері кезінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде жүзеге асырылады.

57. Стационар жағдайында мыналар жүргізіледі:

1) перитонеалдық катетерді импланттау (қайта импланттау);

2) осы Стандартқа 7-қосымшаға сәйкес, тамырлық протезді (аутовена, алловена, синтетикалық) пайдалана отырып нативті артерия-веналық фистула (бұдан әрі – АВФ) және АВФ жасау, стент-графт, баллонды ангиопластика;

3) бүйректі трансплантаттаудан кейін ересектер мен балалардағы трансплантаттаудан кезеңде оны жіті қабылдамау дағдарысы кезінде КХ-ға сәйкес БАТ және экстракорпоралдық гемотүзету әдістері жүргізіледі.

58. Шұғыл емдеуге:

1) бүйрек функциясының бұзылуы бірінші рет анықталған пациенттер (несепнәр 30 ммоль/л-ден астам, креатинин 300 мкмоль/л-ден астам, калий 6,5 ммоль/л-ден астам) немесе креатинин, несепнәр және қан калийі деңгейлерінің үдемелі өсуі, сондай-ақ осы көрсеткіштердің әрқайсысы оқшауланған (несепнәр өсімі тәулігіне 5 ммоль/л-ден астам, креатинин – 88-177 мкмоль/л-ден астам, калий – 0,5 ммоль/л-ден астам);

2) олигурия немесе анурия 24 сағаттан артық пациенттер;

3) бастапқы деңгейден 2 есе ШСЖ төмен пациенттер;

4) қан креатининінің 48 сағат ішінде 26 мкмоль/л-ге және (немесе) 7 (жеті) күн ішінде бастапқыдан 1,5 және одан да көп есе артқан (деректер болмаған кезде КХ-ға сәйкес негізгі креатининге бағдарлану) пациенттер;

5) 6 (алты) сағаттың ішінде кемінде 0,5 мл/кг/сағ диурезе болған пациенттер;

6) БСА пайда болған немесе асқынған кезде анамнезінде БЖЗ-ны бастан өткерген пациенттер;

7) бүйрек патологиясы бар жүкті, босанатын және босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер;

8) БСА-дан зардап шеккен, қанайналым жүйесі ауруларының (жіті коронарлық синдром, ырғақтың бұзылуы, созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі және басқа да өмірге қауіп төндіретін жағдайлар) прогрессивтік белгілері, жіті және созылмалы респираторлық аурулар, асқынған ҚД аурулары бар коморбидті пациенттер міндетті түрде ғылыми орталықтар мен көпбейінді клиникалардың мамандандырылған бөлімшелері;

9) тәулік бойы байқауды қажет ететін бүйрек аурулары аясында дамыған инфекциялар;

10) консервативтік терапияға, гиперкалиемияға, метаболикалық ацидозға резистентті пациенттер;

11) БСА С5 сатыдағы пациенттер, уақытша диализдік қолжетімділікті қалыптастыру және (немесе) тұрақты диализдік қолжетімділікті қайта қалыптастыру үшін жұмыс істемейтін диализдік қол жетімділігі бар БАТ алатын пациенттер;

12) "БСА" КХ көзделген жағдайларда жатқызылуы тиіс.

59. Бүйректің гломерулярлық зақымданулары бар пациенттер (нефротикалық синдром, амилоидоз, тромботикалық микроангиопатиялар, аутоиммундық аурулар, трансплантат дисфункциясы, метаболикалық бұзылыстар, белсенді зәр синдромы) диагноздың белсенділігін бағалау және морфологиялық верификациясы үшін (нефробиопсия – биопсия жасауға көрсетілімдер осы Стандартқа 15-қосымшаға сәйкес, гистохимиялық, иммунофлуоресценттік және электронды микроскопия жүргізумен), патогенетикалық базистік иммуносупрессивті терапияны таңдау үшін жоспарлы тәртіппен мамандандырылған нефрология бөлімшесіне емдеуге жатқызылады.

60. Пациент шығарылғаннан кейін оған қатысты ақпарат (актив) МЦЖ арқылы бекітілген жері бойынша МСАК ұйымына беріледі.

5-тарау. Нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын штат бірліктері мен медициналық бұйымдармен жарақтандырылуы

61. Амбулаториялық (нефролог кабинеті) және стационарлық (нефрология бөлімі, диализ бөлімі) жағдайларда нефрологиялық көмек көрсету үшін осы Стандартқа 16-қосымшада ұсынылған штат нормативтері келтірілген.

62. Көп бейінді ауруханалардың реанимация бөлімдері мен мамандандырылған стационарлардағы нефролог кабинетінің, бөлімдердің және (немесе) диализ орталығының, амбулаториялық ПД жүргізуге арналған емшаралық кабинеттің, экстракорпоральді гемотүзету залының медициналық бұйымдармен жарақтандырылуы осы Стандартқа 17-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1-қосымша

Пациенттердің жағдайын диагностикалау, емдеу, динамикалық байқау және мониторингтеу

1. Мақсаты: бүйрек зақымдануының әртүрлі себептері бойынша бүйректің созылмалы ауруының (бұдан әрі – БСА) G1-ден G4-ке дейінгі ерте сатыларын анықтау, кешенді нефропротективтік терапияны уақтылы жүргізу, бүйрек функциясының жетіспеушілігі өршуінің профилактикасы және диализге дейінгі кезеңді ұзарту.

2. Қауіп топтарындағы пациенттердің медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) жағдайында алғашқы қабылдау кезінде шумақтық сүзілу жылдамдығы (бұдан әрі – ШСЖе) және альбумин-креатинин қатынасын (бұдан әрі – АКҚ) анықтай отыра, нефролог дәрігерге тексеріп-қаралуы арқылы зерттеп-қарау мерзімі кемінде 5-7 күн.

3. БСА даму қаупі топтарын қалыптастыруды, профилактика мен емдеуді, сондай-ақ бүйрек аурулары бар пациенттерді есепке алуды және динамикалық байқауды МСАК мамандары нефрологтармен бірлесіп клиникалық хаттамаларға (бұдан әрі – КХ) сәйкес жүргізеді.

4. МСАК мамандары БСА даму қаупі бар топтағы пациенттерге жыл сайын "Ересектердегі БСА" КХ-ға сәйкес ШСЖе және АКҚ анықтай отыра, міндетті зерттеп-қарауды жүргізеді.

5. БСА-ның G4 (терминал алды) және G5 (терминалдық) сатылардағы пациенттерге, бүйректің жіті зақымдануын (бұдан әрі – БЖЗ) бастан өткерген пациенттерге, оның ішінде бүйректі алмастыру терапиясын (бұдан әрі – БАТ) алып жүрген пациенттерге динамикалық байқауды бекітілген жері бойынша нефролог дәрігер жүзеге асырады, ол болмаған жағдайда, бұл бақылауды жалпы практика дәрігері, терапевт немесе педиатр нефролог дәрігердің жетекшілік етуімен КХ-ға сәйкес жүргізеді.

6. Емхананың, нефрологиялық орталықтың немесе нефролог кабинетіндегі нефролог (ол болмаған жағдайда – МСАК маманы) БСА С4-5 сатыдағы пациенттерге БАТ-қа жоспарлы дайындық жүргізеді:

1) гемодиализ, перитонеалдық диализ, бүйректі трансплантаттау – БАТ уақтылы бастау және модальділікті таңдаумен медициналық қорытынды;

2) тұрақты диализдік қолжетімділікті (артерия-веналық фистула (бұдан әрі – АВФ), артерия-веналық протез, тұрақты немесе перманентті катетер, перитонеалдық катетер) қалыптастыру үшін бейінді хирургқа консультацияға жолдама беру;

3) пациенттерді БАТ-қа психологиялық тұрғыдан дайындау.

БСА С5 сатысы немесе БЖЗ анықталған жағдайда, пациент шұғыл түрде диализ бөлімшелеріне және (немесе) диализ орталықтарына жолданады.

7. Бүйрек қызметі жіті бұзылуымен және БСА С4-5 сатылары алғаш рет анықталған пациентті МСАК нефролог дәрігері нефрология бөлімшесіне және (немесе) тәулік бойғы стационар жағдайында диализ бөліміне жолдайды.

8. МСАК дәрігері нефрологтың ұсынымы бойынша БСА С4-5 сатыдағы және БЖЗ бар пациенттерге КХ-ға сәйкес жоспарлы БАТ-қа дайындықты жүргізеді.

9. Амбулаториялық жағдайда бүйректің функционалдық жай-күйін динамикалық байқау мен мониторингтеуді емханадағы нефролог дәрігер "Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 тіркелді) бұйрықпен бекітілген аурулар тізбесіне сәйкес бұрыннан қойылған диагнозы бар немесе алғаш рет анықталған патологиясы бар пациенттерге жүргізеді, соның ішінде:

1) бастапқы гломерулярлық аурулар;

2) екінші дәрежелі гломерулярлық аурулар (жүйелік автоиммундық аурулар кезінде, парапротеинді нефропатиялар, жүйелік амилоидоз, онконефрология);

3) тамырлық және метаболикалық аурулар кезіндегі БСА (артериалдық гипертензия, диабеттік нефропатия, ишемиялық нефропатия);

4) БЖЗ;

5) бүйректердің экзо- және эндогендік токсиндерден зақымдануы;

6) тромботикалық микроангиопатиялар;

7) жалғыз бүйрек;

8) преэклампсия және эклампсиядан кейінгі жағдай;

9) БЖЗ бастан өткергеннен, контраст-индуцирленген нефропатиядан кейінгі жағдай;

10) трансплантаттаудан кейінгі бүйрек функциясын бағалау және мониторингтеу;

11) зәр шығару жүйесі дамуындағы туабіткен ақаулары;

12) бүйректің түтікше-интерстициальдық аурулары;

13) тұқым қуалайтын бүйрек аурулары.

10. МСАК дәрігері немесе нефролог БАТ алып жүрген пациенттердің жағдайын диализаралық кезеңде КХ-ға сәйкес бақылайды, сондай-ақ көрсетілімдер бойынша төмендегі іс-шараларды жүргізеді:

1) АВФ ультрадыбыстық допплерография жылына кемінде 1 рет, ал АВФ дисфункциясы, тромбозы немесе инфекциялануы жағдайында – шұғыл түрде жүргізіліп, кейін ангиохирургтың консультациясы ұйымдастырылады;

2) КХ-ға сәйкес сүйектердің денситометриясы (көрсетілімдер бойынша);

3) хирург-эндокринолог консультациясымен бірге қалқансерікбездерінің УДЗ (көрсетілімдер бойынша);

4) кардиолог консультациясымен бірге жылына кемінде 1 рет эхокардиограмма;

5) өкпеқап қуыстарын УДЗ (көрсетілімдер бойынша);

6) ішперде қуысы ағзаларының УДЗ жылына кемінде 1 рет;

7) эзофагогастродуоденоскопия (көрсетілімдер бойынша);

8) вирустық инфекцияға (вирустық гепатит В, вирустық гепатит С, адамның иммунтапшылық вирусы-инфекциясы) иммуноферменттік талдау арқылы оң нәтиже анықталған жағдайда инфекционисттің және (немесе) гепатологтың консультациясы.

Қазақстан Республикасында
нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша

Жіті бүйрек зақымдануы және созылмалы бүйрек ауруы бар пациенттің маршрутын ұйымдастыру және мониторингтеу

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

БСА – бүйректің созылмалы ауруы

БАТ – бүйректі алмастыру терапиясы

МСАК – медициналық-санитариялық алғашқы көмек

ФАП – фельдшерлік-акушерлік пункт

ЖПД – жалпы практика дәрігері

ШСЖ – шумақтық сүзілу жылдамдығы

АВФ – артерия-веналық фистула

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 3-қосымша Нысан

Бүйректі алмастыру терапиясына ауыстыру туралы нефрологтың қорытындысы

Медициналық ұйым (бұдан әрі – МҰ) атауы ________________________________

Мекенжайы ____________________________________________________________

Облыс _______________ Қала ________________ Аудан __________________

Пациент туралы ақпарат

1. Пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі

_____________________________________________________________________

2. ЖСН_______________________________________________________________

3. Үйінің мекенжайы, байланыс телефондары ______________________________

4. Бекітілген медициналық санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК)

_______________________________________________

5. МҰ-ға келіп түсті: МСАК жолдамасы бойынша жоспарлы түрде, өз бетінше

жүгінуі, шұғыл (қажеттісінің астын сызу)

6. Диагноз:

А) Негізгі: ________________________________________________________

Б) Негізгі ауруының асқынуы: бүйректің созылмалы ауруы (бұдан әрі – БСА) 4/5

саты:

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

В) Қосарласқан аурулар:

_____________________________________________________________________

7. Ауырған күні: ___________________________________________________

8. Жүгінген күні: ____________________________________________________

9. Салмағы ______, кг; жасы ______, жылдар; жынысы______; креатинин

деңгейі________________________________________________________________

Шумақтық сүзілу жылдамдығы (бұдан әрі – ШСЖ) ______ мл/мин;

Бүйректі алмастыру терапиясы (бұдан әрі – БАТ) басталған сәттегі тәуліктік диурез

көлемі _________________________________________

10. БАТ-ты жоспарлы бастау үшін көрсетілім болуы (қажеттісінің астын сызу):

1) ШСЖ ≤ 6 мл/мин;

2) ШСЖ <10 мл/мин – уремияның бір және одан көп симптомдары болған кезде:

бақыланбайтын гипергидратация және ісіну, бақыланбайтын гипертензия, нутритивті

мәртебенің және қышқылдық-негіздік жай-күйдің прогрессивті бұзылуы;

3) ШСЖ ≤ 20 мл/мин – қаупі жоғары пациенттерде (бақыланбайтын ісіну, диабеттік

нефропатия және нефротикалық синдром кезінде, жүрек фракциясы төмен,

коморбидтік жай-күйі бар пациенттер);

4) 30 ммоль/л жоғары қан сарысуындағы несепнәр және/немесе ШСЖ 5 мл/мин / 1-73

м2-ден төмендеуі (қант диабетімен ауыратын науқастарда 20 мл /мин 1,73 м2-ден

төмен); рН капиллярлық қанның 7,2-ден стандартты бикарбонаты 20 ммоль / л-дан

төмен, буферлік негіздердің тапшылығы аз – 10 ммоль/л гиперкалиемия 6,5 ммоль/л

жоғары;

5) анурия 24 сағаттан асады.

11. Шұғыл алмастырушы бүйрек терапиясы үшін көрсетілімдердің болуы

(қажеттісінің астын сызу):

1) қан сарысуының несепнәрі 30 ммоль/л жоғары, ШСЖ төмендеуі <5 мл/мин (қант

диабеті пациенттерінде – ШСЖ кезінде <10 мл/мин);

2) 6,5 ммоль/л жоғары түзетілмейтін гиперкалиемия;

3) анурия пациенттерде 12-24 сағаттан артық;

4) ми мен өкпенің ісінуі түріндегі қауіпті клиникалық көріністер, уремиялық

коматозды немесе комоматозды жай-күй, уремиялық энцефалопатияның, уремиялық

перикардиттің, плевриттің, уремиялық қанау синдромының, тұрақты құсудың,

эритропоэтиндермен емдеуге келмейтін уремиялық генез анемиясының,

диуретиктерге, анасарктарға төзімді жаппай ісінулердің, дене салмағының біртіндеп

төмендеуінің клиникалық көріністері. Барлық жағдайлар зертханалық және аспаптық

мәліметтермен расталады;

12. БАТ-тың түрі (қажеттісінің астын сызу):

гемодиализ; аптасына 3 рет/ аптасына 2 рет/ аптасына 1 рет;

перитонеалдық диализ;

бүйректі трансплантаттау;

Барлық жағдайлар зертханалық және аспаптық деректермен расталады.

13. Пациент денсаулық сақтау басқармасы бекіткен ДБ/ДО тізімімен танысты:

Иә/Жоқ (қажеттісінің астын сызу)

14. Пациент таңдаған ДБ/ДО атауы: ___________________________

МҰ бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары ТАӘ (ол болған жағдайда)

_________________(қолы)

Нефролог дәрігердің ТАӘ (ол болған жағдайда) _______________________ (қолы)

М.О. толтырылған күні 20 ____ ж. "___" _____ .

Ескертпе: қорытынды МЦЖ-ға тіркеледі

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

ДБ/ДО – диализ бөлімшесі/диализ орталығы

ммоль/л – литріне миллимоль

МЦЖ – медициналық цифрлық жүйе

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 4-қосымша

Диализ бөлімшесінің және (немесе) орталығының құрылымына қойылатын талаптар

1. Диализ залы (бір диализ орнына кемінде 7 м2)

2. Емшара кабинеті

3. Ерітіндерді және суды дайындау үйжайы

4. Қойма (диализ ерітінділерін, таблетка түріндегі тұзды және шығын материалдарын сақтауға арналған)

5. Бас мейіргердің кабинеті (дәрі-дәрмек шкафы бар)

6. Дәрігер кабинеті

7. Персоналдың демалыс бөлмесі

8. Пациенттерге арналған гардероб

9. Персоналға арналған дәретхана

10. Пациенттерге арналған дәретхана

11. Санитариялық бөлме (құрал-жабдықтарды сақтауға, дезинфекциялық құралдарды дайындауға арналған)

12. Медициналық қалдықтарды уақытша сақтау бөлмесі

Суды тазарту жүйесі және диализ концентратын дайындау:

1. Су тазарту жүйесі алдын ала тазарту жүйесінен, кері осмос жүйесінен және тазартылған суды тарату жүйесінен тұрады.

2. Тазартылған суды тарату жүйесінде тұйық жүйенің болуына жол берілмейді.

3. Су құбыры жүйесі орналасқан орынжайға күннің сәулесі түспеуі керек.

4. Су тазарту жүйесіне арналған орынжайға қойылатын талаптар зауыт-өндірушінің ұсыныстарына сәйкес болуы қажет.

5. Тазартылған су өндірісі (бұдан әрі – Пермеат) су тазарту жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты "Гемодиализге арналған су" ҚР СТ талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

6. Су тазарту көрсеткіштерін бақылау күнделікті Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты "Гемодиализге арналған су" ҚР СТ талаптарына сай жүргізіледі.

7. Су тазарту жүйесі 2б класты медициналық құралдарға жатады. Жыл соңына дейін су тазарту жүйесіне техникалық қызмет көрсету шарты мен құжатталған техникалық қызмет есебі болуы тиіс.

8. Гемодиализге арналған концентрленген ерітінділердің дайындалуы Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты "Гемодиализ және оған байланысты терапияға арналған концентраттар" ҚР СТ талаптарына сәйкес болуы тиіс. Диализдік ерітінділерді дайындау үшін тазартылған суды СТ РК "Гемодиализге арналған су" ҚР СТ стандартына сәйкес өндіру қамтамасыз етіледі.

9. Кіші операция залдарының жұмысы "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 тіркелді) сәйкес ұйымдастырылады.

10. Диализдік қолжетімділік қалыптастыру кезінде БСА G4-5 сатыдағы пациент маршрутының сызбасы, диализдік енгізу түрлері және олардың қамтамасыз етілу талаптары осы қосымшадағы сызба мен кестеде көрсетілген.

Диализдік қолжетімділік қалыптастыру кезіндегі бүйректің созылмалы ауруының (бұдан әрі – БСА) G4–5 сатыдағы пациенттің маршрутының сызбасы:

Кесте. Диализдік жолмен енгізу түрлері және олардың қамтамасыз етілу талаптары

Диализдік жолмен енгізу түріҚолдану ауқымыМедициналық көмектің көрсетілу жағдайларыАрнайы маман
Тамыр арқылы енгізу уақытша – тұрақты енгізуге дейін қолданылатын екі (үш) қуысы бар гемодиализ катетеріБЖЗ бар балалар мен ересектер, токсикология, БСА G5 сатыдағы емдеудің бастапқы кезеңіндегі пациенттерСтационарлық, стационарды алмастыратын (манипуляциялық бөлме болған жағдайда)"Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)", "Нефрология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша сертификаты бар, БАТ кезінде тамыр арқылы енгізу курсын өткен маман
Тамыр арқылы енгізу тұрақты: екі каналды туннельдік перманентті катетер жиналмалы, манжеті бар, сыртқы бөлігі зақымданған жағдайда ауыстыру мүмкіндігіменДиализдік жолмен енгізу тұрақты (АВФ, АВ-графт, перитонеалдық жолмен енгізу) мүмкін болмаған жағдайда, БСА G5 сатыдағы пациенттерСтационарлық бөлімше, интервенциялық рентген-хирургия бөлімшесі"Анестезиология және реаниматология (ересек, балалар)", "Ангиохирургия (ересек, балалар)" сертификатына ие маман
Тамыр арқылы енгізу тұрақты: артерия-веналық фистуланың модификацияларыБСА G5 сатыдағы пациенттерСтационарлық, стационарды алмастыратын құрылымдар (кіші операциялық залы болған жағдайда)"Ангиохирургия (ересек, балалар)" мамандығы бойынша сертификаты бар маман
Тамыр арқылы енгізу тұрақты: аутовена немесе жасанды материалды пайдалана отырып, тамырды протездеу (АВ-графт)БСА G5 сатыдағы, төмен қан қысымы бар, перифериялық тамыр желісі нашар дамыған пациенттер (диабеті барлар, дене салмағы 20-30 кг аралығындағы балалар, егде жастағы пациенттер), сондай-ақ тромботикалық асқынуларға немесе атеросклеротикалық тамыр зақымдалуларына бейім адамдарСтационарлық"Ангиохирургия (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша сертификаты бар маман
АВФ немесе АВ-графттағы баллондық вазодилятация, ангиопластика және тромбоэкстракцияБСА G5 сатыдағы тромбоз, стеноз тиімді қан ағымының жеткіліксіздігі салдарынан бастапқы немесе қайталама АВФ немесе АВ-графттың дисфункциясы бар пациенттерСтационарлық"Ангиохирургия (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша сертификаты бар маман
Перитонеалдық катетерді импланттау, қайта импланттау немесе алып тастауПеритонеалдық диализ жүргізуге көрсетілімдер бар БСА G5 сатыдағы, пациенттерСтационарлық"Жалпы хирургия" мамандығы бойынша сертификаты бар маман

Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы

БСА – бүйректің созылмалы ауруы

БАТ – бүйректі алмастыру терапиясы

ШСЖ– шумақтық сүзілу жылдамдығы

ТАПД – тұрақты амбулаториялық перитонеалдық диализ

АПД – автоматты перитонеалдық диализ

ОВК – орталық веналық катетер

ДБ – диализ бөлімшесі

ДО – диализ орталығы

БЖЗ – бүйректің жіті зақымдануы

АВФ – артерия-веналық фистула

АВ – артерия-веналық

АҚ – артериалдық қысым

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 5-қосымша

Бүйректің созылмалы ауруының (бұдан әрі – БСА) G4-5 сатыдағы пациенттерге арналған жадынама

Құрметті пациент!

Сізге БСА _______ сатысы диагнозы расталды. Бұл жағдай бүйректеріңіздің қызметі толық емес екенін көрсетеді және алдағы уақытта Сізге өмір сапасын жақсарту үшін бүйректі алмастыратын терапия қажет болады. Бүйректі алмастыру терапиясына (бұдан әрі – БАТ): гемодиализ (бұдан әрі – ГД), перитонеалдық диализ (бұдан әрі – ПД) және бүйректі трансплантаттау жатады.

Гемодиализ – бұл қанды "Жасанды бүйрек" деп аталатын арнайы аппарат көмегімен тазартатын ем әдісі.

Перитонеалдық диализ – бұл іш қуысына орнатылған арнайы катетердің көмегімен диализ ерітіндісімен шығару арқылы қанды тазарту әдісі. Бұл емшараны өз бетінше, үй жағдайында орындауға болады.

Бүйректі трансплантаттау – донордан алынған сау бүйректі (тірі кезіндегі немесе мәйіттік донор) реципиенттің іш қуысының төсасты аймағына орнатып салу операциясы. Донор бүйрегін ауыстырып салу пациентке толққанды өмір сүруге және әлеуметтік қайта бейімделуге мүмкіндік береді.

БАТ жүргізудің өз ерекшеліктері мен әртүрлі асқынулардың даму қаупі бар, осы туралы дәрігер Сізге толық ақпарат береді.

Қойылған қағидаларды ұстану арқылы қауіпті жағдайларды азайтып, емдеу нәтижесін жақсартып, өміріңіздің ұзақтығы мен сапасын арттыруға болады:

1. Емдеуді бастағанға дейін:

1) нефролог дәрігер Сізге емдеу қағидаттарын жеңіл түсінікті етіп түсіндіріп, емдеу әдісін таңдауда еркіндік береді, сонымен қатар Сіздің өңірдегі гемодиализ орталықтары және (немесе) бөлімшелері туралы толық және нақты ақпарат ұсынады.

2) Өзіңіз бекітілген емханадан В және С гепатиттеріне талдаулар тапсырылады, қажет болса В гепатитіне қарсы вакцинация жүргізіледі; В және (немесе) С гепатиті анықталған жағдайда толық зерттеп-қараудан өтуге және қажет болса вирусқа қарсы ем алу үшін емхана дәрігері Сізді инфекционист дәрігерге (немесе гепатологқа) жібереді;

3) диализ орталығының дәрігеріне В және С вирусты гепатиттері бойынша зерттеп-қарау нәтижелерін, В гепатитіне қарсы жүргізілген вакцинация туралы құжаттарды және ЖИТС-инфекциясына жасалған зерттеулердің қорытындыларын ұсыну қажет;

4) Сізге қол тамырларын ультрадыбыстық зерттеу әдісімен тексеру жүргізіледі;

5) тізбе бойынша қажетті талдауларды тапсырғаннан кейін (олардың жарамдылық мерзімі шектеулі) және диализ бөлімшесінің немесе орталығының тамыр хирургінің кеңесімен (емдеуге жатқызуға арналған ұсыныстары бар қорытынды), медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігерінің жолдамасы бойынша, емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы Сізді ауруханаға жатқызады және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тамыр арқылы енгізу операциясын жасайды (артерия-веналық фистула немесе шунт, уақытша және (немесе) тұрақты катетерді орнату, перитонеалдық катетер). Операциядан кейін екі-үш апта ішінде фистула қалыптасады, бұл емшараларды қабылдауға дайын екендігін білдіреді.

Егер шұғыл емдеуді бастау қажет болса (калийдің кенеттен жоғарылауы, ісінудің күшеюі, улану, бақылаусыз қан қысымы), Сіз нефролог дәрігерге хабарласасыз (байланыс деректері ақпараттық келісімнің соңында көрсетілген), ол өміріңізді сақтап қалу үшін әрі қарайғы шараларды қабылдауға шешім қабылдайды.

2. Емдеу барысы жайлы ақпарат:

1) гемодиализ аптасына 3 рет, әрбірі 4 сағаттан – аптасына 12 сағат жасалады. Емдеуші дәрігеріңіз Сізге жеке емдеу бағдарламасын құрып береді, соны ұстанып емделіңіз (белгіленген емшараларды жіберіп алмаңыз!);

2) ПД күнделікті, күніне 3-5 рет ерітіндімен шығару режимімен өткізіледі;

3) медициналық персонал емшараларды асептика және антисептика қағидаларын сақтай отырып жүргізеді;

4) зерттеп-қарау және емдеу қолданыстағы КХ-ға және осы Стандартқа сәйкес жүргізіледі;

5) диализ аралығындағы кезеңде Сізге сұйықтық қабылдау режимін (сұйықтық мөлшерін дәрігеріңіз белгілейді) және диетаны (дәрігер ұсынған) қатаң сақтауыңыз қажет.

6) ай сайын емдеуші дәрігеріңіз гемодиализ емшарасының тиімділігін адекваттылық индексі (Kt/v) бойынша бағалап отырады. Бұл көрсеткіш диализ уақытын есепке ала отыра, гемодиализге дейінгі және одан кейінгі несепнәрдегі қан талдауларының нәтижелері негізінде арнайы формула арқылы есептеледі (айына кем дегенде 1 рет). Бұл көрсеткіш орташа есеппен 1,2–1,3-тен төмен болмауы тиіс.

7) перитонеалдық диализ емшарасы кезінде емдеуші дәрігеріңіз ай сайын терапияның тиімділігін апталық Kt/V индексі бойынша бағалайды -кемінде 2,0 болуы тиіс, ал қажет болған жағдайда іш қуысының жағдайын бағалау үшін тест (әр 6 ай сайын) жүргізіледі.

8) Сізде диализ пациентінің төлқұжатының болуы тиіс (бүйректің созылмалы ауруының G4-5 сатыдағы пациентке арналған жадынаманың қосымшасы);

9) Сіз әр айдың соңында шығару (ауруханадан шығардағы үзінді көшірме) түпнұсқалары, сондай-ақ зерттеулер мен консультациялардың барлық нәтижелерінің көшірмелері және (немесе) түпнұсқаларын алуға заңды құқығыңыз бар және көшірмелерін бекітілген емханаңыздағы дәрігерге тапсыра аласыз.

10) Сіз бекітілген емханада кемінде 6 айда 1 рет тұрақты түрде тексеріле аласыз, нәтижелердің көшірмесін сұрауға құқылысыз.

3. Бүйректі ауыстыруға арналған күту парағына жазылу туралы ақпарат:

1) Сіздің емдеуші дәрігеріңіз жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бүйректі трансплантаттау бағдарламасына қатысуға жарамдылығыңыз туралы қорытынды шығарады;

2) Сізде қарсы көрсетілімдер анықталмаса, емдеуші дәрігеріңіздің таныстыратын тізбесі бойынша күту парағына қою жүзеге асырылады;

3) ықтимал реципиенттерді тіркеліміне енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім өңірдегі мультипәндік мамандар тобының қорытындысы ретінде рәсімделеді;

4) 18 (он сегіз) жастағы және одан үлкен, әрекетке қабілетті, реципиентпен генетикалық байланыстағы және (немесе) онымен тіні үйлесетін, ағзасын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін) одан әрі трансплантаттау үшін алуға жазбаша нотариат куәландырған келісімін білдірген адам ағзаның (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) тірі кезінде доноры бола алады;

5) 18 (он сегіз) жастағы және одан үлкен, миының біржола семуі расталған, ағзалары (ағзасының бөлігі) және (немесе) тіні (тінінің бөлігі) реципиентке трансплантаттау үшін пайдаланылуы мүмкін адам қайтыс болғаннан кейінгі донор болуы мүмкін.

6) ықтимал реципиенттерді тіркеліміне жазылу Сіз барлық қажетті зерттеулер тізбесінен өткеннен кейін және трансплантаттау бойынша Транспланттауды және жоғары технологиялық көрсетілетін медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығынан жазбаша хабарлама алынған кезде ғана жарамды болады.

7) күту парағында Сізге реципиент мәртебесі тағайындалған кезде, HLA-антигендерін (тіндердің үйлесімділік гендерін) анықтау үшін бір рет қана қан талдауын, ал трансплантаттың сәтті қабылдануына әсер ететін лейкоцитарлық антиденелерді анықтау және мониторингілеу үшін әр 3 ай сайын қан талдауларын өткізесіз.

8) жеке басын куәландыратын құжаттары, медициналық құжаттаманың көшірмелері (үзінді көшірмелер, талдау және зерттеу нәтижелері), киім-кешек, ауыстырылатын аяқ киім және жеке гигиена заттарының жиынтығы бар жол сөмкесін алдын ала дайындап, қолжетімді жерде орналастырыңыз. Егер Сізді трансплантаттау орталығына шұғыл емдеуге жатқызу үшін шақыратын жағдай туындаса, ұялы телефоныңызды және тіркеу кезінде көрсеткен туысыңыздың телефонын өшірмей, тәулік бойы тұрақты қолжетімділік аймағында ұстаңыз.

Барлық сұрақтар бойынша емдеуші дәрігеріңізге, Диализ орталығының басшысына және (немесе) Бөлімше меңгерушісіне, сондай-ақ бас нефрологқа хабарласыңыз. Жоғарыда аталған тұлғалардың барлық байланыс ақпаратын емдеуші дәрігеріңізден аласыз.

Жадынамен таныстым

____________________________________ пациенттің ТАӘ (ол болған жағдайда)

_______________________ қолы

____________________________________ Заңды өкілінің ТАӘ (ол болған жағдайда)

(қажеттілік туындағанда)

_______________________ қолы

Ақпаратты ұсынған _________________________ дәрігердің ТАӘ

(ол болған жағдайда)

__________қолы

Күні ____________________

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 6-қосымша

Диализдік пациенттің төлқұжаттық нысаны

Тегі
Аты
Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Туған күні
ЖСН
Бағдарламалық диализды бастау күні
Қан тобы және резус фактор
Дәрі-дәрмектерге аллергиялық реакциялар (көрсету қажет)
АХЖ-10-да көрсетілген негізгі диагноз
Қосарласқан диагноз
Тұрғылықты мекенжайы және байланыс деректері
Жақын туысы немесе байланысуға болатын адам, қамқоршының тұратын мекенжайы мен байланыс деректері
Диализ орталығының мекенжайы мен телефоны
Диализ орталығы дәрігерінің байланыс деректері
Тамыр арқылы енгізу туралы ақпарат (АВФ-ның, тұрақты катетердің, перитонеалдық катетердің орналасуы)
Пациенттің қабылдайтын негізгі дәрі-дәрмектер тізімі

Ескертпе: диализдік терапия алатын әр пациентте әрдайым, ақпараты бар осы төлқұжат болуға тиіс.

Пациенттің жағдайы өте ауырлығы (естен танып, бағдарсыз күйде немесе еріп жүретін адамсыз) анықталған жағдайда, төлқұжатта көрсетілген байланысуға болатын тұлғаларға дереу хабарласып, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыра отырып, алғашқы көмек көрсетілуі тиіс.

Қатаң түрде тыйым салынады !!! АВФ-пен қан қысымын өлшеуге және қолыңызға инъекция жасауға болмайды.

Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы

ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

АХЖ-10 – 10-шы қайта қараудағы аурулардың халықаралық жіктемесі

АВФ – артерия-веналық фистула

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 7-қосымша

Тамыр арқылы енгізуді қамтамасыз ету және диализді жүргізу үшін перитонеалдық катетерді импланттау/қайта импланттау

Диализдік жолмен енгізу түріҚолданылу аясыМедициналық көмек көрсету шарттарыБейінді маман
Тамыр арқылы енгізу уақытша – гемодиализ үшін екі (үш) люменді катетер, тұрақты енгізу жасалғанға дейін.Жіті бүйрек зақымдануы бар, токсикология, БСА G5 сатыдағы балалар мен ересек пациенттер емнің бастапқы кезеңіндеСтационарлық, стационарды алмастыру (манипуляциялық бөлме болған жағдайда)"Анестезиология және реаниматология ересектер, балалар", "Ересектер, балалар нефрологиясы" мамандығы бойынша сертификаты бар және БАТ-та тамыр арқылы енгізуді қалыптастыру бойынша оқу курсын өткен маман
Тамыр арқылы енгізу тұрақты: екі каналды туннельдік перманентті катетер жиналмалы, манжеті бар, сыртқы бөлігі зақымданған жағдайда ауыстыру мүмкіндігіменБСА G5 сатыдағы пациенттер, тұрақты диализдік енгізу (АВФ, АВ-графт, перитонеалдық енгізу) мүмкін болмаған жағдайдаСтационарлық, интервенциялық рентген-хирургия бөлімі"Анестезиология және реаниматология ересектер, балалар", "Ангиохирургия ересектер, балалар" сертификаты бар маман
Тамыр арқылы енгізу тұрақты: АВФ өзгертулерменБСА G4-5 сатыдағы пациенттерСтационарлық"Ересек және балалар ангиохирургиясы" мамандығы бойынша сертификаты бар маман
Тамыр арқылы енгізу тұрақты: (АВ-графт) аутвенаны немесе жасанды материалды пайдалана отырып тамырды протездеуБСА G5 сатыдағы, төмен АҚ бар, шеткершілік аймақтағы тамыр желісі жеткіліксіз дамыған (диабеті барлар, дене салмағы 20-30 кг балалар, егде жастағы пациенттер), тромбоздық асқынуларға немесе тамырлардың атеросклеротикалық зақымдануына бейім адамдарСтационарлық"Ересектер мен балалардың аңгиохирургиясы" мамандығы бойынша сертификаты бар маман"
Баллондық вазодилатация, ангиопластика, тромбоэкстракция АВФ немесе АВ-графтттыңБСА G5 сатыдағы, тромбоздану, стеноздану, тиімді қан ағынының жеткіліксіздігі салдарынан біріншілік, екіншілік АВФ немесе АВ-графтттың дисфункциясы бар пациенттерСтационарлық"Ересек және балалар ангиохирургиясы" мамандығы бойынша сертификаты бар маман
Перитонеалдық катетерді импланттау, қайта импланттау немесе алып тастауБСА G5 сатыдағы және перитонеалдық диализ жүргізу қажеттігі бар пациенттерСтационарлық"Жалпы хирургия" мамандығы бойынша сертификаты бар маман

Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы

БСА – бүйректің созылмалы ауруы

БАТ – бүйректі алмастыру терапиясы

АВФ – артерия-веналық фистула

АҚ – артериалдық қысым

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 8-қосымша

Ағзалардың ықтимал реципиенттерінің тіркелімін қалыптастыру және жүргізу

1) емхананың немесе кабинеттің нефролог дәрігері (ол болмаған жағдайда – медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) маманы) бүйректі трансплантаттау жасалған пациенттердің (бұдан әрі – бүйрек реципиенттері) өңірлік дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;

2) реципиентті ауруханадан шығару кезінде, Трансплантаттау орталығы оны тұрақты тұрғылықты мекенжайы бойынша әрі қарай бақылау мен зерттеп-қарау жүргізу мақсатында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті денсаулық сақтау басқармаларына хабарлама жолдайды;

3) емхананың немесе кабинеттің нефролог дәрігері (болмаған жағдайда – МСАК маманы) жыл сайынғы қаңтардың 10-ына дейін өңірлік трансплант-үйлестірушіге Транспланттауды және жоғары технологиялық көрсетілетін медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы трансплантатталған пациенттердің тізімін ұйым бойынша ұсынуы тиіс, бұл өңір бойынша біріктірілген тізімді жасау және донорға қатысты спецификалық антиденелерді анықтау бойынша қаражатты бюджетке енгізу үшін қажет.

4) емхананың немесе кабинеттің нефролог дәрігері (ол болмаған жағдайда — МСАК маманы) реципиенттерді тоқсан сайын бекітілген Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қан алу графигіне сәйкес қан тапсыру үшін өңірлік қан орталығына жолдайды (лейкоцитарлық донорға тән антиденелерді анықтауға арналған жолдама нысаны осы Тәртіптің 1-қосымшасында көрсетілген);

5) өңірлік қан орталығы тоқсан сайын қан үлгілерін HLA-зертханасына жеткізеді;

6) HLA-зертханасының маманы иммунологиялық зерттеу жүргізіп, оның нәтижелерін донорлар мен реципиенттерді есепке алудың медициналық цифрлық жүйесінің дерекқорына енгізеді, сондай-ақ емхананың немесе кабинеттің нефролог дәрігеріне (ол болмаған жағдайда – МСАК маманына) жолдайды.

НЫСАН

Лейкоциттік антиденелерді анықтауға жолдама Направление на исследование лейкоцитарных антител

Зерттеу әдісі (кестеде белгілеу) (Метод исследования (отметить в таблице)):

№Ағзалық трансплантаттау және/немесе ГДЖ трансплантаттау үшін зерттеу түрі(Вид исследования для органной трансплантации и/или трансплантации ГСК)Белгі(отметка)
1Ағындық цитофлуориметрия әдісімен cарысу үлгісінде HLA-антиденелердің болуын анықтау (Определение наличия HLA-антител в образце сыворотки методом проточной цитофлуориметрии)□
2Ағындық цитофлуориметрия әдісімен сарысу үлгісіндегі 1 және 2 класты HLA-антиденелерінің ерекшелігін анықтау (Определение специфичности HLA-антител 1 и 2 класса в образце сыворотки методом проточной цитофлуориметрии)□
3Ағындық цитометрия (PRA) әдісімен HLA- антиденелерімен сарысудың сенсибилизация пайызын анықтау (Определение процента сенсибилизации сыворотки HLA-антителами методом проточной цитометрии (PRA))□
4ИФА (Elisa test) әдісімен сарысу үлгісіндегі сенсибилизация деңгейін - HLA антиденелерінің пайызын анықтау (Определение уровня сенсибилизации-процента HLA-антител в образце сыворотки методом ИФА (Elisa test))□

Бастапқы үлгінің түрі/вид первичного образца: Ұйығыш активаторы бар қан (кровь с

активатором свертывания)

Медициналық ұйым атауы (Наименование медицинской организации)___________

Бөлімше (Отделение) ____________________________________________________

Зерттеп-қаралушының ТАӘ (ФИО обследуемого) ____________________________

Туған күні (Дата рождения) ____________________________

Ұлты (Национальность) _______________________________

Мекенжайы, телефон (Домашний адрес, телефон) ____________________________

Диагнозы (Диагноз):

1. Негізгі (Основной): ___________________________________________________

2. Қосарласқан (Сопутствующий):

Аутоиммунды аурудың болуы: ___________________________________________

(Наличие аутоиммунного заболевания)

Қантты диабеттің болуы: ________________________________________________

(Наличие сахарного диабета)

Трансплантаттау анамнезі (Трансплантационный анамнез):

3. Трансплантаттау күні (Дата трансплантации): ___________________

4. Донордың HLA фенотипі (HLA фенотип донора): A __ __ B __ __ DR __ __ Cw __

__ DQ __ __ DP__ __

5. Трансплантаттауды өткізу орны (Место проведения трансплантации): ________

6. Трансплантатэктомия күні (Дата трансплантатэктомии): ____________________

Гематрансфузиялық анамнез (Гемотрансфузионный анамнез):

7. Тромбоциттер құю саны (Количество переливаний тромбоцитов) _____________

құю күндері (даты переливаний) _________

Акушерлік aнамнез (Акушерский анамнез):

8. Жүктілік саны (Количество беременностей) ___: босану саны (родов)___ түсік саны

(абортов) ____

Жүргізілген десенсибилизациялық терапиялар (Проведенные десенсибилизирующие

терапии):

9. Ритуксимабты енгізу күні (көктамырішілік иммуноглобулиндер, антиципаторлық

глобулиндер)

(Дата введения ретуксимаба (внутривенные иммуноглобулины, антиципаторные

глобулины):

_______________________________________________________________________

10. Плазмаферезді жүргізу күні (Дата проведения плазмофореза) _______________

Басқалары (Прочее):

11. ЦМВ мәртебесі (ЦМВ статус): __________________________________________

12. Иммуносупрессивті терапия (күні, ұзақтығы): _____________________________

Иммуносупрессивті терапия (дата/продолжительность)

Қан тобы мен резус-факторы (Группа крови и резус-фактор)____________________

ҚЖТ лейкоциттердің жалпы саны (Количество лейкоцитов в ОАК) ______________

Бластты жасушалардың жалпы саны (Количество бластных клеток) ______________

Емдеуші дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы мен мөрі_______________________

(Фамилия, имя, отчество, подпись и печать лечащего врача)

Жауапты тұлғаның байланыс телефоны (Контактный телефон ответственного лица):

____________________

Қан үлгісін алған мейіргер ТАӘ ____________________________________________

(ФИО медсестры проводивщий забор крови)

Үлгінің алынған күні (Дата забора образца ) ___________________

Үлгінің алынған уақыты (Время забора образца )______________________________

Ескертпе

(Примечание)_________________________________________________________

1-ден 1 парақ Стр 1 из 1

*** жолдамаға жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесін қоса тіркеу қажет.

необходимо прилагать к направлению копию удостоверения личности или

свидетельство о рождении

Реципиентті зерттеп-қарау тізімі мен жиілігі

Міндетті зерттеулерЗерттеулердің жиілігіҚосымша зерттеулер
Қанның жалпы талдауыүйге шығарылғаннан кейін екі апта ішінде: аптасына 1 рет келесі үш ай ішінде: екі аптада бір рет" деп аударылады. келесі бір жыл ішінде: айына бір рет Операциядан кейінгі 1-2 жыл ішінде: әр 3 айда бір рет (жиілігі әрбір жеке жағдайға байланысты анықталады) Өмір бойы әр 6 айда бір ретҚСК зерттеуі
Несептің жалпы талдауыПаратгормон Прокальцитонин
Жалпы ақуызды, жалпы билирубинді, холестеринді, несепнәрді, несепқышқылды, альбуминді, креатининді, глюкозаны, калийді, натрийді, кальцийді, магнийді, фосфорды, С-реактивті ақуызды, жалпы холестеринді және оның фракцияларын анықтауА, М, G кластарындағы иммуноглобулиндер. Т- және В-лимфоциттердің субпопуляцияларының санын анықтау. Зәрдегі Декои- жасушаларды анықтау
АСТ, АЛТ және сілтілі фосфатазаның белсенділігін анықтау.Креатинин деңгейі бастапқы деңгейден 30%-дан жоғарылаған жағдайда трансплантаттың биопсиясы
Есептелген ШСЖ, күнделікті ақуыз жоғалтуТрансплантаттың радиоизотопты ренографиясы
Циклоспорин А (такролимус) С0 базалық концентрациясы және ИС - С2 қабылдағаннан соң 2 сағаттан кейінгі күйі.Остеоденситометрия
Бүйрек трансплантатының тамырларын УЗДГ, транспланттың , қуықты УДЗТрансплантаттың динамикалық сцинтиграфиясы
ХҚҚ, фиброген есептеуі бар ІБТУҒ. ПУОперациядан кейінгі алғашқы 6 ай ішінде әр 3 айда бір рет 1 жыл ішінде әр 6 айда бір рет, одан кейін көрсеткіштерге байланысты
ЭКГ Кеуде қуысы ағзалары рентгенографиясы1 жыл ішінде – әр тоқсан сайын 1 рет және көрсеткіштерге байланысты; өмір бойы – жылына 1 рет және көрсеткіштерге байланыстыКөрсеткіштер бойынша компьютерлік томография
ИФА әдісімен Candida albicans, ЦМВ, герпес вирусы, полиомавирус, парвовирус, В және С вирусты гепатиттері, АИТВ-инфекциясы, сифилиске қарсы қанның IgG және IgM антителерін анықтау
Донорға тән лейкоцитарлық антиденелерді анықтауТрансплантаттаудан кейінгі 1 жыл ішінде әр 3 айда бір рет, одан кейін: негативті жағдайда жылына 1 рет позитивті жағдайда әр 3 айда 1 ретДонорға тән лейкоцитарлық антиденелерді анықтау

Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы

ГДЖ – гемопоэздік дің жасушалары

ҚЖТ – қанның жалпы талдауы

ҚСК – қышқылдық-сілтілік күй

АСТ – аспартатаминотрансфераза

АЛТ – аланинаминотрансфераза

ШСЖ– шумақтық сүзілу жылдамдығы

УЗДГ– ультрадыбыстық допплерография

УЗИ – ультрадыбыстық зерттеу

ІБТУ – ішінара белсендірілген тромбопластин уақыты

ПТУ – протромбин уақыты

ХҚУ– халықаралық қалыпқа келтірілген қатынас

ЭКГ – электрокардиограмма

ЦМВ – цитомегаловирус

АИТВ-инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусының-инфекциясы

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 9-қосымша

Бүйректі трансплантаттаудан кейін пациентке жадынама (брошюра)

Қандай жағдайларда емдеуші дәрігерге дереу жүгіну керек?

1) Температура 38°-ден жоғары көтерілген жағдайда және жалпы әлсіздік кезінде.

2) Трансплантат аймағында ауырсыну, ісіктер және тығыздықтың пайда болуы.

3) Ауыстырып салынған бүйрек жағындағы аяқтың ісінуі.

4) Зәр мөлшерінің күрт төмендеуі немесе күніне 1 кг-нан артық салмақ қосу.

5) Зәр шығару кезіндегі ауырсыну.

Дәрігерге бару жиілігі:

үйге шығарылғаннан кейін 2 апта ішінде: аптасына 1 рет,

келесі 3 ай ішінде: 2 аптада 1 рет,

келесі жыл ішінде: айына 1 рет,

операциядан кейін 1-2 жыл ішінде: үш айда 1 рет (жиілік әрбір жеке жағдайға байланысты),

өмір бойы-6 айда 1 рет.

Дәрігерге барған кезде тексерулер тізбесі:

жалпы қан талдауы және иммуносупрессанттардың дозасын тексеру;

кеуде қуысының шолу рентгенографиясы;

қан талдауы (жалпы, креатинин) ;

жалпы несеп талдауы;

радиоизотоптық диагностика: әдетте операциядан соң 3 айдан кейін немесе дәрігердің нұсқауымен;

креатинин клиренсі: пациенттің әр кіріп- шығуында және жыл сайын есептік түрде (балалар үшін CKD-EPI немесе Шварц формулалары бойынша);

бүйректің қызметі мен күйін анықтау үшін жыл сайынғы қарап- тексеру қажет (гепатит пен вирустарға талдаулар, эндоскопия, рентген).

Бауыр қызметін, холестерин барын, қандағы қантты бағалау үшін дәрігерге барған сайын қан талдауы алынады. Қанды аш қарынға тапсырған жөн, талдау нәтижелеріне байланысты иммуносупрессанттардың дозасы түзетіледі.

Күнделік жазбаларын жүргізу (1-4 кестелер). Ауруханадан үйге шығарылғаннан кейін пациент күнделік жүргізеді және оны бақылау үшін дәрігерге немесе мейіргерге қабылдау кезінде ұсынады.

Пациенттің күнделігіне төмендегілер кіреді:

1. Белсенділік параметрлері. Күніне бір рет таңертең, бір уақытта дене температурасын, пульсті, қысымды өлшеп, жазу керек.

2. Салмақ. Күн сайын таңертең тамақтанар алдында дене салмағын өлшеп, жазып отыру керек. Өлшеу алдында міндетті түрде зәр шығару керек, әрқашан бірдей жеңіл киімде және бірдей таразыда өлшену керек.

3. Дәрілік препараттарды қабылдау.

Әрбір дәрі түрін қабылдау, кальциневрин ингибиторларының концентрация деңгейі және дозалау өзгерістері пациенттің күнделігіне тіркеледі, бұл күнделік әрбір ауруханаға барған сайын медициналық персоналға тексеру үшін беріледі.

Дәрігер жаңа дәріні тағайындаған жағдайда, ол пациенттің күнделігіне енгізіледі.

Күнделікте тағайындау, доза және қабылдау уақыты көрсетіледі.

Саяхат кезінде пациент әрқашан өзімен бірге иммунодепрессанттар мен басқа да қабылдайтын дәрілерін алып жүруі тиіс.

4. Қабылдамау

Қабылдамау әдеттегі суық тиген сияқты басталады, сондықтан организмдегі кез келген өзгерістерге мұқият назар аударыңыз. Уақыт өте келе қабылдамау ықтималдығы азаяды, бірақ бұл қабылдамау қаупінің толығымен жоғалмағанын білдірмейді

Қабылдамаудың белгілері:

температураның 37,5°C жоғары болуы (қолтық асты арқылы өлшеу);

зәр көлемінің азаюы, зәрдің түсінің өзгеруі;

дене салмағының артуы (күн сайын 1 кг немесе апта сайын 2 кг);

қан қысымының жоғарылауы;

трансплантат аймағында ісіну және ауырсыну;

шаршау.

Қабылдамаудың ерте кезеңінде алдын алу үшін дәрігердің барлық ұсыныстарын орындау қажет, күн сайын өз жағдайыңызға өзіңіз бақылау жасап, тұрақты медициналық диагностикадан өтіп тұруыңыз керек.

Инфекцияның алдын алу:

1. Иммунитеттің төмендеуі.

Операциядан кейін қабылдамаудың алдын алу үшін пациент иммунитетті төмендететін иммуносупрессанттарды қабылдайды, олардың саны мен дозасы операциядан кейінгі алғашқы бірнеше айда, қабылдамау процесінің ықтималдығы ерекше жоғары болған кезде, салыстырмалы түрде жоғары болады. Иммуносупрессанттардың үлкен мөлшері жаңа бүйректің тіршілік етуіне және қызметіне оң әсер етеді, бірақ сонымен бірге пациенттің иммунитетін төмендетеді, сондықтан алғашқы 3 айда пациент инфекциядан сақтануы керек.

2. Бүйрек трансплантаттаудан кейінгі жиі кездесетін инфекция түрлері:

Цитомегаловирустар: жоғары температураны, қатты әлсіздікті тудыратын вирустық ауру, өкпе немесе асқазан-ішек жолдары жұқтырылады, өкпенің қабынуы мүмкін.

Герпес қарапайым: ерінде немесе ауыз қуысында бөртпе тудыратын жиі кездесетін вирустық ауру. Вирусқа қарсы препараттармен оңай емделеді.

Герпес зостер: вирустық ауру, денеде, баста, қолда, аяқта және т.б. бөртпелер түрінде көрінеді, вирусқа қарсы препараттармен емдеуге болады.

денедегі, бастағы, қолдардағы, аяқтардағы және т.б. бөртпелерді вирусқа қарсы препараттармен емдеуге болады.

Пневмония: вирустар мен бактериялар тудыратын бүйректері ауыстырып салынған пациенттерде жиі кездесетін ауру. Айқын белгілері бар бұл ауруға өте мұқият болу ұсынылады, дәрі-дәрмектерді қабылдау арқылы емдеуге рұқсат етіледі.

Аденовирус: жалпы суықтың себебі.

3. Инфекцияның алдын алу үшін:

операциядан кейін 3 ай бойы үйден тыс жерде міндетті түрде маска кию керек;

адамдар көп жиналатын орыннан және жұқпалы аурулары бар адамдармен байланыс жасаудан аулақ болу қажет;

операциядан кейінгі алғашқы айларда топырақпен, өсімдіктермен, жануарлармен, кішкентай балалармен байланыста болмау керек;

егер жөтел, температура, құсу немесе іш өту пайда болса, дереу Трансплантаттау орталығымен хабарласу крек. Егер құсу препаратты қабылдағаннан кейін пайда болса, оны емдеуші дәрігермен алдын-ала кеңескеннен кейін қайта қабылдау қажет;

қабылдамау процестерін емдеу ауруханада жүзеге асырылады, осы кезеңде пациент иммуносупрессанттардың көп мөлшерін қабылдайды, сондықтан инфекциядан ерекше сақ болу керек. Әдетте, 10 күнтізбелік күннен кейін пациенттің жағдайы жақсарады;

жаралар мен сызаттар алған кезде дереу дәрігерге қаралып, соққы орнын дезинфекциялап, ол туралы емдеуші дәрігерге хабарлау қажет;

ауыз қуысы инфекцияның негізгі таралу орындарының бірі болып табылады, сондықтан тіс дәрігеріне үнемі барып, ауыз қуысын тазартып отыру қажет;

әдеттегі іріңді бөртпелер мен құлақтағы қабыну процестері пайда болған жағдайда, міндетті түрде дәрігерге жүгіну керек, өз бетіңізше ем қабылдауға болмайд;

паицент қолын таза ұстау керек, онымен байланыста болған пациенттің отбасы мүшелері де әрқашан қолдарын таза ұстаулары қажет;

аптасына кемінде 3 рет душ қабылдап, іш киімді жиі ауыстыру қажет;

операциядан соң 6 айдан кейін жыл сайын тұмауға қарсы екпе алу керек.

Ауруханаға дереу баруды талап ететін қауіпті жағдайлар:

зәрдің көлемі азайып немесе түсі кола түстес болып өзгерді;

зәр шығару кезінде ауырсыну, жағымсыз иістер немесе зәр шығаруға жиі шақырулар;

денеде ісіну немесе салмақтың артуы (күн сайын 1 кг, аптасына 2 кг);

артериялық қысымның кенеттен көтерілуі (егер диастолалық (төменгі) қысым 100 мм.сын. бағ. жоғары болса);

жөтел немесе ентігу;

құсу, іш өту, іш ауруы, нәжісте қанның пайда болуы.

Тамақтану

1. Тамақтануды бақылауда ұстау – бүйрек трансплантаттаудан кейін пациенттің салауатты өмір салтының міндетті шарты. Тамақтанудың мақсаты – қалыпты салмақты, қалыпты қан қысым деңгейін сақтау, холестерин мен қандағы қант деңгейінің көтерілуін алдын алу.

2. Қалыпты салмақты ұстап тұру. Әр таң сайын оянғаннан кейін, зәр шығарған соң, жеңіл киіммен және сол бұрынғы таразыда салмақты өлшеу; зәр арқылы токсиндерді шығарудың арқасында денсаулықтың жақсаруы, тәбетіңіздің артуы; майлы тағамдарды аулақ болу және артық тамақтанбау қажет; тамақтану тәртібін сақтап, дене жаттығуларын жасау керек.

3. Орташа салмақ пен семіздік дәрежесін есептеу: орташа салмақ (кг) = {бой (см) - 100} x 0,9;

Семіздік дәрежесі (%) = {салмақ (кг) / орташа салмақ (кг)} x 100..

4. Семіздік дәрежесі: жеткіліксіз салмақ, қалыпты, артық салмақ, семіздік, артық семіздік.

5. Тұзсыз диета:

1) қабылданатын тұз, соя соусы, соя пастасы мөлшерін азайту;

2) тұздалған қиярды, кимчиді, тұзды салаттарды, сельдьті пайдаланудан аулақ болу;

3) сублимделген лапшаның ұнтақты қоспаларын, сосискаларды, шұжықтарды тұтынбау;

4) химиялық тағамдық қоспалары бар өнімдерді тамаққа қоспау;

5) көже, сорпаларды көп мөлшерде қолданбау.

6. Холестерин мен жануар майларын шектеу.

7. кальций мөлшері көп өнімдерді тұтыну (сүт және сүт өнімдері, құрғақ анчоус, тофу);

8. іш қатудың алдын алып, сонымен қатар холестерин мен липидтердің көбеюін болдырмайтын қажетті мөлшерде талшықты тұтыну

9. тағам өнімдерінің гигиенасын қадағалауда ұстау. Үйден тыс тамақтанғанда, инфекциялық аурулар (дизентерия, тамақ уланулары) тараған жағдайда қоғамдық тамақтану орындарына барудан бас тарту қажет.

10. Алкогольді ішу және темекі шегуге мүлдем қатаң тыйым салынады, дәрігер тағайындамаған биологиялық белсенді қоспалар мен витаминдерді қабылдау ұсынылмайды.

Дәрілік құралдарды қабылдау.

1. Дәрілік препараттарды қабылдау пациент үшін өте маңызды, емдеуші дәрігердің нұсқауларын қатаң сақтау және әрбір дәрінің әсері, қолдану тәсілдері, жанама әсерлері туралы жақсы білу қажет.

2. Иммуносупрессивті құралдардың дозасы түзетілуі мүмкін, бірақ оларды өмір бойы қабылдау қажет.

3. Иммуносупрессанттарды қабылдау және олардың дозасы әрдайым талдаулар нәтижелеріне байланысты түзетіледі. Доза анықталғаннан кейін иммуносупрессорлық препараттарды қабылдау дозасы туралы Трансплантология орталығына міндетті түрде қоңырау шалып, кеңес алу қажет.

4. Операциядан кейін 6 ай бойы саңырауқұлаққа қарсы препараттарды қабылдау қажет.

5. Дәрілік заттарды қабылдауды тоқтатуға жол берілмейді. Құсу салдарынан қабылдау мүмкін болмаса, міндетті түрде дәрігерге көрініп, оның нұсқауларын орындау керек.

6. Қабылдау кезінде қалған препараттардың санын білу міндетті және жетіспейтін дәрілерді алдын ала жазып алу қажет.

7. Дәрігердің рұқсатынсыз тұмауға қарсы немесе асқазан-ішек жұмысына әсер ететін дәрілерді қолданбау керек.

Өмірлік белсенділікті қалпына келтіру.

1. Спортпен шұғылдану пациенттің қалыпты салмағы мен денсаулығын сақтау үшін қажет.

2. Сол уақытта бүйректі трансплантаттау жасалған жерге зақым келтірмеуге абай болу керек.

3. Операциядан кейін 6 ай бойы ауыр заттарды көтеруге болмайды.

4. Операциядан кейін 10 жыл бойы буындарға жүктеме түсіретін жарақат алу қаупі жоғары спорт түрлерінен аулақ болу керек.

5. Кәсіби қызметке қайта оралу уақыты пациенттің мамандығына және дәрігермен кеңесуден кейін анықталады.

6. Алкогольді ішу және темекі шегуге қатты тыйым салынады.

7. Іш қатудың алдын алу маңызды, нәжістің түсіне ерекше көңіл бөлу қажет. Қара немесе қызыл түсті нәжіс ішек аурулары немесе асқазан мен он екі елі ішектің жарасының белгісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге кеңес сұрау қажет.

8. Жыныстық қатынасқа түсуге болады, алайда (әйелдер үшін) жүктілік операциядан кейін кемінде 2 жыл өткен соң және дәрігердің алдын ала консультациядан кейін ғана ұсынылады.

9. Әрбір 6 айда офтальмолог пен стоматологтың бақылауынан өту қажет, бұл үшін дәрігердің алдын ала жолдамасы қажет емес. Әйелдерге ай сайын етеккір аяқталғаннан кейін 1 апта ішінде өз бетімен сүт бездерін зерттеліп-қаралып тұру ұсынылады, сондай-ақ әр 6 ай сайын гинекологқа қаралу қажет.

10. Преднизолон қабылдаған кезде бетте немесе кеудеде безеу пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жиі жуыну және душ қабылдау ұсынылады, ауыр жағдайларда дерматологқа қаралу қажет.

11. Ұзақ уақыт күн астында болудан аулақ болыңыз, далаға шыққанда бетті күннен қорғайтын крем жағып, бас киім кию керек.

12. Басқа ауруханаға баруға мәжбүр болған жағдайда, міндетті түрде дәрігерлерге бүйректі трансплантаттау және қабылдап жатқан дәрілер туралы хабарлау қажет, сондай-ақ күнделік пен зерттеу нәтижелерін бірге алып жүру керек.

1-кесте. Стационардан шыққаннан кейін препараттарды қабылдау уақытын бөлу

Препараттың атауы және қабылдау уақытыҚабылдау уақытыескертпе
таңертеңкүндізкешке
тамаққа дейінтамақтан кеінтамаққа дейінтамақтан кейінтамаққа дейінтамақтан кейінұйықтар алдында

2- кесте. Параметрлерді өз бетімен жазу

КүніКөрсеткіштер
ҚысымПульсТемператураСалмақГлюкозаЗәр көлеміІшкен сұйықтық көлемі

3 -кесте. Иммуносупрессанттарды қабылдау уақыты

КүніУақытыҚабылданатын препараттар
Доза

4- кесте. Зерттеу нәтижелері

КүніТалдау нәтижелері
Қан креатининыҚанның жалпы талдауыБилирубин, АЛТ, АСТ

Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы

АЛТ – аланинаминотрансфераза

АСТ – аспартатаминотрансфераза

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 10-қосымша

Трансплантаттаудан кейінгі реципиентті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету барысында динамикалық байқау картасы

________________________ ТАӘ (ол болған жағдайда) бақылау парағы, _______

(туған күні), үйінің мекенжайы, байланыс телефондары ______________________,

трансплантаттау күні_______, ел, ________облыс (қала) ______емхана________

№КөрсетілімдерЗерттеу күін
1.Салмағы, кг
2.Доза _____________
3.Доза _____________
4.Доза _____________
5.Концентрация С0
6.Концентрация С2 (көрсеткіштер бойынша)
7.АҚ (қысым), мм. сын. бағ.
8.Гемоглобин, г/л
9.Күнделікті ақуыз жоғалту, г/л (көрсеткіштер бойынша)
10.Қанның жалпы ақуызы, г/л
11.Қан креатинины, мкм/л
12.Қандағы несепнәр, ммоль/л
13.Қандағы қант, ммоль/л
14.Билирубин, моль/л
15.АЛТ, АСТ, бірл.
16.Зәрдің жалпы талдауы
17.трансплантат мөлшері (УДЗ), см
18.трансплантат көлемі, см3
19.Ri (бүйрек артериясы)

Дәрігердің ТАӘ (ол болған жағдайда) __________

Дәрігердің байланыс телефондары _________________

Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы

АД – артериялық қысым

АЛТ – аланинаминотрансфераза

АСТ – аспартатаминотрансфераза

УЗД – ультрадыбыстық зерттеу

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 11-қосымша

Иммуносупрессанттардың концентрациясын анықтауға арналған жолдама нысаны

___________________________________________

(Жолдама берген медициналық ұйымның атауы)

Зертханаға________________________

(Ұйымның толық атауын көрсету керек)

Реципиенттің қан үлгісі жіберіледі: ТАӘ(ол болған жағдайда) , туған күні

___________________________________________________,_________ж.т.

Үйінің мекенжайы:________________________________________________

Диагноз:_________сырқатнама тарихы № (амбулаториялық картадан)_____

Иммуносупрессант концентрациясын анықтау үшін ____________________

С0/Та0_______________ С2/Та0_______________

Препаратты қабылдау уақыты ________________

Қан алу уақыты С0 ( С2) /Та0 (Та2)– ______с ______мин,

Қан алған мейіргердің тегі ____________________

Күні ______________ Жіберілген уақыты________________

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 12-қосымша

Иммуносупрессанттардың концентрациясын анықтау үшін қан алу алгоритмі

Егер пациент Циклоспорин/Такролимус/Эверолимус қабылдаса, препараттың қан деңгейін анықтау күні ол препаратты қан алудан 12 сағат ± жарты сағат бұрын қабылдауы керек. Пациент препарат қабылдағаннан кейін 11,5 және 12,5 сағат аралығында препарат деңгейін анықтау үшін қан тапсыруы керек. Егер пациент ұзақ әсер ететін Такролимус препаратын қабылдаса (күніне бір рет қабылдауға арналған): қандағы препарат деңгейін анықтау күндері пациент препаратты қан алудан 20-24 сағат бұрын қабылдауы керек. Қан үлгісі алынғаннан кейін ғана препараттың келесі дозасын қабылдау керек.

1. Алдын ала Қан орталығына жолдаманы рәсімдеу, вакутейнерге жазба жазу және қан алу уақытын көрсету.

2. Иммуносупрессантты қабылдауға 15 минут қалғанда пациент тамақ ішуі керек.

3. Иммуносупрессантты қабылдау алдында (қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң) "трансплант" белгісі бар қызғылт қақпақты вакутейнерге пациенттен белгіге дейін қан алу.

4. Қанды вакутейнер ішінде "қабырға бойымен" жайлап араластыру.

5. Екі пробирканы да Қан орталығының зертханасына жеткізу үшін курьерге тапсыру.

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 13-қосымша Нысан

Трансплантаттың ультрадыбыстық зерттеуі

Медициналық ұйымның атауы___________________________

Реципиенттің ТАӘ (ол болған жағдайда): _________________Жасы ______

Трансплантат өлшемі _____ см х ____ см х _____ см

Трансплантат көлемі: ______ см3

Контурлары: анық, анық емес, тегіс, тегіс емес.

Бүйрек құрылымдарының дифференциациясы: айқын, айқын емес.

Паренхима: _____________________________________________________

Паренхима эхогенділігі:____________________________ Аваскулярлы аймақ:

______________ см, Пирамидалар: __________см,: _______

Тостағанша- түбекше жүйесі: _____________ см

Трансплантаттағы қан ағымының жылдамдық көрсеткіштері:

Спектрді алу деңгейСистолалық жылдамдық, см/секДиастолалық жылдамдықсм/секРезистенттілік индексі
Паренхима (үлестік артериялар)
Сегменттік артериялар
Бүйрек артериясының негізгі діңінің дистальды бөлігі

Паранефралды аймақ: ___________________________________________

_______________________________________________________________

Қорытынды: ____________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

______________________________

Дәрігердің ТАӘ (ол болған жағдайда) _____________ қолы____________

күні__________

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 14-қосымша

Бүйректі алмастыру терапиясының тиімділігі (диализ бөлімі мен (немесе) диализ орталығының (гемодиализ, перитонеалдық диализ) көмек көрсету сапасының индикаторлары)

ГД және ПД бағдарламалық қызметтерінің сапасын бағалау үшін медициналық ұйымның ай сайынғы, тоқсандық және жартыжылдық есебі кестесінің нысаны

1. Сарысулық альбумин

Сарысулық альбумин, г/лПациенттердің саны
<3535-40>40Жиынтығы
Қаңтар-Маусым,%
Шілде-Желтоқсан,%

Бұл өлшемшартқа диализ емін жаңадан бастаған (3 айдан аз) пациенттер кірмейді. 35 г/л төмен альбуминнің 6 айлық өлшемінің орташа көрсеткіші 25% аспауы тиіс.

2. Гемоглобин

Гемоглобин, г/лПациенттердің саны
<100100-120>120Жиынтығы
Қаңтар- Маусым,%
Шілде- Желтоқсан,%

Гемоглобиннің 6 айлық өлшемінің орташа көрсеткіші ЭПО препараттарын тағайындағанда 100-115 г/л шегінде болуы тиіс, бұл ретте гемоглобин деңгейі 100 г/л-ден төмен пациенттердің саны 20%-дан аспауы тиіс. Бұл өлшемшартқа диализ емін жаңадан бастаған (3 айдан аз) пациенттер кірмейді.

3. Фосфор

Фосфордың деңгейі, ммоль/л (мг/дл)Пациенттердің саны
<1,13 (<3,5)1,13-1,78 (3,5-5,5)>1,78 (>5,5)>2,1 (>6,5)Жиынтығы
Қаңтар- Маусым,%
Шілде- Желтоқсан,%

Фосфордың 6 айлық өлшемінің орташа көрсеткіші 1.13 -1.78 ммоль/л шегінде болуы тиіс, бұл ретте фосфор деңгейі 1.78 ммоль/л - ден жоғары пациенттер саны 40% - дан аспауы тиіс, оның ішінде фосфор деңгейі 2.1 ммоль/л-ден жоғары-20%. Бұл өлшемшартқа диализ емін жаңадан бастаған (3 айдан аз) пациенттер кірмейді.

4. Жалпы кальций

Иондалған кальцийдің деңгейі, ммоль/лПациенттердің саны
<2,152,15-2,5> 2,5Жиынтығы
Қаңтар-Маусым,%
Шілде-Желтоқсан,%

Жалпы кальцийдің 6 айлық өлшемдерінің орташа көрсеткіші 2,15 – 2,5 ммоль/л құрайды, бұл ретте осы диапазоннан жоғары немесе төмен жалпы кальций деңгейі бар пациенттердің саны 35%-дан аспауы керек. Бұл өлшемшартқа диализбен емдеуді жаңа бастаған (3 айдан аз) пациенттер кірмейді.

5. Интактілік Паратгормон (иПТГ)

иПТГ деңгейі, пмоль/лПациенттердің саны
<150150-300> 300 -600> 600Жиынтығы
Қаңтар- Маусым, %
Шілде- Желтоқсан %

иПТГ -ның 6 айлық өлшемдерінің орташа көрсеткіші 150 – 300 пмоль/л шегінде, бұл ретте иПТГ деңгейі 600 пмоль/л-ден жоғары пациенттердің саны 35%-дан аспауы керек. Бұл өлшемшартқа диализбен емдеуді жаңа бастаған (3 айға аз) пациенттер кірмейді. ПТГ деңгейі 1000 пмоль/л-ден жоғары және дәрі- дәрмектер терапиясына үш ай бойы резистентті пациенттер консервативті терапияның тиімсіз болған жағдайда созылмалы бүйрек ауруы кезінде бір немесе бірнеше қалқанша маңы бездерін алып тастау арқылы үшінші дәрежелі гиперпаратиреозды хирургиялық әдіспен емдеуге- паратиреоидэктомияға жіберіледі

6. Тамырлық қолжетімділік: АВФ немесе АВ-стент

ГД немесе ГДС-ке тамырлық қолжетімділіктің түріПациенттердің саны
Тұрақты ТҚ: АВФ немесе АВШПерманентті катетерУақытша катетерЖиынтығы
Қаңтар- Маусым, %
Шілде- Желтоқсан %

АВФ немесе АВШ бар пациенттердің саны тамыр арқылы енгізуді қалыптастыруға қарсы көрсетілімдер болмаған кезде 70%-дан артық болуы тиіс. Перманентті катетері бар пациенттердің саны 25% – дан, қысқа мерзімді тұрақсыз катетері барлар 5%-дан аспауы тиіс. Бұл өлшемшартқа диализ емін жаңадан бастаған (3 айдан аз) пациенттер кірмейді.

7. B және C гепатиттері

Жаңадан алынған пациенттерді қоспағанда, HBsAg (+) және anti-HCV (+) бар пациенттердің орташа 6 айлық өсу көрсеткіші 5%-дан аспауы тиіс.

8. Kt/V несепнәр (гемодиализ)

KT/V несепнәрПациенттердің саны
<1,21,2 - 1,4>1,4Жиынтығы
Қаңтар- Маусым,%
Шілде- Желтоқсан,%

Kt/V өлшеудің орташа көрсеткіші ГД/ГДС пациенттері үшін - <1.2 төмен болмауы тиіс және 30% аспауы тиіс, Kt/V >1,2 кемінде 70% болуы тиіс. Бұл өлшемшартқа ГД-мен (3 айдан аз), тамыр арқылы енгізумен емді жаңадан бастаған пациенттер, егде жастағылар, гипотензиясы бар, нутрициялық мәртебесі төмен (салмағы төмен) пациенттер кірмейді. Kt/V Daugirdas-2 формуласы бойынша немесе тікелей "жасанды бүйрек" аппаратында емшара кезінде "клиренс мониторы" арқылы есептеледі. Бұл фракциялық клиренсі несепнәрдің таралу көлеміне (V) бөлінген (t – диализ ұзақтығы) уақытқа диализатордың клиренсін (K мл/мин) көбейтіндісі ретінде есептеледі.

9. Kt/V несепнәр (перитонеалдық диализ)

KT/V несепнәрПациенттердің саны
<1.71.7-2.0>2.0Жиынтығы
Қаңтар- Маусым,%
Шілде- Желтоқсан,%

KT/V перитонеалдық және резидуалдық бүйректің жалпы көрсетілімдерінің апталық мәні есептеледі. Дене сұйықтығының жалпы көлемі Ватсон формуласы бойынша есептеледі. Жалпы 1,7-ден төмен KT/V бар пациенттердің саны 40%-дан аспауы тиіс.

Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы

ЭПО – эритропоэтин

иПТГ – интактті паратгормон

ПТГ – паратгормон

АВФ – артерия-веналық фистула

АВ – артериялық веналық

ГД – гемодиализ

ГДС – гемодиасүзгілеу

СД – тамыр арқылы енгізу

АВШ – артерия-веналық шунт

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 15-қосымша

Нефробиопсия жүргізуге көрсетілімдер

Нефробиопсия нефрологиялық бөлімшелерде жүргізіледі және мамандырылған патоморфологиялық зертханаға морфологиялық зерттеу үшін жіберіледі.

Нефробиопсия (бүйрек пункциялық биопсиясы) жүргізуге көрсетілімдер диагностикалық және болжамдық болып бөлінеді:

1) нефротикалық синдром (әсіресе ересектерде, ерекше себептері болмаған жағдайда — диабет, амилоидоз және т.б.);

2) нефритикалық синдром немесе жылдам өршейтін гломерулонефрит;

3) түсініксіз себептерге байланысты оқшаланған гематурия және/немесе протеинурия.

4) бүйрек зақымдануы бар жүйелік аурулар: қасқыр жегі нефрит, жүйелік васкулиттер (ANCA-ассоциирленген, комплементке байланысты гломерулонефриттер, бүйрек амилоидозы, парапротеинемиялық гломерулонефриттер.

5) жылдам өршейтін гломерулонефрит;

6) гломерулярлық өзгерістердің белсенділігінің дәрежесін бақылау және бағалау;

7) трансплантатталған бүйректің хаттамалық биопсиясы трансплантаттың дисфункциясын бағау, субклиникалық жедел қабылдауды ерте анықтау, кальцийневрин ингибиторларының уытты әсерін, трансплантаттағы негізгі аурудың қайталануын мақсатында жүргізіледі.

Биоптатты зерттеу әдістері алдын ала диагнозға және биопсияға көрсеткіштерге байланысты және келесілерді қамтиды: әртүрлі бояулармен (гематоксилин-эозин, конго қызылы, күміспен бояу, Массон трихром) жарық микроскопиясы, иммунохимолюминесценция, көрсетілімдер бойынша электрондық микроскопия.

Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 16-қосымша

Нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын штат нормативтері

Стационарлық жағдайда нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері:

1. Стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары мен (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелеріндегі бір дәрігерлік лауазымға жүктеме

1-кесте. Медициналық көмек стационарлық жағдайда көрсетілетін 1 дәрігер лауазымына, 1 мейіргердің тәулік бойы жұмыс істейтін постына ұсынылған жүктеме.

1 нефролог дәрігер лауазымына және 1 мейіргердің тәулік бойы жұмыс істейтін постына шаққандағы төсек саны
Аудандық ауруханларҚалалық ауруханаларОблыстық мен республикалық маңызы бар қалалар, астана ауруханаларыҰлттық орталықтар
ересектербалаларересектербалаларересектербалаларересектербалалар
Штат 10 000 тұрғынға шаққанда жоспарлы-нормативтік төсек санына және көрсетілетін медициналық қызметтер көлеміне сәйкес белгіленеді.1210121088

Гемодиализ бөлімшесінің штат нормативтері:

Диализ бөлімінің (көпбейінді стационар құрамында) штаты құрамына төмендегілер кіреді:

Бөлімше меңгерушісі (нефролог) – бөлімшеге 1 лауазым;

нефролог дәрігер – бір ауысымда 8 диализдік орынға 1 лауазым, күндізгі уақытқа диализ залына 1 лауазымнан кем емес;

аға мейіргер – бөлімшеге 1 лауазым;

гемодиализ емшарасын жүргізу үшін кеңейтілген практика мейіргері – бөлімшеге кемінде 1 лауазым / (диализ залының) мейіргері – күндізгі уақытта 5 диализдік орынға 1 лауазым, тәулік бойы қызмет ететін 1 пост, бірақ диализ залына кемінде 1 лауазым болуы тиіс.

шаруа бикесі – бөлімшеге 1 лауазым;

санитар – әр ауысымға 1 лауазым;

Амбулаториялық диализ орталығының штаты құрамына төмендегілер кіреді:

Бөлімше меңгерушісі (нефролог-дәрігер) – Орталыққа 1 лауазым;

диализ залының дәрігері (нефролог сертификаты бар) – Орталыққа кемінде 1 лауазым; әр ауысымға кемінде 1 дәрігер;

аға мейіргер – Орталыққа 1 лауазым;

гемодиализ емшарасын жүргізу үшін кеңейтілген практика мейіргері/ (диализ залының) мейіргері- әр ауысымға 4 диализ орынға 1 лауазым, бірақ диализ залына кемінде 1 лауазым болуы тиіс.

шаруа бикесі – Орталыққа 1 лауазым;

санитар – әр ауысымға 1 лауазым;

инженер немесе техник – Орталыққа 1 лауазым.

2. Амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары мен (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелеріндегі бір дәрігерлік лауазымға жүктеме.

2-кесте. Бір дәрігерлік лауазымға шаққандағы халық саны

ЛауазымыШтаттық бірлік саныБір лауазымға шаққандағы халық саны
Нефролог дәрігер150 000 ересек және бала саны
1 нефролог дәрігерге шаққанда 1 орта медицина қызметкерінің (мейіргер және/немесе фельдшер) лауазымы беріледі.
Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 17-қосымша

Ұсынылатын медициналық бұйымдармен жарақтандыру

Нефролог кабинетін жарақтандыру тізбесі

№Атауысаны
1.Дәрігердің медициналық үстелі1
2.Дәрігердің медициналық орындығы1
3.Пациенттің медициналық орындығы2
4.Медициналық құжаттамаға арналған шкаф1
5.Қан қысымын өлшеу аппараты1
6.Стетофонендоскоп1
7.Интернетке қосылған принтері бар дербес компьютер1 жұмыс орнына
8.Таразы1
9.Ростомер1
10.Кушетка қарап- тексеруге арналған1
11.Жалпы дәрігерлік құрал-жабдықтар жинағы1
12.Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш1
13.Сұйық сабын дозаторы1
14.Стеризол дозаторы1
15.Бір рет қолданылатын сүлгілерге арналған ілгіш1
16.Тұрмыстық және медициналық қалдықтарды жинауға арналған ыдыстар1

Бөлімшелерді және (немесе) диализ орталығын жарақтандыру тізбесі

№Атауысаны
1."Жасанды бүйрек" аппараты2
2.функционалды кереует немесе диализ креслосы2
3.кереует жанындағы үстел2
4.манипуляция үстелі1
5.кері осмос жүйесі1
6.дәрі-дәрмек шкафы1
7.алғашқы көмекке арналған дәрі қобдишасы1
8.дефибриллятор1
9.Амбу тыныс алу қапшығы1
10.трахея интубациясына арналған жинақ1
11.пациентті өлшейтін медициналық таразы1
12.су дайындау жүйесінде кіріктірілген датчиктер болмаса – гемодиализге арналған судың арнайы электрөткізгіштігін анықтайтын сыртқы датчиктің болуы қажет1
13.* тамыр арқылы енгізу операцияларын жүргізу кезінде стандартты жарақтандырыған шағын операциялық залдардың болуы1

Тұрақты амбулаториялық перитонеалдық диализді жүргізуге арналған емшара кабинетін медициналық бұйымдармен жарақтандыру тізбесі

№атауысаны
1.пациентті өлшейтін медициналық таразы1
2.диализ ерітіндісін өлшеуге арналған аспалы таразы1
3.кушетка медициналық1
4.манипуляция үстелі1
5.штатив1
6.дәрі-дәрмек шкафы1
7.алғашқы көмекке арналған дәрі қобдишасы1
8.бактерицидті сәулелендіргіш1
9.термометр медициналық1

Облыстық, қалалық көп бейінді және мамандандырылған стационарлардың реанимация бөлімшелерінде экстракорпоралдық гемокоррекция залын жарақтандыру тізбесі

№атауысаны
1.гемодиализ немесе онлайн-гемодиасүзгілеу емшарасын жүргізуге арналған жасанды бүйрек аппараты)2
2.ұзақ мерзімді БАТ- ға (гемосүзгілеу, гемодиасүзгілеу) және плазма емшараларына (терапиялық плазмаалмастыру, плазмосорбция) арналған аппарат1
3.гемоперфузия (гемосорбция) жүргізуге арналған аппарат1
4.центрифугалық плазмаферез жүргізуге арналған аппарат1
5.функционалды кереует немесе диализ креслосы2
6дәрі-дәрмек үстелі1
7дәрі-дәрмек шкафы1
8тоңазытқыш медициналық1
9алғашқы көмекке арналған дәрі қобдишасы1
10дефибриллятор1
11Амбу тыныс алу қапшығы1
12трахея интубациясына арналған жинақ1
13термометр медициналық1
14Фонендоскоп1
15қан қысымын өлшеу аппараты1
16бактерицидті сәулелендіргіш1
17пациентті өлшейтін медициналық таразы1
18су дайындау жүйесінде кіріктірілген датчиктер болмаса – гемодиализге арналған судың арнайы электрөткізгіштігін анықтайтын сыртқы датчиктің болуы қажет1
19.төсек жанындағы монитор2
Түпнұсқадағы суреттер, кестелер және скан (2)

TXT файлы мәтіндік бөлікті қамтиды. Көрнекі бөліктер ресми дереккөзден ашылады.

  1. Ресми қосымшаны ашу
  2. Ресми қосымшаны ашу

Іздеу атаулары: №131 бұйрық, 131-бұйрық, приказ 131, жүз отыз бірінші бұйрық, 131 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.