Мақала
Бұйрықтар

№ 139 бұйрық (08.10.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 8 қазандағы № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 қазанда № 40138 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
139
Қабылданған күні
08.10.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 тіркелді) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Скринингтік зерттеулерді өткізудің қағидаларында, көлемінде және кезеңділігінде:

3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

"АЕК ұйымы жұмыскердің бекітілген жері бойынша цифрлық денсаулық сақтау объектілері немесе телефон немесе ұялы байланыс немесе "цифрлық үкіметтің" веб-порталы немесе МЦЖ-мен интеграцияланған алгоритмдік жүйелерді қолдана отырып автоматтандырылған телефон қоңыраулары арқылы жұмыскерді хабардар етеді және еңбек жөніндегі уәкілетті органының цифрлық жүйелерімен интеграциялау арқылы жұмыс берушіге скринингтік зерттеулерге жататын жұмыскерлер бойынша мәліметтерді жібереді.".

6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"4) скринингтік зерттеулерден өтуге SMS-хабарлама, үй-үйді аралау, ресми интернет-ресурстар, әлеуметтік желілердегі аккаунттардағы ақпараттық науқандар, сондай-ақ осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген байланыс арналарының бірі арқылы шақырады;".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыТ. Султангазиев

Іздеу атаулары: №139 бұйрық, 139-бұйрық, приказ 139, жүз отыз тоғызыншы бұйрық, 139 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.