Артериялдық қысымды тәуліктік мониторлау

Артериялық қысымды тәулік бойы бақылау тақырыбын бастамас бұрын әдеттегі қан қысымын өлшеу жайлы материалды қарап шығуға кеңес береміз.

Артериялдық қысымды тәуліктік мониторлау – бұл артериялдық қысымды 24 сағат ішінде автоматты түрде бағдарламада берілген  интервалдар арқылы  өлшеу. Тәуліктік мониторинг – артериялық қан қысымының деңгейін және ем кезіндегі төмендеу дәрежесін нақты анықтау мақсатымен жүргізіледі

артериялық қысым тәулік

Артериалық қысымды тәуліктік мониторлаудың  көрсеткіштері:

  1. Гипертония және гипотония;
  2. Гипотензия – төмендеген артериялық қан қысымы;
  3. Вегето-қантамырлық дистония;
  4. Жиі естен тану жағдайлары;
  5. Невроздар, балалардың невротикалық жағдайлары;
  6. Эндокринді жүйенің бұзылыстары;
  7. Жүрек жетіспеушілігі;
  8. Туа пайда болған жүрек ақаулары;
  9. Бүйрек аурулары (бүйрек гипертензиясы);
  10. Ретинопатия (көз түбіндегі өзгерістер);
  11. «Ақ халат синдромы»;

АҚ тәуліктік мониторлау науқаста артериялды гипертензияны анықтау үшін жүргізіледі. Алынған нәтижелерден дәрігер АГ-ның ауырлық дәрежесін және жеке гипотензивті терапияны анықтауға мүмкіндік алады. Қайталанып жүргізілген АҚ тәуліктік мониторлауда тағайындалған емнің тиімділігін бағалайды.

АҚ мониторлауға арнайы тонометр қолданылады. Бұл құрылғы жадында – күнді, уақытты, өлшенген АҚ нәтижесін және жүректің жиырылу жиілігін сақтайды.

қан қысымын тәулік бойы өлшеу

Заманауй тәуліктік тонометрлер шағын көлемді, ыңғайлы, портативті және оны науқас арнайы сумкасына салып жүреді. Науқастың иығына портативті монитормен жалғанған манжетаны кигіземіз. Құрал белге немесе белбеуге орналастырылып, иық арқылы жалғасып тұрады. Құрал пульсті автоматты түрде өлшейді, систолалық және  диастолалық  АҚ осциллометриялық әдіспен  интервалды уақытта анықтайды.  Науқасқа қолданар алдында мониторды бағдарламалау компьютер арқылы іске асады. Өлшеудің нәтижесі құралдың сұйық кристалды индикаторынан көрінеді.

Құрылғы артериялық қан қысымын күндізгі уақытта әрбір 15 минут сайын ал түнгі уақытта әрбір 30 минут сайын тіркеп отырады. Егер құрылғы істен шықса, қуат көзі бітіп қалса, манжета шешіліп немесе бұзылған болса құрылғы дабыл белгісін бере бастайды. Науқасқа осындай жағдайларда не істеу керегі жайында кеңестер беріледі және зерттеу қалай жүргізілетіні түсіндіріледі.

Зерттеу кезінде науқас арнайы күнделік бастайды. Ол онда қай кезде физикалық немесе психикалық жүктеме болғанын, дәрі-дәрмектерді қай кезде қабылдағанын, шылым шеккен уақытын және қай кезде шай немесе кофе қабылдағанын жазып, белгілеп отырады. Бұл ары қарай мониторинг нәтижесін бағалағанда артериялық қан қысымының қандай себептен пайда болатынын анықтайды. Осы алынған мәліметтер бойынша дәрігер АҚ-ң орташа мәніне, гипертензия және гипотензия уақытына, АҚ-ң қисық асты ауданының индексіне, вариабельдігіне назар аударуы керек.

Артериалық қысымды тәуліктік мониторингке қарсы көрсеткіштер:

  1. Иық пен шынтақтың ісінуі, жарақаттары;
  2. Әртүрлі тері аурулары;
  3. Петехиалды қан құйылулар;
  4. Контактты дерматит;

Сонымен қатар осы тақырыпқа сай Артериялық гипертензия жайлы материалда да оқып шығыңыз.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!