Артериалды гипертензияның асқынулары

АГ бірқатар қатерлі асқынулармен қауіпті. Бұл асқынулардың даму ықтималдығы артериялық қысымның деңгейіне байланысты. Барлық жас топтарында АҚ 115/75 мм с.б.-нан жоғары көтерілгенде кауіп арта бастайды. •Гипертония мезгілсіз жүрек-қан тамыр жүйесі ауруының негізгі қауіп факторы болып табылады.

Егде науқастарда ДАҚ-ға қарағанда, САҚ мен пульстік АҚ-ң қаупі күштірек.

  • АҚ жоғарылауының дәрежесіне байланысты жүрек жеткіліксіздігінің қаупі жоғарылайды.
  • Сол қарыншаның гипертрофиясы (СҚГ) АГ-мен науқастарда жиі анықталады, және ол жүрек жеткіліксіздігімен, қарыншалық аритмиямен аурушаңдықтың артуымен, миокард инфаркты нәтижесіндегі өліммен және кенет жүрек өлімімен байланысты.
  • Гипертония ишемиялық инсульттің мейлінше таралған және басты себебі болып табылады, тиімді антигипертензивті ем жүргізілген жағдайда ишемиялық инсультпен аурушаңдықты айтарлықтай төмендетуге болады.
  • Гипертония геморрагиялық инсульттің дамуындағы аса маңызды қауіп факторы болып табылады. Гипертония БСА мен бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысының дамуының негізігі себепкері болып табылады. АГ тікелей бүйрек ауруларын тудырады (гипертониялық нефросклероз), сонымен қатар, бүйректің негізгі ауруының үдеуін жылдамдатуы мүмкін.
  • АҚ-ның жоғары мәндері тез арада пайда болып, өмірге қауіп төндіруі мүмкін.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!