Өңеш рагы – қатерлі, тіндер мен мүшелерді бұзып-жарып өсетін, өңешті тарылтатын, ыдырататын, метастаз беретін, ауыр интоксикация және прогресивті түрде арықтататын ісік.
Өңеш рагының этиологиясы:
- Шылым шегу және алкогольді ішімдіктерді пайдалану кезінде;
- Өте ыстық сусындар мен астарды қабылдау кезінде;
- Баррет өңеш
- Химилық фактор әсері;
- Физикалық фактор әсері- иондалған сәуле.
- Созылмалы өңеш аурулары химиялық күйіктен кейінгі тыртықтану, кардии ахалазиясында, рефлюксті-эзофагит;
- Теміржетіспеушілік анемия;
- Пламмер –Винсон ауруында
Өңеш рагының классификациясы (жіктелуі):
І.Ісіктік процестің таралуына байланысты:
- Өңеш-жұтқыншақтық.
- Мойындық.
- Жоғары кеуделік бөлім.
- Ретро-бифуркациялық.
- Субаортальды.
- Ортаңғы кеуделік бөлім
- Диафрагамаүсті бөлім
- Диафрагмальды бөлім.
- Абдоминальды бөлім.
II. Макроскопиялық белгісі бойынша:
- Инфильтративті рак
- Жаралы рак
- Түйінді рак
III.Гистологиялық көрінісі бойынша:
- Жалпақжасушалы (түлейтін,түлемейтін)
- Аденокарцинома
ІV.Таралуы бойынша:
- Лимфогенді
- Гемотогенді
Өңеш рагының даму сатысы:
- Өсу кезінде түйіннің көлемі 3см-ден аспайды,сырқат кілегейлі қабықшада дамиды,лимфа түйіндерінде метастаз жоқ.
- Өсу сатысы. Ісік бұлшық етке жетеді де метасдар бермейді(ІІ А),көлемі 5 см-ге дейін барады.Лимфа бездерінің бір-екеуінде метастаздар бар(ІІ В)
- Өсу сатысы. Ісіктің көлемі 5 см-ден асып, мүше қабырғасының түгел жарақаттануы,лимфа бездерінің метастазы көп болуы.
- Өсу сатысы. Ісік сау мүшелерге тараса(4А) лимфа бздерінің метастаздан қозғалмай қалуы, алыс мүшелердің жарақаттануы.
Клиникалық белгілері:
Жалпы клиникалық белгілері:
- Салмақ жоғалту, кахексия.
- Жалпыәлсіздік
- Анемия.
Негізгі клиникалық белгілері:
Дисфагия – тағамның өңештен қиналып жүруі. Дисфагияның бес сатысын ажыратамыз:
- I кезең – барлық тағам өтеді, бірақ қатты тағамды жұту жағымсыз сезімдер байқалады(қыжылдау, жырылулар, кейде ауырсыну).
- II кезең – қатты тағамдар өңештен өтпей тұрып қалатындықтан сумен бірге ішеді.
- III кезең –қатты тағам өтпейді.Науқас суйық және жартылай суйық тағаммен қоректенеді.
- IV кезең – өңештен тек сұйықтық ғана өтеді.
- V кезең –толық өңеш өтімсіздігі. Науқас жұтыну барысында сілекей өтпейді.
Тағамды қабылдау кезінде регургитация байқалады, ауыздан жағымсыз иістің шығуы.
Гиперсаливация, сілекейдің көп бөлінуі.
Екіншілік клиникалық белгілер:
- Дауыстың өзгеріп,қарлығуы.
- Горнер триадасы (миоз, пседоптоз, эндофтальм).
- Жергілікті лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
- Брадикардия.
- Жөтел ұстамалары, ентігу.
- Құсу.
Диагностикалау:
- ЖҚА
- БХА.
- ЖЗА
Инструментальды зертеу әдісі
- Рентгенологиялық тексеру
- Эзофагоскопия биопсиямен бірге.
Қосымша зерттеу әдісі
- Копьютерлік томография
- Бронхоскопия
- Іш қуысының УДЗ
- Лапароскопия
Өңеш обырының (рагінің) асқынуы
- Өңештік-трахеальді (бронхиальды) жыланкөз
- Өңеш ісігінің кеуде қуысындағы перфорациясы, медиастинит
- Плевральды қуыстағы ісік перфорациясы , плевра эмпиемасы
- Қан кету
Емі:
- Хирургиялық ем –эзофагэктомия (Льюис әдісі)
- Сәулелі терапия
Оперативті ем жолдары:
- Льюис әдісі: Ішті жарады,іш қуысындағы мүшелердің жағдайын тексереді.Асқазанды жоғары кеуде қуысына көтереді,олүшін диафрагмадағы өңеш тесігін кеңейтіп,сол жерден өткіузге даярлайды.
- Гарлок әдісі: солжақтың VІІ қабырға аралығынан кеуде қуысы жарылады,өңештің ортаңғы бөлігіжарақаттанған жержен сылынады да , қалған өңеш қалдығы және диафрагма тесігі арқылы жоғары көтерілген асқазан бір-бірімен тігіледі.
- Савиных әдісі: іш қуысы жарылады,диафрагма кесіледі.Өңештің ортаңғы бөлігі іш қуысыарқылы жолмен сылынады да жоғарғы бөлігі мойын арқылы ортаңғы кеуде қуысында жіңішке ішекпен жалғасады.