Дені сау балаларды дұрыс тамақтандыру
6 айға дейін баланы тамақтандыру
- Баланы жылаған сайын (күні-түні) тәулігіне ең кем дегенде 8 рет емізіңіз
- Басқа тағам, соның ішінде сұйық тамақтар: шырын, су, шай, жасанды қоспалар, сүт, ботқаларды (каша) бермеңіз!
- Балада аштық белгілері білінсе: бала қозғалып, саусағын сорып, ернін жыбырлата бастағанда емізу керек. Баланың жылағанын күтпей емізіңіз.
Ойнату: Баланы дүниге келген сәттен бастап есту, көру, сезіну, қабілетін дамытып, үнемі қозғалыста болуын қадағалаңыз, ойнауға естуге, көруге баланы қызықтыратын түсті жылтырақ, көлемді заттар, бұрын көрмеген жаңа ойыншықтарды беріңіз. ЕСКЕРТУ: ойыншықтар балаға зиянсыз болуы керек.
Көңіл бөліп сөйлеу: балаға қарап, күліп, сөйлеу керек. Әсіресе баланы емізіп отырғанда. Балаңыз өскен сайын, оған көбірек сөйлеп, әртүрлі дыбыстар шығарып, қимылдар жасаңыз.
6 айдан 12 айға дейінгі баланы тамақтандыру
- Бала жылаған сайын тәулігіне кем дегенде 6 рет емізіңіз. Осы уақыттан бастап, емізгенге дейін қосымша тамақ беруді бастаңыз.
- Мынандай қосымша тамақтарды беруге болады: күріштің қою ботқасы, ұнтақ немесе жарма қарамық ботқасы, нан картоп пюресін, суға пісірілген, ұсақтап туралған немесе тартылған майсыз ет, әсіресе бауыр, балық, жұмыртқа, бұршақ (қабықсыз, езіп піскен).
- Түрлі жеміс жидектер, көкөністер, жақсылап тазаланған, ұнтақталған жаңғақ.
- Тамаққа бір шай қасық сары май немесе өсімдік майын қосып, қоюлау қылып беріңіз.
- Еметін балаға күніне 3 рет тамақ беріңіз.
- Ембейтін балаға күніне 5 рет тамақ беріңіз.
- Баланың өзі шайнап жеуі үшін тамақты кішкентай қылып қолына ұстатыңыз. Баланың өзі жеп үйренуіне дағдыландырыңыз.
Ойнату: Бала өзі қолын ұсап, салдыратып, лақтырып ойнауы үшін үйдегі таза қауіпсіз заттарды беріңзі.
Сөйлесу: балаңызды уілдегеніне, күлгеніне көңіл бөліп, қуанып, жауап беруге тырысыңыз. Балаға заттардың адам атын айтып түсіндіріңіз.
12 айдан 2 жасқа дейінгі бала
- Баланы емізуді жалғастыра беріңіз.
- Балаға өздеріңіз ішетін тағамдардан беріңіз, оның ішінде:
- Ұсақтап туралған немесе тартылған (майсыз) ет, бауыр, балық, піскен жұмыртқа, бұршақ;
- Түрлі жеміз жидектер, көкөніс, жаңғақ;
- Сүт және сүт тағамдары (ірімшік, айран, сүзбе, сыр);
- Балаға берілген әрбір қосымша тағамның көлемі 300 мл-ден (1,5 стакан) кем болмауы керек.
- Балаға күніне 5 рет тамақ беріңзі. 3 рет өздеріңіз ішетін тамақты, 2 рет қосымша берілетін тамақтар (жемістер, нанға май жағып, еттен жасалған бөліш, қаймақ қосқан ірімшік);
- Баланы жақсылап, көңіл бөліп, тамақтандыруға тырысыңыз.
Ойнату: баланың ойнауға алуына, жинауына, ойыншықтарды қатарластырып қоюға ыңғайлы әртүрлі көлемдегі заттар беріңіз.
Сөйлесу: балаға жеңіл сұрақтар қойыңыз, сізбен сөйлескісі келген балаға бар ықыласыңызбен көңіл бөліп, сұрақтарына жауап беріңіз. Заттардың, адамдардың аттарын айтып үйретіңіз. Қарапайым ойындарды ойнатыңыз.
2 жас және одан асқан балаларды тамақтандыру
- Балаға өздеріңіз ішетін тамақтарды беріңіз, оның ішінде: ет, бауыр, балық, жұмыртқа және бұршақ. Әртүрлі жеміс жидектер және көкөністер.
- Балаға 3 мезгіл өздеріңіз ішетін тағамдарды беріңіз! Балаға әрбір берілген қосымша тағамның көлемі 350 мл –ден 2 рет қосымша тамақ беріңіз. Оларға:
- Жеміс жидектер, айран (кефир) нанмен. Еттен немесе ливерден жасалған бәліш, қаймақ қосқан құмақтар.
- Сатып алынған газы бар сулар мен шырындарды, тәттілерді (конфеттер, шоколад) беруді шектеңіз.
- Тағам түрлерін жиі өзгертіңіз, егер бұрын ішпеген тағамын ішпесе, дәмін көрсін, қайта қайта беріңіз. Тағамның тәтті екенін өзіңіз ішіп көрсетіп, қызықтырыңыз.
Ойнау: Балаңызға санауды, заттардың атын айтуды, екі затты салыстыруды үйретуге ықпал етіңіз. Ойнауға жеңіл ойындар ұйымдастырыңыз.
Сөйлесу: балаңыздың істеген ісін, сөйлеген сөзін мақтаңыз. Сұрақтарына дұрыс жауап беріңіз. Балаңыздан әңгімелер, өлең айтуға және аспаптарда ойнауға үйретіңіз.
Жоғарыда аталған барлық тамақтандыру жайлы критерийлер төмендегі сурет буклетті жазып алып көре аласыз: