ДДҰ «балалық шақ ауруларын интеграциялап жүргізу» бағдарламасы

1970 жылдардан бастап 5 жасқа дейінгі балалар өлімі көрсеткіші шамамен 1/3 бөлігіне азайды. Бірақ өлім көрсеткішінің төмендеуі барлық елде бірдей емес. Кейбір елде балалар өлімі көрсеткіші өсіп келе жатса, 50- ден астам елде 1998 жылы 1000 тірі туған нәрестеге шаққанда 100 өлім тіркелді. Дамып келе жатқан мемлекеттерде, бір жылда 5 жасқа толмай 10 миллион бала өледі, оның көбі бір жасқа толмаған балалар. Он баланың жетеуі жедел респираторлы аурудан (пневмониядан), диареядан, қызылшадан, маляриядан немесе қоректенуі бұзылыстарынан және осы себептердің қосарлануынан өледі. 1996 жылы жүргізілген талдаулар, егер олармен күресті тиісті жолға қоймаса, осы аурулар 2020 жылға дейін балалар өлімі себебі болып қала беретінін көрсетті.

ДДҰ «балалық шақ ауруларын интеграциялап жүргізу» бағдарламасы

Қалай болғанда да, балалар өлімінің 3/4 бөлігі осы бес жағдайдың біріне байланысты болып келеді. Дамып келе жатқан мемлекеттерде балалар өлімінің негізгі бөлігі осы бес ауруға байланысты болғандықтан ғана «Балалық шақ ауруларын интеграциялап жүргізу» бағдарламасы енгізіліп отырған жоқ. Одан теңде жатыр. Көп жағдайда науқас балаларда бірнеше ауруларда байқалатыни клиникалық белгілер мен синдромдар байқалады. Бұл жағдай диагноз қоюды қиындата түседі. Науқаста бірнеше аурулардың белгісі болуы бірнеше аурудан ем тағайындауды қажет етіп, емдеуді күрделендіріп біберуі мүмкін. Сондықтан науқас баланы интеграциялап жүргізу қажеттілігі балалар денсаулығын сақтау бағдарламасы бір ауру шекарасынан шығып, баланың денсаулығын толық қамту қажет болғанда, туады. Медицина мекемелерінің іс-әрекетін талдау, көптеген балалардың дұрыс бағаланбай және емделмей, олардың ата-анасының дұрыс кеңес ала алмай отырғанын көрсетті (1996-1997 жылдардағы баланың денсаулығы және дамуы Департаментінің есебі, Женева, ДДҰ). Көптеген дамып келе жатқан мемлекеттердің диагностикалық мүмкіндігі жеткліксіз болып келеді.      Материалдар мен құрал-жабдықтарға олардың қолының жете бермейтінінде шындық және олармен бірге, бірінші деңгейдегі медицина мекемелеріне түсу және қаралу аз болғандықтан олардың күрделі клиникалық процедуралар жүргізу мүмкіндігін шектейді. Оның орнына науқасты жүргізу тактикасын анықтау үшін оның анамнезін, аурудың клиникалық белгілерін қолдану қажет. Осыған байланысты бұндай жағдайда медициналық қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету күрделі және қиын мәселе.

 

Осы мәселені шешу үшін ДДҰ мен ЮНИСЕФ «Балалық шақ ауруларын интеграциялап жүргізу» (БШАИЖ) деп аталатын стратегия жасап шығарды. БШАИЖ емдік шараларын жүргізуге бағышталғанына қарамастан, бұл стратегия науқас балаларды, тамақтандыру, иммунизация және басқа аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтауға бағышталған шараларды уағыздауды қамтитын, жүргізуді қамтиды. Сонымен, БШАИЖ ортасында баланың денсаулық мәселесі түгел тұрған, кешенді көзқарас. БШАИЖ негізгі бес жасқа дейінгі балалардың арасында өлім және мүгедек болу көрстекішін азайтуға, өсіп, жетілуінің дұрыс жүруіне ықпал ету болып табылады. БШАИЖ стратегиясы үш бөлікті қамтиды:

  • Медицина қызметкерлерінің науқастарды жүргізуге бағышталған дағдыларын жақсарту;
  • Денсалықсақтаудың жалпы жүйесін жақсарту;
  • От басы және елді мекен деңгейінде денсалықсақтау тәжрибесін жақсарту.

Медициналық мекемелерде БШАИЖ стратегиясы емханаларда балалар аруларын анықтауға ықпалын тигізеді, барлық негізгі ауруларын қажетті күрделі ем жүргізуді қамтамасыз етеді, балаға күтім жасайтын адамдарға кеңес беруді жақсартады және жағдайы ауыр науқастарды мезгілінде қажетті мамандарға жіберуді жеделдетеді. Үйде қажетті көмек алу үшін дәрігерге мерзімінде қаралуды стимуляциялайды, тамақтандырудың және алдын алудың сапасын артыруға, дәрігерлердің тағайындаған емдік шараларын дұрыс орындауға ықпал етеді.

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 5 дней

Жасұлан

113
Комментарии: 0Публикации: 272Регистрация: 11-10-2014
0 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 50 оценок, среднее: 0,00 из 5 (0 оценок, среднее: 0,00 тен 5)
Загрузка...