БШАИЖ-ты қалай жүргізу керек?

Елде БШАИЖ-ты енгізу және іске асыру, бар бағдарлама мен денсаулық сақтау жүйесінің арасында жоғары деңгейдегі координацияны талап ететін, сатылы процесс болып келеді. Денсалық сақтау министрлігі мен жергілікті басшылықтың арасында да, жергілікті жағдайға бейімдеу және жоспарлау үшін, қоян-қолтық іс-әрекеті болу керек. Негізгі қадамдары болып есептеледі:

Денсаулықтың ұлттық саясат деңгейінде балалардың денсаулығы мен дамуы мәселесіне кешенді көзқарас қабылдау.

БШАИЖ -дің стандартты клиникалық басшы қағидаларын , елдің қажеттілігіне, қолда бар дәрілерге, іске асып жатқан саясатқа, сонымен қатар жергілікті тағамдық өнімдерге және жергілікті ел сөйлейтін тілге бейімдеу керек.

 

Балаларды тексерудің және емдеудің жаңа әдістеріне, сонымен қатар ата-анасына тиімді кеңес беру мәселелері бойынша денсаулықсақтау қызметкерлерін дайындап, жергілікті клиникаларда көрсетілетін көмек сапасын артыру.  Қажетті қымбат емес дәрілер мен қарапайым құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп, сапасы жоғары көмек көрсетуге мүмкіндік жасау.

Емханалық науқастарға арналған клиникада емделуге жағдайы күрделі болып келетін  ауруларды емдейтін ауруханаларда, бұндай науқастарға ауруханаларда медициналық көмектерді күшейту. Елді мекендер (община) деңгейінде аурулардың алдын алу, отбасыларына ауру балаларға күтім жасауға көмек көрсету үшін және қажет болғанда балаларды клиника және ауруханаларға жіберу үшін қолдау механизмдерін жасау.

БШАИЖ  75 елде енгізілген. БШАИЖ-ді енгізу денсаулықсақтау жағдайына айтарлықтай әсер етуі ықтимал. 1993 жылы жарияланған Дүниежүзілік даму Банкі есебінде балалық шақ ауруларын интеграцияла жүргізуді енгізу, аурышаңдық салмағына айтарлықтай әсер ететін мүмкіндігі бар стратегия ретінде қарастырылған. БШАИЖ алдын алу және емдеу шараларынада ықпал етеді. Емдеу шараларына қосымша БШАИЖ стратегиясы профилактикалық шараларға, алдын ала егуге және балалармен сәбилердің тамақтану деңгейін, табиғи тамақтандырумен бірге, көтеруге мүмкіндігін және маңыздылығын ерекше атап өтеді.

 

БШАИЖ тәжрибесінің экономиялық тұрғыданда маңызды болып келеді. Балалық шақ кезеңіндегі ауруларды дұрыс жүргізбеу, өзіде аз экономикалық ресурстарды пайдасыз шашуға әкеледі. Басынан оқыту және қайта құруға финанстық ресурстарды көбейтуге тура келетін болғандықтан, БШАИЖ стратегиясын енгізу финанстық ресурстарды экономия жасауға мүмкіндік береді. БШАИЖ теңдіктің болуына ықпал етеді. Дүние жүзінде дамыған мемлекеттерде барлық балардың қарапайым және қол жететін профилакткалық және емдік ие және оларды  ЖРИ, диареядан, қызылшадан, маляриядан, қоректену бұзылыстарынан өлімнен сақтап қалады. Ал дамып келе жатқан елдерде миллиондаған балалар оған қол жеткізе алмай өліп кетуде.

БШАИЖ стратегиясы бұндай теңсіздікті жояды. (WHO|CHS| CAH| 98.1A. 1999). Қазіргі кезде БШАИЖ-ден, сарапшылардың клиникалық зерттеу нәтижелеріне негізделген, клиникалық ұстаным дайындалған: БШАИЖ оқу құралы, қалта анықтамасы «Балаларға ауруханалық көмек көрсету» және басқалар. Онда тиімді және қол жеткізіуге болатын дәрілерді қолдануды қамтитын синдромдық көзқараспен, дәлелді фактылырға негізделген, ауруларды бағалау және жүргізу уағыздалады.

Ұстаным ауыр дерт бар екніне меңзейтін белгілерді бағалау әдістерін, баланың қоректік жағдайын және алдын ала егу статусын және тамақтану жағдайын бағалау;

  • ата-анасын үйде балаларды күтуге үйрету; тамақтандыру мәселелерін шешу әдістері бойншы кеңес алуға;
  • сонымен ауруханаға қайтадан қандай жағдайда келу керектігі бойынша кеңес беру мәселелерін шешу бойныша кеңестер берілген.

Ата-анасының берілген кеңестерді түсіну деңгейін тексеру бойынша, сонымен қатар бірінші емдеу шараларын көрсету туралы ұсыныстар берілген. Науқас балада жекеленген белгілердің қосарлануын бағалағанда диагнозға әкелмейді, бір немесе бірнеше жіктемелерге әкеледі.

 

БШАИЖ жіктемесі әрекетке бағытталған және медицина қызметкеріне, бала шұғыл ауруханаға жіберуге мұқтажба, жоқпа, баланы бірінші деңгейдегі медицина мекемесінде (мысалы, ішкізіп емдейтін антибиотик көмегімен), немесе ешқандай қауіпсіз үйде емдеуге болама анықтауға мүмкіндік береді. Науқастарды интеграциялап жүргізу процессі қарапайым клиникалық белгілер және эмпириялық ем көмегімен науқастарды анықтауға негізделеді. Мүмкіндігінше аз клиникалық белгілер пайдаланған жөн. Науқастарды жүргізудің БШАИЖ -дің толық процессі келесілерді қамтиды:

Бірінші қауіпті белгілердің болуына тексеріп (немесе сәбиде бактериальдық болу мүмкіндігін), таралған аурулар туралы сұрақ қойып, баланы тексеріп, сонымен қатар қоректік жағдайын және алдын ала егу статусын тексеріп, баланың жағдайын бағалаңыз. Бағалау процессі денсалығында басқа мәселер бар жоғына тексеруді қамтиды.  Бөлінудің түсті жүйесі бойынша баланың ауруына жіктеме жасаңыз.

 

 

Көптеген  балаларда бірден бірнеше ауру байқалуы мүмкін болғандықтан, олрадың әрқайсысы ол төмендегілерді талап ететініне сәйкес жіктеледі:

– ауруханаға жіберер алдында шұғыл емді және баланы ауруханаға жіберуді (сары түсті бағана)

– арнайы медициналық емді немесе кеңес беруді

– үйде емделу туралы жәй кеңесті (жасыл түсті бағана).

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!