Жоғары ми функциясының зақымдалуы

Жоғары ми функциясының зақымдалуы: гнозистің және праксистің бұзылуы. Бас ми қыртысында осы функциялардың орналасуы. Бас миының функциональды асимметриясы. Мидың жеке бөліктерінің зақымдалу симптомдары

Көптеген жылдар бойы бас миы қыртысындағы функцияның орналасуы жөнінде 2 теория болды.

  • 1 теория – тар локализм теориясы– жеке зоналарға, мидың нүктелеріне дейін ең күрделі жеке қызметтер тән.
  • 2 теория – эквипотенциал теориясы – бүкіл қыртыс бетінің біртұтастығы, яғни бүкіл қыртыс барлық функцияларға жауапты.

Үлкен ми жарты шарлары қыртысында ғы қызметтердің орналасуы

И.П.Павлов еңбегіне сүйенсек, нерв жүйесінің қызметі анализатор жұмысымен байланысты, ол қабылдайтын бөлімнен (афферентті), қыртысты және эффекторлы бөлімнен тұрады. Қыртысты бөлім «ядромен» және»шашылған элеметтерден» тұрады. «Ядро» зақымдалған кезде, оның маңайында жақын жатқан жасушалар өзіне негізгі орталықтың жұмысын алады, яғни орталық нерв жүйесінің жұмысы әрдайым компенсацияланып отырады деген сөз.

Анализатордың қыртысты бөлімінде вертикалды 2 топты жасушалар зонасы анықталады. Қыртыстың 6 қабат жасушаларының төменгі қабаттары периферикалық рецепторлармен (4 қабат-ішкі дәнекті) және бұлшық еттермен (5 қабат үлкен пирамида клеткалары) байланысады. Олар біріншілік немесе проекциялы қыртысты зона деп аталады, себебі әрдайым анализатордың перифериялық бөлігімен байланыста болады.

Үлкен шартышарлар қыртысының құрылымы

 

mi-zhsushalariБас миы жартышаралары қыртысының жоғары қабаттары: 2 – ұсақ дәнекті жасушалар 3 – қабат кіші пирамида жасушалары Оларда қыртыстың басқа бөліктерімен ассоциативті байланыстар орнағандықтан оларды екіншілік зоналар деп немесе проекционды-ассоциативті зоналар деп атайды. Біріншілік зоналардың тітіркенуі, мысалы, сенсорлы, тітіркену кезінде элементарлы сезімдер пайда болады. Мысалы, шүйде қыртысының біріншілік зонасын тітіркендірген кезде фотопсия пайда болады, ал екіншілік зонасын тітіркендірген кезде– күрделі көру галлюцинациялары – адамдар, жануарлар, заттар пайда болады.

ми құрылысы

Бас миы жеке бөліктерінің зақымдалу симптомдары

Маңдай бөлік симптомдары

  • Контралатеральды қол немесе аяқтың орталық  параличі немесе тіл бұлшықетінің (орталық алды иірім зақымдалған кезде)
  • Қарсы жаққа қараудың парезі (орталық маңдай иірімнің артқы бөлігі)
  • Паркинсонизм, сирек гиперкинездер
  • Янишевский-Бехтеревтің ұстап алу феномені
  • Маринеску-Родовичи рефлексі Хоботковый рефлексі
  • Маңдай атаксиясы (астазия-абазия)
  • Моторлы афазия (Брок зонасы)
  • «Жекеленген» аграфия (ортаңғы 2-ші маңдай иірімінің артқы бөлігі)
  • Апатико-абулиялық синдром, маңдай  юморы (мория) эйфория

Маңдай бөлігі – тітіркені синдромдары

  • Джексонның тартылу ұстамалары – тонико-клоникалық (алдыңғы орталық иірім)
  • Оперкулярлы ұстама– ( төменгі маңдай иірімнің жабатын бөлігі)
  • Адверсивті ұстамалар – (ортаңғы маңдай иірімінің артқы бөлігі )
  • Маңдай автоматизм ұстамасы – күрделі пароксизмді психикалық бұзылыстар, тәртібінің бұзылуы, бұл кезде науқастар қоршаған ортаға қайшы келетін қимыл қозғалыстар жасайды (өртеу, өлім).
  • Кіші эпилепсиялық ұстамалар – лезде, бірнеше секунд ішінде науқас сөзі тоқтап, қолынан заттары құлап, көрініс беретін ұстама.

Төбе бөлік симптомдары

  • Анестезия
  • Астереогноз
  • Апраксия (доминантты жартышарда) – идеаторлы немесе конструктивті
  • Аутотопагнозия – науқас өзінің дене бөліктерін танымау немесе бұрмалап қабылдау, сол мен оңды айыра алмау
  • Төменгіквадратты гемианопсия – төбе бөлігінің тереңінде
  • Псевдополимелия
  • Анозогнозия

Төбе бөлік – тітіркену симптомдары: Соматосенсорлы джексон ұстамасы

Самай бөлік симптомдары

  • Есту агнозиясы
  • Жүйелі бас айналу ұстамасы
  • Контралатеральды астазия-абазия
  • Жоғарыквадратты гемианопсия – самай бөлік тереңінде
  • Сенсорлы афазия
  • Амнестикалық афазия

Самай бөлік – тітіркену симптомдары

  • Галлюцинациялар және үлкен генерализденген ұстамалар әр түрлі аурамен бірге:
  • Иіс сезу (Гешле иірімі)
  • Дәм сезу (аралша бөлігі)
  • есту (жоғарғы самай иірімі)
  • вестибулярлы (самай, шүйде және төбе бөліктерінің түйіскен жері
  • висцеральды (медиобазальды бөлім)
  • Түс көрген тәрізді жағдай– ешқашан көрмеген, ешқашан естімеген
  • Самай автоматизмі – ориентировканың бұзылуы – өз үйін танымайды, мақсатсыз қимылдар жасайды
  • Кейде кіші ұстамалар қимыл қозғалыс бұзылуынсыз болуы мүмкін.

Шүйде бөлік симптомдары

  • Жоғарыквадратты гомонимді контрлатеральды гемианопсия (тіл иірімі, ішкі бөлігі)
  • Төменгіквадратты гомонимді контролатеральды гемианопсия (клин)
  • Көру агнозия (сыртқы бөлімі)
  • Алексия (жазуды түсінбеу) шүйде және төбе бөлік шекарасында
  • Акалькулия (санаудың бұзылу)
  • Контралатеральды атаксия
  • Метаморфоксия (көрген заттарды бұрмалап қабылдау– микропсия, макропсия)

Шүйде бөлік тітіркену синдромы

  • Фотомдар – шүйде бөліктің ішкі беткейінің тітіркенуі
  • Кинофильмдер, мультиктер, кадрлар – шүйде бөліктің сыртқы беткейінің тітіркенуі кезінде
үлкен ми жартышарлары
Бас миының үлкен ми жартышарлары

Гнозис және оның бұзылыстары

Гнозис (греч. gnosis — білу, білім) — бұл заттарды сезім мүшелері арқылы қабылдап, тану. Оның бұзылысы– агнозия деп аталады. Көбінесе, екіншілік зоналар деңгейіндегі қандайда бір анализатордың зақымдалуы кезінде пайда болады.

Көру агнозиясы шүйде бөлігінің сыртқы аймақтары зақымдалған кезде пайда болады. Науқас заттарды танымайды, тек олардың кейбір қасиеттерін ғана көреді, соған байланысты сол зат туралы мағлумат жинайды. Жиі науқастар «білмеймін», «көрмеймін» деп жауап береді, бірақ заттарға соғылмай айналып өтеді.

Есту агнозиясы заттарды көрмеу, оларға тән дыбыстар арқылы заттарды ажырата алмау. Бұл кезде есте анализаторы зақымдалмаған. Есту агнозиясы доминатты жарты шардағы самай бөлігіндегі екіншілік зоналар зақымдалған кезде дамиды.

Сенситивті агнозия (астереогноз) – көзді жауып тұрып заттарды ұстау арқылы ажырата білу. Орталық артқы иірімнен кейнгі төбе бөлігіндегі екінші зона зақымдалған кезде пайда болады. Иіс және дәм сезу агнозиясы сирек кездеседі жәнеде көбіне аносмиямен агевзиядан айыру өте қиын.

Праксис және оның бұзылыстары

Праксис ( греч. praxis — қимыл) – жоспар бойынша рет-ретімен мақсатты қимыл қозғалыс.

Идеаторлы апраксия жоспар жоқтығынан күрделі қимыл қозғалыстарды жасай алмау, бұл кезде қимылдардың реттілігі бұзылады (Мысалы, науқасқа темекіні тұтатып көрсетуді сұраған кезде, ол темекімен сіріңке қорабын тұтатады, сондан кейін сіріңкені алып аузына салады). Доминантты жарты шардағы (оңанақайларда сол жақ) төбе бөлігіндегі қыр үсті иірім ( gyrus supramarginalis) зақымдалған кезде дамиды және әрдайым екіжақты болады.

Конструктивті апраксия кезінде қимылдың бағыты бұзылады, науқастар бөліктерден бір бүтін нәрсе шығара алмайды. Мысалы: сіріңкелерден геометриялық фигураларды құрастыру (ромб, квадрат, үшбұрыш). Бұл кезде зақымдалу доминантты жарты шардың төбе бөлігінің бұрышты иірімінде (gyrus angularis) орналасады. Апраксиялық бұзылыстар әрдайым екіжақты.

Моторлы апраксия бұл кезде қимылдың тек қана аяқасты еріксіз қозғалысы ғана емес, сонымен қоса бұйрықты орындаумен қайталауы бұзылады. Көбінесе біржақты (мысалы, сүйелді дене зақымдалған кезде тек қана сол жақ қолда).

Бас миы жеке бөліктерінің зақымдану симптомдары

Маңдай бөлігінің жойылу симптомдары

  • Контралатеральды қол немесе аяқтың орталық параличі немесе тіл бұлшықетінің (орталық алды иірім зақымдалған кезде)
  • Қарсы жаққа қараудың парезі (орталық маңдай иірімнің артқы бөлігі)
  • Паркинсонизм, сирек гиперкинездер
  • Янишевский-Бехтеревтің ұстап алу феномені
  •  Маринеску-Родовичи рефлексі Хоботковый рефлексі
  • Маңдай атаксиясы (астазия-абазия)
  • Моторлы афазия (Брок зонасы)
  • «Жекеленген» аграфия (ортаңғы 2-ші маңдай иірімінің артқы бөлігі)
  • Апатико-абулиялық синдром, маңдай юморы (мория) эйфория

Маңдай бөлігінің тітіркену синдромдары

  • Джексонның тартылу ұстамалары – тонико-клоникалық (алдыңғы орталық иірім)
  • Оперкулярлы ұстама– ( төменгі маңдай иірімнің жабатын бөлігі)
  • Адверсивті ұстамалар – (ортаңғы маңдай иірімінің артқы бөлігі )

Маңдай автоматизм ұстамасы – күрделі пароксизмді психикалық бұзылыстар, тәртібінің бұзылуы, бұл кезде науқастар қоршаған ортаға қайшы келетін қимыл қозғалыстар жасайды (өртеу, өлтіру).

Кіші эпилепсиялық ұстамалар – тез, бірнеше секунд ішінде науқас сөзі тоқтап, қолынан заттары құлап, тұрып қалатын көрініс беретін ұстама.

Төбе бөлігінің жойылу симптомдары:

  • Анестезия
  • Астереогноз
  • Апраксия (доминантты жартышарда) – идеаторлы немесе конструктивті
  • Аутотопагнозия – науқас өзінің дене бөліктерін танымау немесе бұрмалап қабылдау, сол мен оңды айыра алмау
  • Төменгі квадратты гемианопсия – төбе бөлігінің тереңінде
  • Псевдополимелия
  • Анозогнозия

Төбе бөлігінің тітіркену симптомдары:

  • Соматосенсорлы джексон ұстамасы

Самай бөлігінің жойылу симптомдары:

  • Есту агнозиясы
  • Жүйелі бас айналу ұстамасы
  • Контралатеральды астазия-абазия
  • Жоғары квадратты гемианопсия – самай бөлік тереңінде
  • Сенсорлы афазия
  • Амнестикалық афазия

Самай бөлігінің тітіркену симптомдары:

  • Галлюцинациялар және үлкен генерализденген ұстамалар әр түрлі аурамен бірге сипатталады:
  • Иіс сезу (Гешле иірімі)
  • Дәм сезу (аралша бөлігі)
  • Есту (жоғарғы самай иірімі)
  • Вестибулярлы (самай, шүйде және төбе бөліктерінің түйіскен жері
  • Висцеральды (медиобазальды бөлім)
  • Түс көрген тәрізді жағдай– «ешқашан көрмеген», немесе « бұрын көрген» феномендері кездеседі
  • Самай автоматизмі – ориентировканың бұзылуы – өз үйін танымайды, мақсатсыз қимылдар жасайды
  • Кейде кіші ұстамалар қимыл қозғалыс бұзылуынсыз болуы мүмкін.

Шүйде бөлігінің жойылу симптомдары:

  • Жоғары квадратты гомонимді контрлатеральды гемианопсия (тіл иірімі, ішкі бөлігі)
  • Төменгі квадратты гомонимді контролатеральды гемианопсия (клин)
  • Көру агнозия ( шүйде бөлігінің сыртқы бөлімі)
  • Алексия (жазуды түсінбеу) шүйде және төбе бөлік шекарасында
  • Акалькулия (санаудың бұзылу)
  • Контралатеральды атаксия
  • Метаморфоксия (көрген заттарды бұрмалап қабылдау– микропсия, макропсия)

Шүйде бөлігінің тітіркену синдромдары:

Фотомдар – шүйде бөлігінің ішкі беткейінің тітіркенуі кезінде шүйде бөліктің сыртқы беткейінің тітіркенуі кезінде – кинофильмдер, мультиктер, кадрлар көрінісі болады.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Сөйлеу бұзылыстары
  2. Психиатриядағы синдромдар. Жіктелуі
  3. Бас мидағы қан айналым
  4. Жыныстық әуестіктің бұзылу формалары
  5. Бассүйек ми жарақаты
  6. Бүйірлік амиотрофиялық склероз

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!