Сөйлеу бұзылыстары

Сөйлеу бұзылысы

Клиникалық практикада сөйлеудің бұзылуының келесі түрлері белгілі:

  • афазия
  • дизартрия
  • алалия
  • мутизм
  • Жалпы сөйлеудің дамымауы

Афазия – дамыған сөйлеудің орталықтан бұзылуы. Яғни адамның өзінің ойларын жеткізу үшін және қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату үшін жартылай немесе толығымен сөйлеудің бұзылуы, бұл кезде артикуляция мен есту функциялары бұзылмаған. Афазия түрлері – моторлы, сенсорлы, амнестикалық.


Моторлы афазия
– өздігімен сөйлей алмайды. Науқас өзінің есінде қалған жеке сөздермен буындарды қайталайды (сөйлеу эмбол). Жеке сөздерді қысқа сөйлемдерді, нұсқауларды және жазылған сөздерді түсінеді. Моторлы афазия сол жақ маңдай иірімінің артқы төменгі бөліктерінің (Брок зонасы) зақымдалу кезінде дамиды.Науқас өзінің қателіктерін түсінеді.

моторлы афазия
Моторлы афазия кезіндегі зақымдалатын аумақ

Сенсорлы афазия – науқас өзінің және басқалардың да сөйлегенін түсінбейді.Науқас сөйлеуді шу ретінде немесе өзіне түсініксіз тілде сөйлеп тұрғандай сезінеді. Науқас көп және тез сөйлейді (логорея), бірақ сөйлеуі басқаларға түсініксіз. Сөйлем мағынасыз, қажетсіз, түсініксіз дыбыстардан (сөздік окрошка) тұратын сөйлеудің бұзылуы. Сенсорлы афазия сол жақ самай бөлігінің (жоғарғы самай иірімінің ортаңғы және артқы бөлігінде – Вернике зонасы) зақымдалуы кезінде дамиды.

сенсорлы афазия
Сенсорлы афазия кезіндегі зақымдалатын аумақ

Амнестикалық афазия – төбе мен самай бөлігінің төменгі және артқы бөліктері зақымдалған кезде дамиды және науқастың заттардың атын ұмытуымен сипатталады. Науқас заттың не үшін қажет екенін біле тұра, қандай зат екенін айта алмайды. Мысалы, қаламды көрсетсек, ол оны «жазу үшін қажет» деп айтады. Егерде, сыбырласа ол дәл тауып айтады.

амнестикалық афазия
Амнестикалық афазия кезіндегі бас миындағы зақымдалатын аумақтар

Мутизм – сөйлеу аппаратының жұмысы бұзылмаған кездегі науқастың сөйлемеуі. Көбіне реактивті неврозда, истерияда, психикалық ауруларда (шизофрения) кездеседі.

Алалия – үш жасқа дейінгі қыртысты сөйлеу зоналарының зақымдалуы кезіндегі жүйелі түрде сөйлеудің дамымауы. Алалия афазия сияқты моторлы және сенсорлы деп бөлінеді.

Дизартрия – артикуляцияның бұзылуы, ол орталық (екі жақты зақымдалуы кезінде ) болуы мүмкін және перифериялық (сөйлеуге қатысатын бұлшықеттер параличі кезінде) немесе мишық зақымдалғанда, стриопаллидарлы жүйе зақымдалған кезде кездеседі. Дизартрия кезінде науқас сөздері дұрыс құралған, сөз қоры қалыпты, бірақ кейбір сөздерді айтқан кезде артикуляция үшін қиын әріптерді айта алмайды. Мысалы, «р», «л», әріптер

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!