Гипотензивті әсері бар препараттар
Гипотензивті препараттар – АҚ төмендету үшін қолданылатын дәрілік заттардың тобы.
Әсер ету механизіміне және дәрілік топтар классына байланысты келесідей жіктеледі:
- Ангиотензин ІІ рецепторларының антагонистері
- Кальций каналының блокаторлары
- В-адреноблокаторлар
- АПФ ингибторлары
- Диуретиктер
- а-блокатор
Диуретиктер келесідей топқа бөлінеді:
- Ілмекті диуретиктер: Буметонид, Фуросемид, Пиретанид, Торасемид, этакрин қышқылы. Бұлар гипертониялық криз кезінде тиімді, бірақ ұзақ қолдануға болмайды, себебі микроэлементтерді шаяды, жиі аритмия дамуы мүмкін.
- Тиазидтер: Индапамид, Арифон Оксодолин, Салуретин, Гигротон жатады. АГ бастапқы сатыларында қолданылады. АПФ ингибиторларымен жиі бірге қолданылады.
- Антиальдостеронды немесе калий жинаушы дәрілер: верошпирон, спиронолактон триамтерен. Әлсіз препараттар қатарына жатады, жиі басқа диуретктермен қолданылады
Фуросемид 20-30 мг тамыр ішіне енгізеді, 2-3 мин сон гипотензивті әсері біліне бастайды. Шеткі қантамырларды кеңейтіп, диурез күшейтеді.
Қарсы көрсеткіштері:
- Электролиттік алмасу бұзылысы
- Анурия
- Коматозды жағдайлар
Бетта адреноблокаторлар
В-адреноблокаторлар құрылысы жағынан эндогенді катехоламиндерге ұқсас, постсинапстық мембранадағы в – адренорецепторлармен байланыса отырып, Жүрек қантамыр жүйесіндегі негативті әсер ететін импульстарды жойады, сол себепті тек АГ кезінде ғана емес стенокардия, аритмия кезінде тиімді.
- Кардиоселективті: Пропранолол (обзидан, анаприлин, индерал); Надолол (коргард); Окспренолол (тразикор, слоу-тразикор); Соталол; Пиндолол (вискен); Тимолол Алпренолол (аптин).
- Селективті емес: Корданум (талинолол); Атенолол (тенормин, аткардил, бетакард, катенол, принорм, фалитенсин, тенолол); Ацебутолол (сектраль); Метопролол (беталок, спесикор, селокен).
Гиперкинетикалық ГК кезінде пропранолол 10-20 мг дозасында тіл астына қолданады.
Қарсы көрсеткіштер:
- Жедел ЖЖ Атриовентрикулярлы блокада
- Брадикардия Бронх астма
- Аяқ тамырларының облитирлеуші аурулары
- Бифенилді тетразол туындысы: Лозартан, Ирбесартан, Кан-десартан. Калий препараттары және калий сақтаушы преапарттармен бирге қолдануға болмайды
- Бифенилді емес тетразолды емес қосылыс: эпросортан. Қолданылуы АГ+диабеттік нефропатия кезінде
- Бифенилді емес тетразолды қосылыс: телмисартан. МИ, ССН
Кальций каналының блокаторлары
- Қан тамыр қабырғасының тегіс салалы б.е. босаңсытады.
- Миокард жиырылуын төмендетеді.
- Na реабсорбциясына әсер ете отырып зәр айдағыш әсер көрсетеді.
- Спазмолтикалық эффект көрсетеді.
- Тромбоцит агрегациясының алдын алады.
Дигидропиридон туындысы:
- Бірінші -нифедипин
- Екінші – амлодипин исрадипин лацидипин реодипин нимодипин
Фенилалкиламин туындысы (верапамил тобынан)
- Бірінші- верапамил
- Екінші – галопамил (прокорум)
- Бензотиазепин туындысы (дилтиазем тобынан): дилтиазем, клентиазем
- Дифенилпиперазин туындысы (циннаризин тобынан): циннаризин (стугерон), флунаризин
α- (Альфа) адреноблокаторлар
Бұл топтағы преапарттар адренергиялық синапстар арқылы қан тамыр тарылтатын импульстардың өтуіне кедергі жасай отырып артерилолар мен прекаппиялярларды кеңейтеді.
- Селективті: прозозин, доксасозин, тамсулозин, алфузозин
- Селективті емес: фентоламин, спорынья алколоиды(пророксан), троподифен