Нейротоксикоз
Нейротоксикоз жиірек грипп және аденовирусты инфекцияларда кездеседі. Ол 3 жасқа дейінгі нәрестелерде ауыр түрде өтеді. Нейротоксикоздың негізгі белгілеріне – неврологиялық бұзылыстармен болатын гемодинамиканың үдемелі нашарлауы жатады.
Клиникасы – гипертермия, орталық нерв жүйесі, жүрек- қантамыр жүйесі, тыныс жүйесі жэне бүйрек қызметінің нашарлауымен байкалады.
Нейротоксикоз ауырлыгы бойынша 3 дәрежеге бөлінеді:
- дәрежесінде – науқас есінен танбайды, қимылдары баяу, үйқысы бұзылған, тырысулар болуы мүмкін, терісі бозарған, акроцианоз жэне менингит белгілері болуы мүмкін.
- дәрежесінде – жағдайы өте ауыр, дене қызуы үдей түскен, менингит белгілері анық, патологиялық рефлекстер мен тонико-клоникалық тырысулар болады.
- дәрежесінде – кома. Жагдайы өте ауыр, есінен танган, жарыкқа және ауыру тітіргендіргіштерге жауап қайтаруы жоқ. Қылилык, көздің шектен тыс қимылдауы (нистагм), менингит белгілері бар.
Вегетативті бұзылыстар: цианоз, терісі мәрмәр тәрізді, тыныс ырғағы бұзылған (Чейн-Стокс, Биота) және жүрек- қантамыр қызметі нашарлаған.
Нейротоксикоз кезінде жедел жәрдем көрсету
Жалпы кез келген жаста болса да нейротоксикоз науқасқа дереу медициналық көмек көрсетуді талап етеді. Көмек көрсету алгоритімі саты бойынша келесідей болуы керек:
- Дене кызуьш басу: 50% 2 мл анальгин ерітінд.сш ересекгерге (балалардың әр жасына 0,1 мл) бұлшықетке енгізу;
- Тырысу кезінде- 0,5% 2 мл седуксен ерітіндісн (балалардың әр жасына 0,1-0,2 мл); 20% 5 мл натрий оксибутиратын (балалардын салмағына қарай 100-150 мг) бұлшыкетке енгізу;
- Гемодинамиканы қалпына келтіру: токсикоздың 1-ші дәрежесінде балалардың әр жасына 2,4% эуфиллин ерітіндісін 0,1 мл/кг көктамырға енгізу кажет, 0,25% дроперидолды балалардың әр кг салмағына 0,1 мл немесе аминазин, пипольфен көктамырға енгізіледі.
- Преднизолон 60-80 мг ересектерге, балалардың әрбір кг салмағына 2-3 мг.
- Токсикоздың 3-ші дәрежесінде балаларға 10 мг/кг/мин немесе симпатомиметиктер (норадреналин, мезатон) енгізіледі. Оттегі терапиясы, оның әсері болмаса Өкпені жасанды желдету. Преднизолонды баланың әрбір кг салмағына 3-5 мг, ересектерге 90-120 мг енгізіледі.
- Қышқыл- негіз құрамын және электролиттерді қалпына келтіру- калий препараттары, сода, аскорбин қышқылы, кальций.
- ДВС синдромының алдын алу- дезагреганттар енгізіледі.