Аденовирусты инфекция
Аденовирусты инфекция – аденовирустың көптеген серотроптарымен шақырылатын, көбінесе аэрогенды жолымен жұғатын, организмде эпителиальды және лимфоидты клеткаларында қалыптасып, клиникасында тыныс алу жолдарының, көздің, ағзалардың қабаттарымен лимфоидты ағзалардың қабынуымен өтетін антропонозды жедел инфекция.
Этиологиясы. Құрамында ДНК-3 тұрақты антигені (А,В,С) бар Adeuoviridae тұқымдасының вирусы. Аденовирустардың 90 серовары белгілі, оның ішінде 32-сы адамға патогенды. Аденовирустардың ерекшелігі-лимфотроптылық. Сыртқы ортада төзімді.
Эпидемиологиясы. Таралымы өте кең, көбінесе бірен саран оқиғалар немесе эпидемиялық өршу түрінде тарайды.
Аурудың көздері:
а) ауру адам, қоздырғышты ауамен 25 күн, нәжіспен 2 айға дейін шығарады
б) вирус тасымалдаушылар:
- қысқа мерзімді реконвалесценция кезеңінде
- транзиторлы (иммунды адамдарда)
- ұзақ (бірнеше айға дейін)
- сау адамдардың миндалиналарында
Тарау жолдары.
- ауа тамшылы (негізгі)
- алиментарлы тұрмыстық
- қатынас арқылы (қосымша маңызды)
Ауыратындар көбінесе балалар. Жалпы ЖРВИ құрамында аденовирусты инфекция балалар арасында 2-24%, ересектер арасында 2-6% кезінде кездеседі.
Мерзімі күз-қыс айлары.
Иммунитет: аурудан кейін типті спецификалық иммунитет қалыптасады.
Патогенезі. Аденовирустар тыныс алу, ас-қорыту жолдарының, көздің шырыш қабаттарына түсіп, олардың эпителиальды клеткаларының ішінде көбейеді. Шырыш қабаттарда эксудациемен фибрин түсуімен, некроздануымен өтетін жергілікті қабыну процессі қалыптасады. Аденовирусты инфекцияда патологиялық процесс типті түрде жұтқыншақта (фарингит). Қабыну процессі жоғарыдан төменге қарай түсіп интерсициальды инфекцияланған шырыш төмен асқазанға, ішекке түсіп асқорыту жолын зақымдануы себебі болады.
Шырыш қабаттарынан вирус қан тамыры арқылы қанға өтіп-вирусемияны тудырады. Вирус қанмен организмдегі моноциторлы макрофагальды жүйесі клеткаларынан қалыптасқан ағзаларға тарайды (лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыр т.б.). Вирусемия мен қатар токсинемия айқын өтіп-интоксикация себебі болады.
Клиникасы. Клиникалық көріністері әр түрлі болады. Клиникалық түрлеріне қарай келесі түрлерін ажыратады:
- жедел респираторлы ауру (ринофарингит)
- жедел фарингит
- фарингоконьюктивиальды қызба
- жедел коньюктивит
- нератоконьюктивит
- рифаренготонзилит
Инкубациялық мерзімі 4-14 күн, орташа 5-7 күн.
Клиникасында 2 синдром бөлуге болады:
- интоксикация синдромы
- патологиялық процесс орналасуына байланысты синдром
Сырқат жедел интоксикация және катаральды көріністерден басталады.
Интоксикация синдромы аденовирусты инфекцияда көбінесе шамалы түрде өтеді.
- дене қызуы жоғарлайды, максимальді көрсеткіші 2-3 күн бойы ұзақтығы 1-12 күнге дейін
- адинамия
- енжарлық
- бас ауру
- бұлшық еттерінде ауырсыну
Катаральды синдром жоғары аталған клиникалық түрлерне сәйкес фарингит, тонзиллит, ринит белгілерімен өтеді. Аурулардың көбінде коньюктивит белгілері болады.
Ас қорыту жолы жағынан:
- жүрек айну
- құсу
- эпигастральды аймақтағы ауырсыну
- диарея болуына тиісті
Лимфаденопатия – аденовирусты инфекциясын көрнекті белгісі (көбінесе мойын, жақ асты лимфа түйіндері)
Ауруларда жиі бауыр мен көкбауырдың ұлғайғанын анықталады.
Кейбіреуінде денеге бөртпе шығуы тиіс:
- розеолезды
- дақты
- дақты-папулезды
- петехиальды
Аденовирусты инфекцияның клиникалық түрлерінің ерекшеліктері:
Жедел респираторлы ауру – ең жиі кездесіп жеңіл өтетін түрі. Көбінесе ринит белгілерімен кейде ринотраксобронхит түрінде өтеді.
Жедел фарингит – тамағын жұтынған кезде ауырсынуымен, жұтқыншақ шырыштарының гиперемиясымен, бадамша бездерінің қабынуымен және тыныс алу жолдарының зақымдануымен өтеді. Фарингоконьюктивиальды қызбада қызба, интоксикация белгілерімен қатар коньюктивит қалыптасады.
Коньюктивит басында біржақты болып, 4-5 күннен кейін 2-ші көзіне түседі. Қабынуы-катаральды, фоликулярлы немесе қабыршақтанған түрінде болады. Коньюктивит басында клиникалық көрініс болғанда 2 аптаға дейін созылады. Кератоконьюктивит коньюктивалардың қабынуынан басталып қасаң қабаққа өтеді. Қасаң қабақта субэпителиальды қабыну ошақтары, кейде торлану анықталады. Өзгерістер 3-4 апта бойы сақталады.
Асқынулары. Екіншілік инфекция қосылу себебінен пайда болатын – пневмония, ангина, отит т.б.
Диагностикасы.
- көрнекті клиникалық белгілер (коньюктивит, ринофаринготонзиллит, лимфоаденопатия, гепатоспленомегалия)
- лабораторлы тексерулер:
а) иммунофлюоресцентті әдіс (зақымдалған клеткалар ішінде антигенді анықтау)
б) серологиялық әдіс (жұпты сары су әдісін қолданып)
в) иммуноферментті әдіс (ИФӘ) вирусты нәжістен анықтау
Дифференциальды диагноз. Аденовирусты инфекцияның клиникалық түрлеріне байланысты өткізіледі.
- Респираторлы түрінде – гриппен ж.б. ЖРВИ
- Фарингоконьюктивальды қызбада – ангиналармен, дифтериямен.
- Қабықшаланған коньюктивитте –көз дифтериясымен.
Емі. Асқынбаған ағында аденовирусты инфекцияны – амбулаторлы жағдайда емдейді.
- Жартылай төсек режимі, бөлмені желдету, ащы приправаларды жемеу қажет.
- Сұйықтықты көп ішу керек, әсіресе бал қосылған шай, лимон қосылған шай ішу керек.
- Микроэлементтер бар поливитаминдер қолдану
- Аяққа горчишник қою, ыстық ванна қабылдау өте тиімді, табанға перцовый пластырь жабыстырып қою да көмегін тигізеді.
- Ауыр ағымында арбидол 0,2 г * 4 рет тәулігіне 3-5 күн қабылдайды. Интерферон препараттарын (лейкоцитарлы интерферон ) қолдану керек.
Жедел ринит кезінде жартылай төсек режимі, тыныштық қажет. Парацетамол 0,5-1 г ішке әр 4-6 сағ сайын, 4 тәуліктен артық қолдануға болмайды немесе аспирин 0.325-1 г ішке әр 4-6 сағ сайын, 4 г/тәул артық қолдануға болмайды.
Атрофиялық ринит кезінде мұрын қуысын физиологиялық ерітінділермен жиі жуу, А витамині бар мұрын тамшыларын тамызу күніне 3 рет тамызу. Риниттің ауыр ағымында ретинол ацетаттың 1-2 дражесын 2 рет тәулігіне қабылдау. А витаминін ішке 1 айлық курспен жылына 2-3 рет қабылдау да өз тиіділігін береді. Тонзиллит кезінде тамақты антисептиктермен шаю керек
Болжамы сауығу.
Алдын алу.
- Дене шынықтыру (эпид.көрсеткіштері болса, шаралар)
- Вакцина егу (тері энтеральды вакцина)
Жазған: Молдаханов Еркебулан