Нәрестенің біріншілік патронажы
Жас анада көптеген психологиялық проблема және толғаныстары болады, кейбір аналар күтпеген қиыншылықтар мен баланың жағдайына байланысты қорқыныш сезімдеріне бой алады. Сондықтан жас анаға барлық қиыншылықтарына, сұрақтарына жауап беріп бәрін түсіндіру қажет. Учаскелік педиатр және медбике мен ана тығыз байланыста болып, анаға психологиялық көмек беру қажет. Жаңа туған нәрестені неонатолог үйге шыққан соң 3 күннен кейін қарайды. Алғашкы патронажда сәби мен анасының күйін, шағымдарын, жүктіліктің және босанудың қалай өткенін, нәрестенің нешінші күні емшекке салғанын, қалай емгенін, кіндігі қашан түскенін, босанатын үйден қашан шыққанын, физиологиялык жоғалған салмақ мөлшерін аныктайды және балаға қолайлы жағдай жасалғанын тексереді. Әсіресе жүйке жүйесінің, тері, кіндік шенберіне, дамуда аномалия жоқтығына көңіл аударады. Кейін медбике бірінші аптада үйге келіп тұрады, алғашкы айда әр жеті сайын,ал балалар дәрігері 7-10 күннен соң кайтадан сәбиді карайды. Біріншілік патронаждың мақсаты нәресте денсаулығын және дамуын бағалап, диагноз қойып, денсаулық тобын анықтау. Патронаж соңында анасына шұғыл жағдайда қайда баруы және не істеу керектігі түсіндіріледі. Медбике анасының жағдайын , соматикалық және психологиялық денсаулығын, лактация жағдайын, тамақтану тәртібін қадағалайды. Күн тәртібін түсіндіріп, тамақтану және жеке бас гигиенасы сақтау ережелерін түсіндіреді.
Бала емізетін жас ананың бір күндік тағамы:
- 200 гр ет
- 1 литр сүт
- 100-150 гр ірімшік
- 300 гр көкеністер
- 1 жұмыртқа
Емізуші әйелдің дұрыс тамақтануы жайлы материалды да оқи кетіңіз.
Патронаж кезіндегі іс-әрекет ережелері:
- Баланың ата-анасымен амандасу
- Дәрігер немесе медбике өз аты –жөнін айтып, таныстырады
- Баланың ата – анасымен сенімді қарым-қатынас орнату
- Ата – анамен танысып, құжаттық мәліметтерін толтыру
- Егер ата –ана еш жерде тіркелмесе, белгілі бір поликлиникаға тіркелу туралы түсіндіру
- Баланы толықтай қарау
- Анамнез жинау
- Бала жағдайына қарау және дене температурасын өлшеу
- Тері қабатын және шырышты қабаттарына қарау (тері тургоры, тері түсіне қарау, ісіну бар-жоқтығына мән беру)
- Сүйек – бұлшықет жүйесін тексеру(нәресте басынының өлшемі)
- Бас – ми нервтерін тексеру
- Нәресте рефлекстерін тексеру
- Тыныс алу жүйесін тексеру
- Қан айналым жүйесін тексеру
- Асқазан – ішек жүйесін тексеру
- Жыныс – зәр шығару жүйесін тексеру
- Жалпы қарау жоспарына байланысты 1 айға жоспар құру
- Жағымды болжамдағы топ (5 баллға дейін) – 1 рет 10 күнде
- Қадағалау тобы (6-17 балл) – 1 рет 7 күнде
- Жоғары қауіптегі топ (18 және одан жоғары ) – 1 рет 3 күнде
18. Анасының сүт бездерін тексеру