Бөртпелердің негізгі элементтері
Бөртпенің біріншілік элементтерінің сипаттамасы
| Бөртпе элементтері түрі | Клиникалық сипаттамасы | 
| Розеола | Өлшемі 5мм дейін болатын қызғылт, қызыл немесе пурпурлы түсті дөңгелек дақ, теріні тартқанда немесе басқанда жоғалатын, жергілікті қантамырлардың микроциркуляторлы ағымының толуынан қалыптасады. (ұсақ жайылған розеолозды бөртпе – ұсақ нүктелі | 
| Макула | үлкен өлшемді бөртпе розеолаға жақын және дұрыс емес формалы бөртпе ↔ ұсақ дақты (диметр – 5-10 мм) және ірі дақты (диаметр – > 10 мм) 
  | 
| Эритема | терінің қызарған жерінің көп бөлігі, дақты элементтердің бір-бірімен қосылуынан қалыптасады немесе жеке терінің зақымдалу формасы | 
| Папула (узелок)  | әртүрлі өлшемді (1-20мм) тығыз элемент, терінің бетінен шығып тұраты, продуктивті қабынудан, беткей дерма қабаттарының клеткалық инфильтациясынан қалыптасады; екінішілік элементтер – пигментация, отрубевидное шелушение (мельчайшие чешуйки) | 
| Бугорок | дерманың терең қабаттарының арнайы қабынулық гранулемалар түзілуінен дамитын, шамалы тығыз консистенциялы папула;екіншілік элементтер – жара → тыртық | 
| Узел (түйін) | дерманың терең қабаттарының және теріасты клетчаткаларының клеткалық инфилтрация дамуынан пайда болатын, тығыз шектелеген, диаметрі 1-10см немесе одан жоғары болатын, дөңгелек немесе сопақша пішінді түзіліс. | 
| Күлдіреуік (Волдырь) (уртикариия) | әр түрлі өлшемді ( 2см дейін және жоғары) қуысты тығыз экссудативті элемент, қызығылт немесе бозғылт ( қантамыр тарылуында) түсті, дөңглек немесе сопақша пішінді, жиі тері қышумен жүреді, терінің емізікшелі қабатының жедел ісінуінен дамиды | 
| Везикула  (пузырек)  | беткей орналасқан куполтәрізді ұсақ (5-10мм) қуысты жемчуг-сұр түсті элемент, серозды немесе серозды-геморрагиялық экссудатпен толған, эпидермистің тікнекті қабатының баллонирлеуші дистрофиясынан дамиды; біркамералы және көпкамералы везикулалар; екіншілік элементтер – беткей эрозия →қабыршық (корка)→ тұрақты емес депигментация алаңы (экссудат іріңдегенде пустулуға транформация жасауы мүмкін) 
  | 
| Булла (пузырь)  | ірі көпіршік (диаметрі – 1см жоғары), серозды, серозы-геморрагиялық немесе іріңдікпен толған, біріншілік немесе везикулдардың қосылуынан пайда болады. | 
| Пустула (гнойничок)  | инфилтративті негізі бар, іріңді немесе іріңді-геморрагиялық экссудатпен толған, ауырсынатын қуысты элемент; везикул құрамының іріңдеуінен пайда болады; біркамералы немесе көпкамералы пустула; екіншілік элементтер – қабыршық → тыртық | 
| Геморрагиялар | теріге әртүрлі көлемді және мөлшерлі қан құйылулар, теріні тартқанда жоғалмайтын элемент; тамырлық өткізгіштіктің кенет жоғарылауынан және қантамырлы-тромбоцитарлы жүйедегі гемостаз тізбектің бұзылуынан диапедез дамуынан қалыптасады. Біріншілік және екіншілік петехиялар; екіншілік элементтер – пигментации, эрозии, корки, тыртық геморрагилар ↔ петехилар (нүктелі қан құйылулар, диаметр – 1-2 мм), пурпура (диаметр – 2-5 мм) және экхимозы (диаметр – > 5 мм)  | 
Бөртпенің екіншілік элементтерінің түрлері
| Бөрпе элементтерінің түрлері | Клиникалық сипаттамасы | 
| Эпидермистің әр түрлі түсті (ақ,сұр,сары) сылынып алынатын мүйізді пластинкаларының болуы қабыршықтану ↔ тыртықтану (ұсақ қабыршықтар), пластинка тәрізді (қабыршық диаметрі 1-3 мм) және жапырақ тәрізді (қабыршық диаметрі > 5 мм)  | |
| (қабыршық) Корочка, корка | Терідегі қан немесе ірің , серозды экссудаттың кебуінен пайда болған түзіліс қабыршақ ↔ серозды (сұр түсті), іріңді (сары немес сарғыш түсті) және геморрагиялық (қою-қызыл)  | 
| Пигментация | бөртпе аймағында біріншілік элементтен кейін меланин пигментінің жиналуынан немесе эритроцит және гемоглобин ыдырауынан тері түсінің өзгеруі | 
| Жара(Язва) | тері тінінің ақауы, тіндерге терең таралады ( тыртық қалумен жазылады) | 
| Тыртық(Рубец) | теріде ақауы бар жерде талшықты дәнекер тіннің өсуі | 
Сонымен қатар бөртпелердің ажырату диагностикасын оқи кетіңіз
 
 
