Сіреспе – анаэробты, споронозды, кластридиум титани қоздырғышы тудыратын спецификалық инфекционды ауру. 2түрлі улы зат шығарады: тетаноспазмин, тетаногемолизин.
Тетаноспазмин – улы, нерв жүйесіне әсер етіп, көлденең бұлшықеттердің жиырылғыштық қызметі өзгеріп, тонустық тырыспа және конустық тырыспаға әкеп соғады. Тетаногемолизин – қан құрамындағы қызыл түйіршіктер,яғни эритроциттерді ерітіп,бұзып жібереді. Жара, тыртық, сырылулар т.б. әсерінен терінің, шырышты қабықтың бұзылуынан сіреспе таяқшалары ағзаға еніп сіреспе ауруын тудырады.
Сіріспенің таяқша микробтары көрінген жерде, әсіресе ауылды жерлерде жиі болады. Мал қиымен бірге шығатын сіреспе таяқшалары мал жайылып жүрген жерлерде кездеседі. Бау-бақша егілетін топырақтар осы микробтарға өте бай. Адам сіреспе таяшасының уына өте сезімтал, ал организмде сол уға қарсыласу иммунитеті болмайды.
Клиникалық белгілері: науқас мазасызданады,бас ауру,күйгелектік, жиі қара терге түсу, жара бар жерде ауру сезімі ұлғаяды, жара төңірегіндегі бұлшықеттердің тітіркенуі байқалады, бет б/еттері тырысып қалғандықтан науқас адам күліп отырған сияқты көрінеді, мұндай жағдайды сардоникалық жымию д.а. Науқас адам өте қатты қиналып, б/еттері тарылып,сіресу бірінен соң бірі жүріп отырады. Аяқ, арқаның, желкенің б/еттері шұғыл түрде жиырылып, тырысып қалғандағы адам жатысын опистотонус д.а. Мұндай жағдайда жатқан адамның жамбасы, арқасы, жауырын-иықтары еденге тимейді. Сіреспе ауруының белгілері тез білінгендіктен ол 1-2 тәулік ішінде өлімге әкеп соқтырады.
Профилактикасы: 2топқа бөледі. 1-ші спецификалық (активті,пассивті) – анатоксикалық профилактика, ол сіреспе анатаксинін иммунитетін көтеруне бағытталған. 2-ші спецификалық емес профилактика – ол жаралардағы микробтарды өлтіруге және де жараға жағдай жасағанда, олардың дамуынақолайсыз емес бірінші хирургиялық обработка жасау керек (өз уақытында және дұрыс).
Емі: сіреспеге шалдыққандарды емдеу үшін 4 комплексті ем қолданылады.
1 – жаралы жерде сіреспе микробының қанға сіңуіне бөгет жасап ал сіңіп кеткен улы заттардың күшін кеміту.
2 – тонустық және конустық тырысуды азайтып, оны болдыпмау амалын қарастыру.
3 – науқас адамның жүрек, өкпе қызметін, жалпы жағдайын жақсартуға әрекет жасау.
4 – аурудың асқынуына қарсы күрес жүргізіп, сепсис, пневмония сияқты зардаптардың пайда болмайын қарастыру.