Этиология. Вирусты гепатит D (дельта-вирус, НДV) -30-37 нм мөлшерлі сфералы бөлшекткрді құрайды, РНК-сы бар, ішкі антиген – НДАg, сыртқы – беткей антиген ВГВ – НВsАg. Бұл жіктелінбеген вирус (вириоид) ВГВ хелперлі функциясында репликация кезінде қажет етеді, ВГД қабықша синтезі үшін НВsАg қолданылады. Генотипирленуіне 3 генотип пен бірнеше ВГД субтиптерін анықтауға болады. 1 генотип вирусы сирек кездеседі. 1а субтипі жеңіл, ал 1в- аурудың ауыр түрін шақыртады.
Эпидемиология. Инфекция көзі инфекцияның жедел және созылмалы формаларымен ауыратын адамдар, манифестті, сондай-ақ субклиникалық формада кездеседі. Механизм мен таралу жолдары, ГВ сияқты. Инфицирленгендердің арасында көбісі наркомандар (52%) және гемофилия ауруымен ауратындар. Жыныстық қатынаспен жұғұ жолы жоғары жиілікте.
Клиника. Гепатит Д тек ВГВ-мен инфицирленгендер адамдарда кездеседі, ол жедел коинфекция мен суперинфекция ретінде өтеді. Коинфкция кезінде инкубациялық периоды – ВГВ және ВГД –н бір уақытта зақымдалуда 40-н 200 күнді құрайды. Ауру салыстырмалы қатерсіз және ГВ типті емес қызбамен өтетін қысқа продромальді кезеңмен смпатталады, сондай-ақ 50% оң жақ қабырға астында ауырсыну, 30% ірі буындарға өтіп, сарғаю периоды 2 толқынды ағынмен жүреді. Сарғаю периодына тән: субфебрильді температура, оң жақ қабырға астында ауырсыну сақталады, уртикарлы бөртпе, гепатосплепомегалия. Ескеретін жағдай, бір уақытта 2 инфекцияның жедел ағымы (коинфекция) аурудың созылмалы және фульминантты формасына өтуіне қауіп тудырады. Суперинфекция кезінде жедел гепатит Д созылмалы ВГВ – инфекциямен қабаттасып жүруі кезінде (манифест пен субклиникалық) инкубациялық кезең қысқарады және 1-2 айды құрайды. Сарғаю алды кезеңде 3-5 күнге созылады және астеновегетативті, диспепсиялық синдромдар, оң жақ қабырға асты ауырсыну және артралгия өтуімен сипатталады. Сарғаю периоды алғашқы 3-5 күн қызбамен, кейіннен созылмалы ағымда, ісіну-асцитикалық және геморрагиялық синдромдардың өтуімен сипатталады. Ауру прогрессирленуі кезінде бір жағдайда фульминантты гепатит ОПЭ-мен және летальді соңымен, ал басқа жағдайда – айқын белсенді созылмалы гепатитпен және тез дамитын бауыр циррозымен өтеді. Суперинфекция кезінде летальділігі – 5-20%.
Диагностика. Жедел коинфекция ВГВ/ВГД науқаста маркерлердің белсенді репликациясында ВГВ:НвsAg, НвеAg, НВV-DNA, IgM анти-HBc, және ВГD:HDVAg, IgM анти-HDV, HDV-RNA. Аурудың алғашқы 2 аптасында ауру қанында HDVAg және HDV-RNA анықталады. Аурудың 10-15-ші күні IgM анти-HDV, ал 5-9 аптадан –IgG- анти-HDV. ВГД жедел суперинфекция кезінде IgM анти-HDV жоқ болып ВГD:HDV-RNA және IgM анти-HDV репродукция маркерлері анықталады.
Емі. ГВ кезінде қолданылатын емдік шаралар комплексі қолданылады
1.Базистік терапия | 1. Сақтандыру тәртібі 2. Емдік тамақтану (№ 5 диета немесе №5а диета-ортпша ауырлықпен және ауыр дәрежеде жедел фазасында өтетін ауру) | |
2. Дезинтоксикациялық терапия | ||
2.1Ішектен улы заттарды шығару | Энтеросорбция: 1. целлюлоза заттары:микроцеллюлоза (МКЦ) 3-4 таб күніне 3 рет, полипефан. Лигносорб, ваулен және т.б, 2. ПВП туындылары: энтеродез (энтеросорб) 100 мл-дан 5 г күніне 3 рет. | |
2.2 Үлы заттарды бүйрек арқылы шығару. | 1. Тәулігіне 2-3 л-дей қосымша сұйықтықты (жемістердің және жидектердің шырыны, минералды су түрінде) пероралды енгізу. 2. Гемодилюция: кристаллоидтардың 3 бөлігі, коллоидтардың 1 бөлігі (диуретиктер мен гормондарды қолдану). | |
2.3 Тері арқылы улы заттарды шығару | 1. Терінің күтімі және жылулық (микорциркуляциялық жақсарту,тердің және майдың бөлінуі). | |
2.4 Тіндік гипоксияға және липидтердің тотығуына жол бермеу | 1.Антиоксиданттар (эссенциале, Е витамині,С витамині, рутин). 2.Антигипоксанттар макроэргтардың алдын алушылар (С цитохромдары, цито-мак, рибоксин және т.б). | |
2.5 Детоксикацияның экстрокорпоральды әдістері | Плазмалық алмасу, гемоксигенациямен және плазмосорбциямен бірге плазмафрез, гемосорбция және т.б. | |
3.Бауырдың белок синтездуші қызметін және оның регенерация процестерін корригерлейтін терапия. | 1.Белокты ас қоспалары (энпиттер, «Протеин» және т.б). 2.Синтетикалық аминоқышқылдарының ерітінділері (полиамин, альвезин,мориамин, аминофузин және т.б). 3.Белокты заттар (тамыр ішіне): альбумин, протеин, плпзма 4.Поливитаминдер және микроэлементтер 5.Калий заттары 6.Анаболиктер (стероидтер емес және стероидты) | |
4.Некротиздеуді және фиброзирленуді тежеу. | 1.Протеиназалардың ингибиторлары (контрикал, гордокс және т.б). 2.Калий заттары 3.ГБО 4.Гормондар | |
5.Холестаз көріністеріне жол бермеу | 1. 10 мг/кг/ тәулігіне дозасында урсодезоксихоль қышқылының препараты (урофальк) немесе хено және тауродезоксихоль қышқылдары (хенофальк, таурофальк). 2.Өт қышқылдарының адсорбенттері (холестирамин, билигнин) немесе энтеросорбенттер (полифепан және т.б) 3. Өттік криздің пайда болуынан кейін-гидорхолеретиктер және т.б өт айдаушы заттар, тюбаждар. | |
6.Гемостаз коррекциясы | Коагулогрмма көрсеткіштеріне сәйкес. | |
Профилактика. ГВ алдын алу шараларынан ерекшеленбейді. ГВ кезінде қолданылатын вакцина ГД кезінде де қолданылады.