Көкжөтел ауруы
Көкжөтел – циклді ағыммен және ұстама тәрізді спазматикалық жөтелмен сипатталатын жедел инфекциялық ауру.
Этиологиясы. Көкжөтелдің қоздырғышы Bordetella pertussis – грам теріс таяқша. Вирулентті В. Pertussis термолабильді цитотоксин бөледі. Көкжөтелдің қоздырғыштары сыртқа ортаға онша төзімді емес.
Эпидемиологиясы. Көкжөтелдің инфекция көзі – ауру адам немесе тасымалдаушы. Көкжөтелмен ауыратын науқас инкубациялық кезеңнің соңынан бастап эпидемиологиялық қауіпті болып саналады, бірақ спазмды жөтелдің 1-аптасында максималды контагиозды болады. Осы кезеңде науқастардың 90-100%-ы қоздырғыш бөледі. Спазматикалық жөтелдің 2-аптасында науқастардың 60-70%-ы қоздырғыш бөледі, 3-аптада – 30-35 %, ары қарай науқастардың 10% – дан азы қоздырғыш бөледі. Көкжөтелмен ауыратын науқастардың көп бөлігі контагиоздылығын ауру басталғаннан 5-6 аптада жоғалтады. Берілу механизмі – аэрозольды, берілу жолы – ауа-тамшылы. Ең жиі 7 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Бала жасында екпе қабылдамаған балаларда контагиозды индекс 70 – 80-ға дейін жетеді.
Ауырғаннан кейін өмірлік иммунитет қалыптасады.
Клиникалық көрінісі. Типті көкжөтелдің ағымында төрт кезеңді бөліп қарастырады: инкубациялық, катаральды, спазматикалық жөтел және шешілу кезеңі.
Көкжөтел кезінде инкубациялық кезең 3-20 күнге дейін созылады, орташа ұзақтығы 5-8 тәулік.
Көкжөтелдің классификациясы:
Типі бойынша :
- Типті.
- 2. Атипті:
- абортивті;
- жасырын;
- симптомсыз;
- ранзиторлы бактерия тасымалдаушылық.
Ауырлағы бойынша:
- Жеңіл формасы.
- Орташа ауырлықтағы формасы.
- Ауыр формасы.
Ауырлық критерилері:
- Оттегі жетіспеушілік симптомының айқындылығы;
- Тырыспалы жөтел ұстамаларының жиілігі мен сипаты;
- Тырыспалы жөтелден кейін құсу ;
- Ұстама аралық кездегі баланың жағдайы;
- Айқын ісіну синдромы;
- Спецификалық және бейспеификалық асқынудың болуы;
- Айқын гемотолгиялық өзгерістер.
Ағымы бойынша (сипаты бойынша):
- Тегіс.
- Тегіс емес:
- Асқынумен;
- Екіншілік инфекцияның қосылуымен;
- Созылмалы аурудың өршуімен.
Ауырлық критериі.
Жеңіл форма:
- Жалғаспайтын ұстамалы жөтел (3-5 жөтелдік тетік), күніне 10-15 реттен көп емес;
- Баланың жалпы жағдайы өзгермеген, құсуы сирек болады;
- Жалпы қан анализінде лейкоциттер саны 10-15,0*109/л жоғары емес, лимфоциттер 70%-ға дейін.
Орташа ауырлық формасы:
- Жөтелдік тетік саны 10-ға жетеді, ұстама саны-20-25;
- Спазмдық жөтелдің ұстамасы құсумен аяқаталады;
- Жалпы қан анализінде лейкоциттер саны 20-25,0*109/л-ға дейін жоғарлаған, лимфоциттер – 80%-ға дейін.
Ауыр формасы:
- Жөтелдік тетік саны және реприз 10-нан жоғары, ал ұстамалар саны – 40-50 немесе одан жоғары;
- Жөтелдік ұстама жалпы цианозбен, тыныс алудың бұзылуымен апноэға дейін;
- Жалпы жағдайы жедел төмендеген;
- Жалпы қан анализінде лейкоциттер саны 30-40,0*109/л дейін жоғарлаған, лимфоциттер саны – 85% дейін.
Көкжөтелдің тырысу алды периодындағы тіректік-диагностикалық белгілері:
- Көкжөтелмен ауыратын науқаспен немесе ұзақ жөтелетін науқаспен контактыда болу (баламен, ересекпен);
- Аурудың біртіндеп басталуы;
- Дене температурасы қалыпты;
- Жалпы жағдайы және баланың өзін-өзі сезінуі қанағаттанарлық;
- Құрғақ, жабысқақ, біртіндеп күшейетін жөтел;
- Симптоматикалық емнің жүргізілуіне қарамастан, жөтелдің күшеюі;
- Басқа да катаральды белгіліердің болмауы;
- Өкпеде аускультативті және перкуторлы зерттеу кезінде патологиялық өзгерістердің болмауы.
Көкжөтелдің тырысу периоды кезіндегі тіректік-диагностикалық белгілері:
- Эпиданамнез сипаты;
- спазмдық жөтел периоды аурудың соңғы 2-ші аптасында басталады, орташа ұзақтығы 3-4 апта;
- Ұстама тәрізді тырысулық жөтел (патогномоникалық симптом);
- Басқа да катаральды өзгерістердің болмауы;
- Дене температурасы қалыпты;
- Науқастың жалпа жағдайы қанағаттанарлық (ұстама аралық периодта);
- Науқастың сырт келбетінің сипаты (қабақтардың пастозы, беттің ісінуі);
- Ұстама кезінде баланың беті қызарады, көзі қанталайды, жас ағады, тілі сыртқа шығады, тілінің ұшы жоғары бағытталады.
- Оттегі жетіспеушілік көрінісінің болуы;
- Тіл үзеңгісінің жыртылуы немесе жарасы (патогномды симптом);
- Өкпеде аускультативті және перкуторлы патологиялық өзгерістердің айқын болуы.
1 жастағы баланың көкжөтел.
- инкубационды және катаральды периодтың қысқарған(инкубационды – 4 – 5 күнге дейін, катаральды – 1 аптаға дейін),
- спазмды жөтел ұзарған (2 – 3 айға дейін).
- Жөтел кезінде реприздің болмауы.
- Жөтел апноэмен аяқталады, сирек емес тырысулар.
- Тырысудың себебі гипоксемия және гипоксия, олар апноэ кезіндегі газ алмасудың бұзылу салдарынан болады.
- 1 жастағы балалардың көк жөтелі бронхит және пневмониямен асқынады.
Асқынулары.
Спецификалық:
- Өкпе эмфиземасы, тері асты клетчаткасының және средостенияның эмфиземасы, ателектаз, көк жөтелдік пневмония, тыныс алу ырғағының бұзылуы (тыныстың кідірілуі – апноэ 30 секундқа дейін және тоқтауы- апноэ 30 секундтан жоғары);
- Ми қан айналымының бұзылуы;
- Қан кету (мұрыннан, жұтқыншақтың артқы қабырғасынан, бронхтардан, сыртқы есту жолдарынан), қан құюлу (теріге және шырышты қабыққа, склера және көз сетчаткасына, миға және жұлынға);
- жарықтар (кіндік, шаптық);
- тік ішекктің шырышты қабатының түсуі ;
- дабыл жарғағының және диафрагманың жыртылуы.
Бейспецификалық: асқыну екіншілік бастерияның қосылу салдарынан (пневмония, бронхит, ангина, лимфаденит, отит және т.б.).
Резидуальды көріністер:
- Созылмалы бронхоөкпелік ауру (созылмалы бронхит, созылмалы пневмония, бронхоэктатикалық ауру);
- Психомоторлы дамудың тежелуі;
- невроздар, тырысу синдромы;
- әр түрлі сөлеудің бұзылыстары ;
- энурез;
- сирек – соқырлық, кереңдік, парездер, параличтер.
Лабораторлы диагностика:
- Жалпы қан анализі;
- Жалпы зәр анализі;
- Мұрын-жұтқыншақтан Борде-Жангу және Bordetella parapertussis №2 таяқшасына жағынды алу;
- Жоғарғы тыныс жолдары бөліністерінен себінді алу (ұстамалы жөтел кезінде) «жөтелдік пластинка» әдісі;
- Қанды серологиялық зерттеу (РПГА) көк жөтелдік және паракоклюштік антигенмен – аурудың басталуы кезінде және динамикада 7-10 күннен кейін.
Бір реттік тексеріс кезінде диагностикалық титр – 1: 80; ең көп мәлімет жұп сарысуындағы спецификалық антитела титрінің төрт реттік өсуі береді.
Салыстырмалы диагностика. Көкжөтел ЖРВИ-мен, респираторлы микоплазмамен, бронхитпен, трахеобронхитпен дифференцирленеді. Көк жөтелдің басты ерекшелігі – тұрақты жөтел, катаральды өзгерістердің жоқ болуы немесе әлсіз айқын болуы, скудные физикальды симптом.
Көкжөтелдің спазмдық жөтел периоды сонымен қатар ЖРА, обструктивті синдроммен өтетін, туберкулезді бронхоаденитпен, бронхтарда бөгде заттың түсуімен, спазмофилия кезіндегі ларингоспазммен, сирек- бронхиальды астмамен, средостениядағы ісіктермен дифференцирленеді.
Көкжөтел емі
Госптализацияға көрсеткіштер:
- Баладағы ауыр және асқынған формаларымен.
- 2 жастағы балалар;
- Көкжөтелге қарсы екпе алмаған балалар;
- Жабық балалар колективіндегі балалар
Этиотропты ем;
Антибактериальды емге көрсеткіш:
- катарльды период кезінде және ағымы 3-4 аптадағы спазмдық жөтел периодында тағайындалады;
- бастериальды асқыну кезінде антибактериальды ем соңғы кезеңінде тағайындалады; спазматикалық период кезінде антибиотик эффективті емес;
- келесідей антибиотиктер тағайындалады: макролидтер (сумамед, ровамицин, рулид, эритромицин), II қатардағы цефалоспориндер (цефуроксим), ампициллин, левомицетин жасына сай дозировка;
- ем курсы 7-10 күн
Патогенетикалық ем:
- Жеңіл және орташа ауыр формадағы науқастарға кіші транквилизаторлар (ішке седуксен, реланиум, тазепам), тұнба немесе валериян тамырының қайнатпасы, пустырник, ауыр дәрежелі формадағы науқастарға — фенобарбитал, седуксен немесе реланиум перентеральды тағайындалады;
- Гипоксия немесе гипоксемияға қарсы күрес ретінде оксигенотерапия тағайындалады. Апноэ кезінде мұрыннан және ауыз-жұтқыншақтан шырышты сорып алып, жасанды тыныс беру.
- антигистаминді препараттар: димедрол, дипразин, супрастин және т.б. қалыпты дозировкада.
- Ауыр жағдайларда жоғарғы эффект үшін кортикостероидтар қолданады, преднизалон 1,5-2 мг 1 кг салмаққа, күніне, ұзақтығы 7-10 күн.
- Препараттар , жұмсақ қақырықты жібітетін және сыртқы тыныс алу функциясын жақсарту үшін – протеолитикалық ферменттермен аэрозольды ингалациялар (трипсин, химотрипсин) және спазмолитиктар (эуфиллин, эфедрин).
Режим және күтім.
- Таза ауада көп серуендеу, ол ОЖЖ тыныштандырады және спазмдық жөтел ұстамаларды азайтады.
- Спазмдық жөтел ұстамаларын шақыратын сыртқы қоздырғыштардан қорғану,керек емес емдік манипуляциялардан, ауыз – жұтқыншақ тексерулерінен сақтану.
- Науқастарға толық витаминизирленген тағам көрсетілген.
- Жиі құсу кезінде баланы емізу
Көкжөтелдің профилактикасы (алдын алу шаралары)
- Эпидемияға қарсы шаралар
- Көк жөтелмен ауыратын балаларды ауру басталған сәттен бастап 25-30 күн аралығында ұжымнан шектеу қажет.
- 7 жасқа дейінгі балалар үшін, бұрын контактіде болған және көкжөтелмен ауырмаған, егілмеген балаларға соңғы рет науқаспен контактіде болған сәттен бастап 14 күнге карантин жарияланады.
- Көкжөтелмен ауыратын науқас үйінде емделген кезінде, олармен бірге контактіде болған көкжөтелмен ауырмаған 7 жасқа дейінгі балаларға, бірінші ауырған балаларда жөтел пайда болған сәттен бастап 25 күнге дейін алшақтату керек.
- Көкжөтелмен ауырған және 7 жастан жоғары балалар мен ересектер ,балалар мекемесіндегі қызметкерлер алшақтатылмайды, бірақ, ауырғандарда жөтел пайда болғаннан бастап 25 күн аралығында медициналық бақылауда болады.
- Қорытынды дезинфекция жүргізілмейді.
- Ошақта жалпы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі (желдету, ыдыстарды, мұрын орамалдарын және т.б залалсыздандыру).