Жүректің өткізгіш жүйесі. Қалыпты ЭКГ. ЭКГ тіркеу.

Жүректің негізгі қызметі автоматизм, өткізгіштік, қозғыштық, жиырылу және т.б. Жүректің автоматизмі қызметі деп – оның сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінсіз, өздігінен электр импульсін тудыруын айтамыз.

Автоматизм қызметіне синоатриалды түйін және жүрекшелер мен қарыншалардың (пейсмекерлер) өткізгіштік жүйесі қатысады.
Электрокардиографияда, жалпы, үш автоматизм орталығы болатынын айта кеткен жөн:

1. Бірінші реттік автоматизм орталығы – бұл минутына 60-80 рет жиіліктегі электр импульсін тудыратын СА түйіні.

2. Екінші реттік автоматизм орталығы – бұл минутына 40-60 рет жиіліктегі электр импульсін тудыратын АВ-қосылыс (АВ түйінінің Гис шоғырына және жүрекшенің төменгі бөлігіне өтетін аймақ), сонымен қатар Гис шоғыры.

3. Үшінші реттік автоматизм орталығы – соңғы бөлім, Гис шоғырының аяқшалары мен тармақтары. Ол автоматизмнің төмеңгі қызметін атқарады, минутына 25-40 жиіліктегі электр импульсін тудырады.

жүректің өткізгіш жүйесі

 

  •  Жүрекшелік қозудың таралуы СА-түйіннен басталып, үш түйінаралық жолмен (Бахмен, Венкебах және Торель) АВ-түйінге және жүрекшеаралық Бахман шоғыры арқылы сол жүрекшеге таралады. Алдымен оң жақ, кейін оң және сол жақ, соңында –сол жақ жүрекше қозады.
  •  Ал, қарыншалардың бойымен қозу процесінің таралуы 3 суретте көрсетілген. Ең бірінші қарыншааралық перденің сол бөлігі деполяризацияланады (сурет 3, а) сонымен қатар оң қарыншаның көп бөлігі қозады. Қозу 0,04-0,05 с сол қарыншаның аздаған бөлігіне өтеді. Соңында базальды бөлімдер яғни СҚ, ОҚ және қарыншааралық перде  белсенділендіріледі.

 ЭКГ – бұл жүрек жиырылуы кезіндегі дене беткейіндегі  электр потенциалының әртүрлі өзгерістерінің графикалық көрінісі.

Электрокардиографтың құрылысы

  • Стандартты шықпалар:
  • Стандартты шықпалардың электродтарын орналастыру реттері:
  • Электродтарды оң жақ қолдан бастап қызыл түсті электрод қойылады (оң – Right, қызыл – Red).
  • Келесі реттілікпен сағат тілі бағытында төмендегі түстер қойылады:
  • Қызыл, Сары, Жасыл, Қара.

стандартты шықпалар

Аяқтан шығатын бірполюсті күшейтілген электродтар келесідей орналасады:
aVR-оң қолдан шығатын күшейтілген шықпа;
aVL- сол қолдан шығатын күшейтілген шықпа;
aVF- сол аяқтан шығатын күшейтілген шықпа;

 

Стандартты күшейтілген шықпалар

Кеуде шықпалары электродтарының орналасуы

 

электродатрды орналастару
кеудеде электродтарды орналастыру

Алты кеуде электродтарын орналастыру

V1 шықпа- IV қабырғааралық төстің оң жақ жиегі бойымен
V2 шықпа– IV қабырғааралық төстің сол жақ жиегі бойымен
V3 шықпа– V3 – V4 шықпалар аралығына
V4 шықпа – V қабырғааралық сол жақ бұғана орта сызығы бойымен
V5 шықпа – V4 сияқты горизонтальды деңгейде сол жақ қолтық алды сызығы бойымен
V6 шықпа сол жақ ортаңғы қолтық асты сызық бойымен V4, V5 деңгейінде

Қосымша шықпалар:
-Сол жақ кеуде.
-Оң жақ кеуде.
-Нэб бойынша.

Сол жақ қосымша кеуде шықпалары:

  • V7 артқы қолтық асты сызығы бойымен;
  • V8 жауырын орта сызығы бойымен;
  • V9 омыртқа маңы сызығы бойымен (паравертебральды);
keude
экг жазу

Нэб бойынша шықпалар.
Екіполюсті Нэб бойынша шықпаларды орналастыру – бұл шықпаларды орналастыру үшін аяқтың 3 стандартты шықпаларын қолданады. Қызыл түсті электродты – II қабырғааралық төстің оң жақ жиегіне орналастырады. Жасыл түсті электродты V4 кеуде шықпасы деңгейінде, ал қызыл түсті электродты горизонтальды сол деңгейде артқы қолтық асты сызығы бойымен орналастырамыз.

Қалыпты электрокардиограмма

 

қалпыты ЭКГ
Қалыпты ЭКГ көрінісі
  • P тісшесі 0,07-0,10 сек ұзақтығы. Амплитудасы 1,5-2,5 мм.
  • РQ интервалы ұзақтығы 0,12-0,20 сек
  • РQ сегменті изосызықтықта орналасқан
  • QRS кешенінің ұзақтығы – 0,06-0,10 сек.
  • ST сегменті изосызықта (±0,5) орналасқан
  • Т тісшесінің ұзақтығы 0,16-0,24 сек
  • QT интервалының ұзақтығы 0,16-0,24 сек.

 

Электрокардиограмманы талдау

ЭКГ интерпретациясы (талдау):

  • P, PQ, QRS, QT, RR (min – max), вольтаж.
  • Ырғақ көзі.
  • Ырғақтың реттілігі.
  • ЖСЖ.
  • ЖЭО орналасуы.
  • ЭКГ синдромы.
  • ЭКГ динамикасы.
  • Қорытынды.

 

ЭКГ қорытындысының -жазбаша бөлімі:

ЭКГ тұжырымы көпшілікке түсінікті, жалпы, белгілі нұсқада жазылғаны дұрыс. Ең бастысы, тұжырымда «аздап реполяризациялық өзгерістер», немесе «метаболикалық өзгерістер» деген ойлардың жазылмағаны дұрыс.
Егер өзгерістер анықталған жағдайда оның түрлері, орны, таралуы, қайталануы, сатысы, уақыты көрсетілгені жөн. Ең дұрысы тұжырымды ауру тарихымен байланыстырып, ойланып, жазуыңызға болады.

  • Міндетті түрде белгіленетін интервалдар:
  • P.
  • PQ.
  • QRS.
  • QT.
  • RR (min – max).
  • Вольтаж (өзгерістерде)

Жүрек соғу жиілігін анықтау.

1) Ырғақ реттілігі:
2) Дұрыс ырғақ – орташа R-R бірдей қашықтықтағы R-R±10% аралығы.

ЖСЖ=60/RR.
Ретсіз ырғақ кезінде ЖСЖ санау кезінде кем дегенде RR 3 интервалын өлшеп, оны 60-қа емес 180-ге бөлеміз (3 рет артық).
Яғни ЖСЖ-180/ RR+ RR+ RR

ЭКГ ТІРКЕУ БОЙЫНША ВИДЕО

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!