Балалардағы тыныс алу жүйелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

Балалардағы тыныс алу жүйелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

Мұрын қуысы мен мұрын маңы қойнаулары.

Ерте жастағы балаларда мұрын кіреберістері тар, раковиналары жуан, төменгі мұрын кіреберісі 4 жасқа таман қалпына келеді. Шырышты қабаты нәзік, сондықтан ринит кезінде кішкене ісік пайда болса бірден тыныс алуды тарылтады, ол баланы емізуге бөгет жасайды. Шырыш асты қабатта кавернозды (қуысты) тіннің толық жетілмеуі кішкентай балаларда жиі мұрыннан қан ағудың себебі болады. Қуысты тін 8-9 жасқа толғанда дамиды. Бұл жастағы балаларда мұрыннан қан ағу оңай әрі тез болады, себебі шырышты қабаты нәзік, ол тез жараланады және қанмен қамтамасыз етілуі жақсы.

Мұрын қойнаулары туылған уақытта толық дамымайды. Жақ үстілік (гайморлық ) , этмойдальды және сыналы қойнаулар толық түзілген, бірақ олардың көлемдері өте кішкентай. Маңдайлық қуыс болмайды. Бұлар ерте жастағы балалрда синуситтердің сирек болуымен ерекшеленеді. Қойнаулардың толық қалыптасуы 15 жасқа таман болады.

Көмей және жұтқыншақ. Нәрестенің көмейі салыстырмалы түрде тар болады. Лимфоидты сақина әлсіз. Бір жастан асқан бадамша бездері доғалардан асып шығады, бірақ крипталары әлсіз дамыған, сондықтан баспамен ерте жастағы балалар сирек ауырады. Жиі балаларда мұрынжұтқыншақтық лимфоидты тіндер (аденоидтар) өсіп кетуі болады, сондықтан ол балалардың қалыпты демалуын қиындатады. Ұзақ уақыт аденоид болған балада тұрақты «аденоиды беті» қалыптасады: үнемі ашық ауыз, мұрынмен тыныс алудың болмауы, беттін кей жерлерінде ісінулер болады.

Балалардың көмейі формасы варонка тәрізді және тар, оның шеміршегі нәзік. Дауыс байламдары үлкендерге қарағанда қысқа, сондықтан балалардың дауыстары ерекше ересектерге қарағанда. 3 жасқа дейін көмей көлемі қыздар мен ұлдарда бірдей. 3 жастан асқан соң ұлдарда қыздарға қарағанда безді бұрышта шеміршек қаттырақ болады. 10-12 жасқа келгенде дауыс байламдары ұзарады.

Балалардағы тыныс алу жүйесінің ерекшелігі

Кеуде қуысы. Нәрестелердің кеуде қуысы үлкендерге қарағанда дөңгелектеу болады: сагитальды өлшемдері көлденен өлшемімен бірдей. Уақыт өте алдынғы-артқы көлемі кішірейеді. Кішкентай балаларда үлендерге қарағанда қабырғалары омыртқамен көлденең түрде орналасқан. Эпигастральды бұрыш тупой. Осы себепті кішкентай балаларда ересектерге қарғанда тыныс алу жылдам әрі жиірек. Кеуде қуысының анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты нәрестенің өмірінің алғашқы күндері диафрагмальды тыныс болады. Үлкен жастағы балаларға қарағанда, нәрестелерде диафрагма баяу және әлсіз жиырылады.

Баланын өсуіне байланысты кеуде қуысы доғал пішінді болады. Оның фронтальді көлемі өседі, сагитальді салыстырмалы кішрейеді. Эпигастральды бұрыш өткір бола бастайды. Ауа өткізгіштік жоғарылап, өкпе тінінің эластикалық құрылымы дамиды.

Кеңірдек және бронхтар. Нәрестенің кеңірдегі варонка тәрізді формада. Ол 14-16 шеміршекті жартысақинадан тұрады, олар артынан фиброзды жарғақпен қосылған. Шеміршектің жұмсақтығы, эластикалық тінінң әлсіз дамуы және үлкен қозғалыстары олардың сырылды (стридор) дауыстар шығаруына әкеледі.

Бронх ағашы туған кезде белгілі нысанға келтірілген. Бронхтардың негізін шеміршекті жартысақиналар құрайды, олар фиброзды жарғақпен байланысқан. Кеңірдек оң және сол бас бронхтарына бөлінеді. Оң жақ бронх сол жақ бронхқа қарағанда кеңірдекпен аз бұрыш жасап қосылған, сондықтан бөгде зат жиі оң жақ бронхқа түседі. Бронхтың және бронхиолалардың шырышты қабаты нәзік, қантамырларға бай, жұқа шырышпен қапталған, ол шырыш эвакуациясын қамтамасыз етеді.

Нәрестелерде тыныс жолдары өте аз бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады, бірақ 4-5 айлық балаларда бұлшықет тіні жеткілікті түрде дамиды. Бұлшықет пен эластикалық тіннің толық жетілмеуіне байланысты, кішкентай жастағы балаларда бронх спазмы жиі кездеседі; шырышты қабаттың ісігіне байланысты бронх обструкциясы болады.

Өкпе. Балалардың өкпесі ересектерде сияқты сегментарлы құрылымы бар, бірақ ацинус жеткіліксіз. Туған кезде өкпеде 60 млн-ға жуық алвеолалар болады, олардың көлемі алғашқы 2 жылда ұлғаяды. Одан кейін өсуі ақырындайды және 8-12 жаста альвеолалардың көлемі 375 млн-ға жуық болады, бұл ересектердің альвеолаларымен бірдей.

Кішкентай жастағы балалардың өкпесі қосымша тіндерге бай, үлкен мөлшерде қан айналымы бар, эластикалық тіні әлсіз. Кішкентай баланың өкпесі ересектерге қарағанда ауалы және қанға толы. Бұл факторлар ателектаздың дамуы мен обструкциясына әкелуі мүмкін. Сурфактанттың аз болуы мен оның лецитинінің аз болуыда, ателектаздын дамуына себебші болады. Сурфактант жеткіліксіздігі- шала туылған балаларда өкпенің жазылуына мүмкүндік бермейді.

Оң өкпенің үш бөлігі бар (жоғары, ортанғы және төменгі), сол жақта – екі бөлік (жоғары және төмен). Өкпе бөлік аралық шекаралары келесідегідей:

  • алдынан сол жағында жоғарғы, оң жақта – жоғарғы және төменгі бөліктері ( олардың арасындағы шекара IV қабырғамен өтеді );
  • оң жақ қырынан 3 бөлігін ажыратады, сол жақтан- 2 бөлігін;
  • артынан екі жақтан да жоғарғы және төменгі бөліктері орналасқан; олардың арасындағы шекара spina scapulae линиясы бойынша өтеді, ол омыртқамен шекараласқан.

Көкірек (средостение)

Балалардың көкірегі ересектерге қарағанда үлкенірек. Өзінің жоғарғы бөлігінде кеңірдекпен, үлкен бронхтармен, артериялармен, нервтармен (n. vagus, truncus sympathicus, n. laryngeus recurrens және т.б.)байланысқан. Төменгі бөлігінде жүрек орналасқан.

Өкпе түбірі – көкірек бөлімін құрайды, ол үлкен бронхтардан, лимфатикалық тамырлар мен лимфа түйіндерінен тұрады (кеңірдекаралық, трахеобронхеальды,бронхөкпелік және т.б.).

Ересектермен салыстырғанда балалардың лимфа түйіндері (басқа жүйелердің лимфа түйіндері ретінде) синустардың кеңдігімен, васкулиризацияның бай болуымен, капсуланың әлсіз дамуымен және үлкен клеткалық элементтердің болуымен ерекшеленеді. Қабыну үрдісінің болуына осылар себепші болады. Лимфа жүйесі кішкентай балаларда өте жақсы дамыған.

Тыныс алудың функциональды ерекшелігі. Сыртқы тыныс алудың эффективтілігі үш үрдіске байланысты: альвеолярлы кеңістіктің вентиляциясы, капилярлы қан ағысының интенсивтілігі (перфузиясы) және альвелярлыкапилярлы мембрананың диффузды газ алмасуына байланысты. Қанда және альвелярлы аудағы көмірқышқыл газы және оттегідегі парциалды қысымның әртүрлілігіне байланысты. Оттегі диффузиясы арқылы альвеоладан өкпелік капилярларға түседі және бүкіл денеге тарайды, плазмада таралуы (3%-ға жуық) немесе Hb (97%) байланысты. Қанның транспортты куші Hb түсу концентрациясына байланысты (әрбір грамм 1,34 мл оттегіге). Көмірқышқыл газының эльминациясы әртүрлі жолдармен өтеді: Hb және кейбір плазматикалық белок комбинациясымен немесе сутегі иондары және бикорбанатпен. Ересектерге қарағанда нәрестелерде өмірінің алғашқы күндері Hb комбинациясы жоғары, сондықтан қанды оттпегімен байланыстру мүмкіндігі жоғары. Бұл нарестеге өкпелік тыныстың критикалық периодын өткізуге көмектеседі. HbF –оның маңызы үлкен және оның көлемі ірі, ол ересектерге қарағанда дифинитивті Hb оттегіге жақынырақ болуымен ерекшеленеді (HbA, HbA2). Өкпелік тыныс қалыпқа келгеннен кейін нәрестенің HbF концентрациясы тез төмендейді. Бірақ анемия немесе гипоксияда HbF концентрациясы компенсаторлы түрде ұлғаяды.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!