Балалардағы жедел нефротикалық синдром
Жедел нефротикалық синдром (ісіну, артериалды гипертензия, гематурия, протеинурия, азотемия) – көпшілік жағдайда жиі b-гемолитикалық стрептококкпен немесе басқа қоздырғыштармен шақырылатын жедел гломерулонефрит көрініс болып табылады.
Қауіп факторлары:
- b-гемолитикалық стрептококкпен шақырылған (оның ішінде баспа, фарингит, пиодермия, жәншау) инфекция;
- Басқа инфекциялармен шақырылған инфекциялар;
- Арнайы емес факторлар (дәрілік заттар, жарақат, аллергиялық реакциялар, салқындау);
- Тұқымқуалаушылық бейімділік;
Диагностика белгілері:
- алғаш пайда болған жедел нефротикалық синдром (симптомдар триадасы)
- кофе, шай түсті немесе «ет жуындысы» тәрізді зәр (гематурия)
- бет, аяқтарда, тұлғада ісінулер
- диурез төмендеуі
- артериалды гипертензия
- солқарыншалық жүрек жетіспеушілік (жиі гиперволемиялық):
- тахикардия
- ортопноэ-тахипноэ
- гипертониялық энцефалопатия
- жүрек айну
- құсу
- бас ауруы
- іш ауырсынуы, белдегі ауырсыну (ЖБЖ)
- қызба
Лабораториялық зерттеулер:
Иммунологиялық процесс шамалы көріністері:
- ЭТЖ жоғарылауы 20-30 мм/сағ
- антистрептококкты антиденелер титрінің өсуі (антистрептолизин-О, антистрептокиназа, антигиалуронидаза)
- гипокомплементемия СЗ-компонент және жалпы криоглобулин төмендеуі есебінен
- ШФЖ төмендеуі, сарысулық креатинин деңгейі жоғарылауы
- салыстырмалы тығыздығының жоғарылауы
- эритроциттер бірен сараң немесе көру алаңын тұтас жабуға дейін
- цилиндрлер (жиі гиалинді)
- протеинурия минимальды немесе шамалы (3 г/тәул дейін)
ЖБЖ дамыған кезде тәуліктік зәрдің азаюы:
- олигурия (500 мл/тәул-тен аз)
- анурия (100 мл/тәул-тен аз)
- араңнан жағынды алу келесі бактериологиялық зерттеумен (баспа немесе фарингит болған кезде)
Клиникалық нұсқаулықтар
Төсектік режим, одан кейін жартылай төсектік (1-3 апта), ісіну қайтып, АҚ қалпына келгенде – режимді кеңейту
- Ас тұзын қабылдауды 1-2г/тәул дейін шектеу
- Сұйықтық ішуді шектеу (алдыңғы күн диурезіне +300мл есебінен)
- Нәруызды 0,5-1г/кг/тәул шектеу
Постстрептококкты ЖГН кезінде антибактериалды терапия жүргізеді:
- Бензилпенициллин
- Цефалексин 25-50 мг/кг
Синуситтер мен пневмония кезінде антибактериалды терапия жүрігзеді:
- Амоксициллин 20мг/кг
- Цефаклор 20мг/кг
b-лактамды антибиотиктерге аллергия болған кезде антибактериалды терапияны макролидтер тобының препараттарымен жүргізеді:
- эритромицин 20-40 мг/кг
- азитромицин 5-10 мг/кг
- спирамицин 1,5 млн ХБ /10 кг
Ісінулер мен солжаққарыншалық жетіспеушілік кезінде қолданады:
- Тиазидті диуретиктер
- «ілмекті» диуретиктер
- Альдостерон антагонисттері
АГ кезінде:
- АПФ ингибиторлары (фозиноприл, эналаприл)
- Кальций каналдарының блокаторлары (верапамил). Дене салмағы 20-дан 50-ге дейінгі науқастарға алғашқы дозасы 2,5 мг және дене салмағы 50кг және одан жоғары науқастарға алғашқы дозасы 50мг-нан тағайындалады.
- Диуретиктер1-2мг/кг.