Вамелан препараты

Вамелан дәрілік заты

Саудалық атауы: Вамелан

Дәрілік формасы. Капсула

Құрамы

Белсенді заттар:

  • Емдік құрғақ валериана экстрактісі125 мг,
  • Құрғақ мелисса экстрактісі  25 мг,
  • Жалбыз құрғақ экстрактісі  25 мг,
  • Қосымша заттары: лецитин, кокос майы, пальма майы, соя тазартылған майы.
  • Капсула құрамы: желатин, глицерин, титан диоксид (Е 171), қара темір  оксиді (Е172), сары хинолин (Е 104).

Сипаттамасы. Жұмсақ желатинді капсула овальды формада, тегіс жылтыр беткейі бар, корпус және жасыл қақпақшасы бар.

Капсула құрамы: қою қара – қоңыр майлы сұйықтық, өзіне тән иісі бар.

Фармакотерапевтикалық тобы. Психотропты препараттар. Ұйықтататын және седативті заттар.

Код АТХ N05CM

Фармакокинетика. Препарт әсері оның құрамына кіретін компоненттерге байланысты.

Фармакодинамика. Вамелан – комбинирленген фитопрепарат, седативті әсерге ие. Оның құрамына үш  компонент кіреді: валериана, жалбыз және мелисса.

Валериана экстрактісі седативті қассиетке ие, тітіркендіргіштік және шиеленісті азайтады, психикалық шаршау мен неврастенияны басады. Ұйқысыздық кезінде ұйқыны қалпына келтіреді. Спазмолитикалық әсер көрсетеді.

Вамелан дәрілік заты
Вамелан сыртқы көрінісі

Жалбыз экстрактісі асқазан – ішек жолының тегіс бұлшықеттеріне  спазмолитикалық әсер көрсетеді, сонымен қоса өт айдағыш және карминатты әсер көрсетеді.

Мелиссаның эфирлы майлары  ауырсынуды және асқазан – ішектік спазмды басады. Сондықтан мелиссаны кең түрде спазмолитик, ауырсынуды басатын дәрі ретінде қолданады. Мелиссаның эфирлы майлары неврастениясы бар науқастарға  тыныштандырғыш әсер көрсетеді және тәбетін жақсартады.

Қолдануға көрсеткіш

Тыныштандырғыш ретінде:

  • жоғары нервті қозғыштық кезінде
  • нервті шиеленіс кезінде
  • мазасыздану
  • ұйқы бұзылыстарында, ұйқысыздық.

Қолдану тәсілдері мен дозалары

Ересек адамдарға 1-2 капсуладан 2-3 рет күніне.
Ұйқысыздық кезінде  1-2 капсула, ұйқы алдында бір –екі сағат бұрын.

Емдеу курсы 2-4 аптаға созылады.

Жағымсыз әсері

Сирек:

  • аллергиялық реакция
  • жүрек айну, асқазан спазмы
  • іш қату (ұзақ қолданған кезде)
  • әлсіздік, жұмыс күшінің азаюы ( үлкен дозада қабылдаған кезде)

Қарсы көрсеткіш

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • депрессия, орталық нерв жүйесін азғыратын аурулар тобы
  • жүктілік және лактация
  • бала жасы 18 жасқа дейін.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі. Орталық нерв жүйесін азғыратын заттармен бірге қолдану кезінде Вамелан олардың әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулықтар. Препаратты тоқтатқан кезде кері қайту синдромы байқалмайды. Ем кезінде автотранспорт және ауыр еңбек әрекетімен айналыспау қажет.

Артық қабылдаған кезде

  • Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюуі.
  • Емі: асқазанды жуу, қажетінше симптоматикалық ем.

Сақтау шарттары. 15 тен 25°С температурада сақтау қажет. Бала қолы жетпейтін жерде сақтау қажет!

Сақтау мерзімі. 3 жыл

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!