Ми қанайналымы бұзылғанда қолданылатын дәрілер. Құрысу синдромы кезінде қолданылатын препараттар.
Сабақтың мақсаты. Сабақтың мазмұнымен таныстыру:
-ОЖЖ-ға әсер ететін заттардың қолдану ерекшеліктері және әсер ету тегершіктері.
– ОЖЖ-ға әсер ететін заттардың қолдану көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.
– ОЖЖ-ға әсер ететін заттардың улы және жанама әсерлері.
– ОЖЖ-ға әсер ететін дәрілерге рецепт жазу .
– клиникалық жағдайға байланысты препараттарды дұрыс таңдау.
- Сабақтың міндеттері:
– ОЖЖ-не әсер ететін заттардың фармакокинетикасымен фармакодинамикасының сұрақтарын қарастыру.
– ОЖЖ-не әсер ететін заттардың негізгі фармакологиялық нәтижелерін көрсету;
- жеке дәрілердің қасиеттерінің ерекшеліктеріне көңіл аудару және оларға салыстырмалы мінездеме беру.
- Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Инсульт дәрілік емінің принциптері. Ми қанайналымының жедел бұзылысының дифференцирленген емінінің негізгі бағыттары – ишемиялық жартылай көлеңке аймағында перфузияны адекватты қайта орнына келтіру және ишемия аймағының көлемін шектеу, қанның ұю және реологиялық қасиеттерін қалпына келтіру, ишемияның зақымдаушы әсерінен нейрондарды қорғау және ми тініндегі репаративті үрдістерді белсендіру.
- Нейрометаболикалық заттар: ноотроптар и церебропротекторлар (пирацетам, глицин, семакс, церебролизин және т.б.), әсер ету ерекшіліктері, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштер. Балаларда қолдануының ерекшеліктері.
- Эпилепсияның консервативті емі. Эпилепсия түріне және талма түріне байланысты эпилепсияға қарсы дәрілерді таңдау. Қазіргі заманғы эпилепсияға қарсы дәрілердің артықшылықтары (ламотриджин, тиагабин және т.б.). Балаларда қолдануының ерекшеліктері.
- Ми қабаттарының зақымдалу синдромы (менингиттер). Менингит терапиясының жалпы принциптері. Нейроинфекциялар кезінде қолданылатын антибактериалды дәрілер. Олардың жіктелуі, әсер ету тегершіктері, қолдануға көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер. Балаларда қолдануының ерекшеліктері.
- Оқыту және сабақ өткізу әдістері: кіші топтар және дискуссия, рецептер жазу, ситуациялық есептер шығару, тестік жұмыстарды орындау.
6.Бақылау: рецепт, тест, сұрақтары бар билеттер.
Рецепт жазатын дәрілер:
Фенобарбитал, дифенин, карбамазепин, клоназепам, тобрамицин, цефотаксим, аминалон, пирацетам, кавинтон, ампициллин, амикацин
Топтарын анықтауға арналған дәрілер:
Цефотаксим, хлорамфеникол, триметин, этосуксимид, ацедипрол, пармидин, продектин, аскорутин, троксевазин, этамзилат, добезилат, вобензим, фраксипарин, гепарин, фенилин, варфарин, винпоцетин, кавинтон, эуфиллин, циннаризин.