Нәрестелік жастағы мастит

Нәрестелердегі мастит

Мастит – нәрестенiң емшек безiнiң қабынуы. Нәрестенiң емшек безi туғанынан 8-10 күннiң iшiнде үлкейiп кетедi. Бұл физиологиялық қалыпты үрдіс. Емшек безiнiң осылайша үлкейiп iсiнуiне емген кезiнде анасының сүтiмен бiрге берiлетiн әйелдердiң эстерогендiк гормондары әсер етедi деп есептелiнедi. Iсiнiп тұрған емшек безiн сығуға болмайды, ол өздiгiнен кiшiрейiп 28-30 күнде өзiнiң қалыпты деңгейiне келедi. Сыққан жағдайда одан сүт секiлдi секрет шығады, емшек арналары арқылы емшек безiне микробтар түсiп қабынады.

Аурудың клиникасы – баланың дене қызуының жоғарылауымен, емшек емуден тартынуымен, емшек тұсының қызарып iсiнуiмен, кейде қызарған ауданда флюктуацияның пайда болуымен байқалады.

Балалардағы мастит
Нәрестедегі сүт безінің қабынуының сыртқы көрінісі

Қан талдамасында лейкоцитоздың көбейiп, формуланың солға қарай ауысқаны көрiнедi, ЭТЖ жоғарылайды.

Емдеу емшек тұсындағы жараға негiзделген. Егер инфильтрат үлкен болса, онда iрiңдiктi жару үшiн жалпы наркоз пайдаланылады, ал инфильтрат шамалы болған жағдайда антибиотик араластырылған 1/4% новокаин дәрiсiмен жансыздандырылып барып жарылады. Тiлу жарасы емшек тұсындағы пигменттi ауданнан (розеоладан) шеткері жасалынады, емшек безiнiң бөлiкшелерiнiң орналасуын еске алып, инфильтрат радиальды түрде бiрнеше жерден тiлiнедi. Әр жараның үлкендiгi 1,5-2,0 см аспайды. Iрiңдi микробтық құрамы анықталу үшін, көректік ортаға алғаннан соң, 3% сутегi тотығымен жуып, жараға резинадан дренаж қойып, гипертониялық ерiтiндiмен байлап тастайды. Ертеңiне резина дренажды алып тастап, антисептиктермен таңуды жалғастырады. УВЧ, электрофорезбен антибиотик енгiзу қажет болғанда iске асырылады.

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!