Мастит.

Сүт безінің қабынуын мастит д.а. Емізік тілініп кеткенде, су кішігірім жарадан стафилококк микробы сүт бездеріне еніп  қабыну процесін туғызады. Енген микробтардың әсері ағзаның жүйке-тамыр жүйелерінен байқалады. Сол жерде қабыну процесі басталып, қоймалжын сұйықтың инфильтрациясы п.б.-да сүт безінің осы бөлігі ісіп шыға келеді.

Маститтің кезеңдері:

1.алғашқы кезеңде басталу шағы– ұйыма кезең д.а. Ауруға шалдыққан адамның сүт безінде сыздаған сезім п.б., дене қызуы бірден 38-39 гр. жетеді, терісі еш өзгеріссіз қала береді, қызарған жері байқалмайды.

2.келесі кезеңде жеке инфильтраттық кезең басталады. Сүт безі көлемі ұлғайып,қабыну процесіне шалдыққан жердің терісі қызарады, қаптаған инфильтрат табуға болады. Бұл ауру сезімінің күшейгенін білдіретін құбылыс, бұл кезең бүкіл ағзаға кесірін тигізеді. Дене қызуы 39-40гр. көтеріледі.

  1. келесі кезеңде абсцестік кезең болып табылады. Дене қызуы таңертең 38, ал кешке 40 гр. жетіп, адам терлейді, ұйқысы қашады,еріндері мен тілі құрғап, тамаққа тәбеті тартпайды, басы ауырады, ағза әлсіреп қалады, тері еті бозарып, сүт безі көлемі ұлғайып, ісіну белгілері п.б., қабыну процесіне шалынған сүт безінің терілері қызарып, жылтырып кейде көгеріп тұрады да, зерттеген кезде бірнеше жерден флюктуация анықталады. Маститтің созылмалы инфильтраттық түрі сирек кездеседі.

      Емдеу әдістері:  Мастит ауруы босанған әйелде 2-3 аптадан соң п.б. Сүт безі ісініп ауру біліне бастаған кезден бастап емдеу жүргізе бастау керек. Бірінші кезеңде ұйыма түрі кезінде сүт тұрып қалмауы тиіс. Сүтті сүт сорғыштен сорып шығарған жөн. Қан айналымының жұмысын тежемес үшін сүт безін көтерінкі ұстаған жөн. Аурудың беті қайтпай, дене қызуы 37,5 төңірегінен түспей қойса, қосымша б.еттер арасына жартылай синтатикалық пенициллин енгізеді.

      Алдын алу үшін сүт безін жылы сумен жуып, ұштарына майлы заттар жағып, жұмсартып отыру керек, күнделікті масаж жасап отыру абзал, емшек ұшының жарылып немесе тілініп етуінен сақтану керек Егер де мастит ауруы емге көнбесе, асқынып кетеді яғни онда ірің барына көз жетсе жедел түрде операцияға дайындалады. Науқас адамға наркоз беріледі де, маститтің беті кесіледі. Дәрігер іріңдеген тканьдердің қуыс-қуыстарынан іріңнің ағуына жол салады. Жараны іріңнен тазартып, грануляциллық тканьдермен жетіле бастаған кезде тұзды су орнына майлы дәрілер пайдаланылады.

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!