Сопақша ми нервтер қызметін тексеру

Бульбарлық (сопақша ми) нервтер қызметін тексеру

  • Дәрігер сырқаттың аузын кең аштырады да тыныштық жағдайда көмейіне қарап тілге, жұмсақ таңдай имегіне назар аударады; «а-а-а» дыбысын шығартып, таңдай мен кішкене тілдің қаншалықты қимылдайтындығын байқайды
  • Ширатылған қағаз түтікті көмейдің түбіне тигізіп, жұтқыншақ рефлексін, содан кейін жұмсақ таңдайға тигізіп, жұмсақ таңдай рефлексін тексереді. Мұндайда жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі, жұтқыншақ бұлшық еттері жиырылады.
  • Сырқат дауысының үнділігін байқау керек, қажет болса отоларингологқа жіберіп, ларингоскопия жасатылады.

сопақша миды тексеру

  • Жұтыну қабілетін байқау керек
  • Тамыр соғу мен тыныс алу ырғағы және олардың жиілігін анықталады
  • Сырқатқа тілін көрсету өтініледі. Дәрігер оның тілінің қалай жатқанына (тіл ауыздың ортасында жатыр ма, әлде бір жағына ауытқыған ба), қалыңдығын, бұлшық ет талшықтары жыбырлауы бар-жоқтығын байқайды
  • Сырқатқа жаңылтпаш немесе қиын сөздерді айтқызу арқылы оның дыбыс шығарып сөйлеу мүмкіндігін анықтайды

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Мишық қызметін тексеру әдісі
  2. Сезімталдықты тексеру әдістері
  3. Сезімталдықтың күрделі түрлерін зерттеу
  4. Неврологиядағы терең сезімталдықты тексеру

 

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!