Лапароцентез жасау техникасы
Лапароцентез — құрсақ қуысындағы патологиялық құрылымдар: қан, өт, экссудат, және басқа сұйықтықтар мен бос ауаны анықтау және шығару үшін құрсақ қабырғасын тесу процедурасы.
- Науқастың қолы мен арқасына тіреу болу үшін орындыққа отырғызамыз.
- Алдынғы іш перде қабырғасын 1 % йодонат ерітіндісімен және 96 % спиртпен 2 рет өңдейміз.
- 0,5 % – 10 мл новокайн ерітіндісімен жергілікті инфилтрациялы жансыздандырамыз.
- Кіндіктен 2 см төмен іштің ақ сызығы бойымен 1 см теріні кесеміз.
- Жара үстіне № 8 жібек лигатурасын саламыз.
- Ұстағыш лигатураны қолданып іш пердесінің қабырғасын көтереміз және жара арқылы айналмалы қозғалыспен трокарды жоғары және солға іш пердесіне жібереміз. Троакардың гильзасын сол қолдың саусағымен бекітеді, оң қолмен стилетті бөліп алады.
- Науқаста коллаптоидты жағдай болмас үшін асцит кезінде сұйықтық құрсақ қуысынан баяу алынады.
Троакар арқылы патологиялық сұйықтықтың ағуы тоқтағанда гильза арқылы соңғысында бүйір саңылаулары бар катетер енгізеді. - Катетерді тексерілетін құрсақ қуысына бағыттап 20-30 мл новокаин немесе физиологиялық ерітінді енгізеді, содан кейін оны аспирациялайды және перфузаттың микроскопиялық тексерілуін өткізеді.
- Процедураны аяқтаған соң троакардың гильзасын жояды. Теріге 1-2 түйінді барқытты тігіс салады.
Жара маңындағы теріні 1% йодонат ертіндісімен өңдейді, асептикалық таңу салынады.
Лапарацентезге қарсы көрсеткіштер:
- айқын метиоризм;
- құрсақ қуысының жабысқақ ауруы (спаечная болезнь брюшной полости)
- операциядан кейінгі вентралды жарық— ішек қабырғасын зақымдау қауіптілігінен;