Леопольд-Левицкий тәсілі бойынша сыртқы акушерлік зерттеу
Науқасқа жүргізілетін іс-әрекеттерді түсіндіріп,сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып және оған жауап беру.
- Қолды сабынды сумен мұқият жуыңыз. Таза, құрғақ сүлгімен сүртіп, бір реттік қолғапты киіңіз.
- Жүкті әйел биік қатты кушеткаға аяқтарын жамбас-сан және тізе буындарында бүгіп жатады. (Іштің бұлшық еттерін босату үшін)
- Зерттеуші жүкті әйелдің оң жағынан бетіне қарап тұрады
Бірінші әдіс арқылы жатыр түбінің биіктігін анықтаймыз
- Екі қолдың алақанын жатыр түбі аймағына орналастырамыз,саусақ ұштары бір-біріне бағытталған,бірақ жанаспайды.Жатыр түбінің биіктігін семсер тәрізді өсіндіге немесе кіндікке қатынасы бойынша анықтаймыз.Жатыр түбінде орналасқан ұрықтың бөлігін анықтаймыз.( Жамбас бөлігі келсе-ірі,жұмсақ,баллатирленбейді.Ал басы келсе-ірі,тығыз,баллатирленеді)
Екінші әдіспен орналасуын,позициясын және ұрық түрін анықтаймыз.
- Қолды жатыр түбінен жатыр бүйіріне ауыстырамыз. Оң және сол қолды кезектестіріп,жатырдың бүйір бөліктерінің пальпациясын жүргіземіз. Сол қолды қозғалыссыз қалдырып,жатырды фиксациялап, оң қолды жоғары және төмен қозғалтып, ұрықтың орналасуын анықтаймыз.(егер ұрықтың арқасы болса-жұмсақ,тегіс болады.) Оң қолмен жатырды бірнеше рет басып,сол қолмен ұрық бөліктерін анықтаймыз(ұрықтың ұсақ бөліктерін). Мәліметтер алғаннан соң қорытынды жасаймыз(позиция-біріншілік,екіншілік; позиция түрі-алдыңғы, артқы)
Үшінші әдіспен ұрықтың келген бөлігін анықтаймыз.
- Пальпацияны бір оң қолмен жүргіземіз.Бұл кезде бас бармақты максималды түрде қалған төрт саусақтардан алшақтатамыз.Саусақтарды ақырын қозғалыспен терең детіп және бас бармақ пен қалған төрт саусақпен ұрықтың келген бөлігін ұстаймыз да басының «баллотирлеуші» симптомын анықтаймыз
Төртінші әдіспен ұрықтың келген бөлігінің кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтаймыз.
- Бұл тәсілді орындау үшін жүкті әйелдің аяқтарына бетімен бұрылып,оң жағында тұрамыз
- Екі қолдың алақанын ортаңғы сызықтан латеральды,қасаға сүйегінің көлденең тармағының үстінен орналастырады.Біртіндеп қолдарды ұрықтың келген бөлігі мен кіші жамбас қуысын арасына жылжытамыз
- Ұрықтың орналасуын,позициясын,түрін және келген бөлігінің кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтаймыз.
Алынған мәліметтер бойынша қорытынды жасаймыз.