Папиломалар – бұлар эпителиймен қоршалған, дәнекер тіннен тұратын қатерсіз емшек ұшына ұқсас ісіктер б.т. Олар тері немесе шырышты қабаттарда, көбінесе асқазанда, ішекте және зәр шығаратын мүшелерінде кездеседі. Папиломалар қатерлі ісіктерге де айналып етуі мүмкін.
Аденомалар – без тәрізді тіндерден пайда болады. Бұл без рагына айналуы мүмкін. Олар дененің без тіні бар барлық жерлерлерінде сүт және қалқан тәріздес бездерде, аналық бездерде т.б. кездеседі.
Фибромалар – дәнекер тіндерден пайда болған қатерсіз ісіктер болып есептеледі. Ағзаның барлық тіндерінде кездеседі. Ең көп кездесетін жерлері жатыр, тері, теріасты шел майы. Өте үлкен көлемде өсуі мүмкін.
Липома – майлы тіннен пайда болатын қатерсіз ісік. Арасында дінекер талшық клеткалары бар бөліктерден тұрады. Сыртында жұқа қабығы бар, жай өседі, көбінесе иық, аяқ, жауырын, іш терісінің астында кездеседі. Бир немесе көп липомалар болуы мүмкін, кейде ісік көлемі үлкен болады. Емі: операция жасап алынып тасталады.
Хондрома – шеміршек тінінен пайда болатын қатерсіз ісік. Шабан етегі. Өсетін жерлері қабырғада, бармақта, жамбас сүйегінде, кеңірдек, жауырын т.б. қатерлі ісікке айналу қаупі болғандықтан радикалдық операция жасалады.
Остеома – сүйек тіндерінен пайда болады. Ақырын өседі, қатерлі ісікке аналуы мүмкін. Сондықтан операциялық жолмен алып тасталынады.
Аденома – қантамырларынан өсетін қатерсіз ісік. Лимфатикалық тамырлардан – лимфангиома, қан ағатын тамырлардан – гемангиома.
Гемангиома 3 түрге бөлінеді.
1-капиллярлық ангиома,
2- қуысты гемангиома,
3- тармақталған гемангиома.
Миома– бұлшықет тінінен шығатын ісік. Тегіс талшықтардан – лейомиома, ал көлденең жолақты талшықтардан –жабдомиома деп атайды. Қатерлі ісіктер негізінен жоспарлы түрде опреациялық жолмен емделеді, кейбір жағдайларда гормонға тәуелді ісіктер гормондармен емделеді, көп жағдайларда өзгеріссіз түрде, адам ағзасына кері әсерін тигізбегенде ешқандай ем жүргізілмейді.
Қатерсіз ісіктерге операция жасау көрсеткіштері:
- Ісіктің үнемі жарақаттануы.
- Ағза қызметінің бұзылуы.
- Косметикалық кемістіктер.
- Қатерлі ісікке ауысу белгілері.