Иридоциклит

    Иридоциклит –алдыңғы увеит, кірпікті дененің зақымдалуы.  Этиологиясы: ревматизммен ауыратын адамдар (ревматоидты артрит, анкилоздаушы спондилоартрит,Бехтерев ауруы), вирусты инфекциялар, малярия, токсоплазмоз, тифтар, өкпенің қабынуы, гонорея,сифилис, туберкулез, диабет, подагра,кератиттер,жүйелі аурулар (саркоидоз, Бехчета ауруы), тіс аурулары, көз жарақаттары.

Клиникалық белгілері: субъективті: бөгде затты сезіну, көзде ауырсыну сезімі ( тупая,ломящая), түнде ауырсыну сезімі күшейе түседі, жарықтан қорқу, жас ағу, блефароспазм, көру өткірлігінің төмендеуі.

Объективті: ирит  кезінде перикорнеальды және аралас инъекция, радужканың түсі өзгерген, радужканың қан тамырларының кеңеюі, қарашықтың әлсіз болуы және тарылуы, радужка мен хрусталиктің арасында спайка пайда болады.

Циклит кезінде: қасаң қабақтың артқы беттерінде синехиялар пайда болады, пальпация кезінде ауырсыну в глазном яблоке циллиарлы дене аймағында, алдыңғы камера мен стекловидном теле қарауыту болады, гипотония.

Емі:  Этиотропты комплексті ем жергілікті және жалпы. Этиологиясына байланысты антибиотиктер кең спектрлі, сульфаниламидтер,тамшылар және мазьдар 4-6рет күніне, физиотерапиялық ем электрофорез, фонофорез.  Мидриатиктер: атропин 1%. Кортикостероидтар: 1%  кортизон суспензиясы, 0,1% дексаметазон ерітіндісі, максидекс, антибиотиктермен комбинирленген макситрол препараты. Патогенетикалық ем: осмотерапия жасалады, инъекциялар 10% хлорирленген кальций, глюконат кальция,  20-40% глюкоза, 40% уротропин, ангиопротекторлар, вит С, стероидты емес қабынуға қарсы заттар, десенсибилизациялаушы заттар. Симптоматикалық ем: ретробульбарлы новокаинды блокадалар, анальгетиктер.  Құрғақ жылу: солюкс, парафин, диатермия, УВЧ.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!