Ішек паразитарлы аурулары (гельминтоздар)

 

      Гельминтоздар – паразитті ішек құрттарымен шақырылатын аурулар. Эпидемиологиялық тұрғыдан гельминттер үш топқа бөлінеді:

  1. Биогельминттер-қоздырғыштар адамға жануар арқылы жұғады, нәтижесінде организмде жұмыртқа мен құрт личинкалары дамиды (тениозы);
  2. Геогельминттер – паразитті ішек құрттар жұмыртқасы мен личинкасы топырақта дамиды, (аскаридоз, трихоцефалез);
  3. Қатынасты (Контактылы) гельминтоздар – қоздырғыштың берілуі науқас адамнан немесе оны қоршаған құрал-жабдықтар арқылы жұғады (энтеробиоз);

Гельминттердің 3 негізгі класын бөліп көрсетеді: дөңгелек құрттар (нематодалар), таспа құрттар (цестодалар), сарғыштар (трематодалар).  Дөңгелек құрттар туғызатын, балаларда жиі кездесетін аурулар: аскаридоз, трихоцефалез, энтеробиоз.

     Аскаридоз – қоздырғышы – аскаридалар (дөңгелек құрттар). Ұзындығы 25-40 см. Гельминттер ащы ішекте орналасады. Өмір сүру ұзақтығы бір жыл. Паразиттің аналығы 200 000-ға дейін жұмыртқалар бөледі. Сыртқа нәжіспен шығып, топырақта таралады.

 Жұғу жолы   фекальды-оральды. Топырақ, жеміс-жидектер, көкөністер, кір қол арқылы беріледі.

   Патогенез. Құрт жұмыртқалары топыраққа түсіп, қолайлы жағдайда өсіп, өнеді. Ішекке түскеннен кейін, жұмыртқалардан лечинкалар шығып, көк тамырларға еніп, қан тамырлар арқылы өкпеге барады. Осыдан кейін лечинкалар тыныс жолдарының эпителий бойымен жұтқыншаққа көтеріледі де екінші рет жұтылады. Ащы ішек қуысына екінші рет түскеннен кейін, ересек гельминттерге айналады. Клиникалық көрінісі. Циклдың дамуына байланысты аскридалар 2 сатыға (фазаға) бөлінеді: миграциялық (көш-қондық) және ішектік. Миграциялық фазада аскариданың лечинкалары организмге механикалық әсер етіп, ол теріде аллергиялық бөртпе түрінде көрініс береді. Сиректеу өкпеде бронхиттер, пневмониялар дамиды. Дене қызуы субфебрильді деңгейде болады.

Аскаридоздың ішектік сатысында асқазан-ішектік түрінде (сілекей ағуы, жүрек айну, кіндік аймағында толқынтәрізді ауырсыну, көбінесе жиі тамақ ішкеннен кейін, сондықтан балалар құсу және лоқсудан қорқып, тамақтан бас тартады, соның себебінен арықтайды); гипотониялық түрінде (әлсіздік, шаршағыштық, артериялық қан қысымының төмендеуі); неврологиялық түрінде (бас айналу, бас ауру, мазасыз ұйқы, ұйқы кезінде тісін қайрау, қан тамыр бұзылыстары) өтуі мүмкін. Ішекте аскариданың шектен тыс көп жиналуына байланысты, ішек түйілуі байқалуы мүмкін. Шеткі қанда анемия, эозинофилия, ЭТЖ жоғарлауы байқалады.

Диагноз клиникалық симптомдарына және нәжісте құрт жұмыртқаларының табылуына байланысты қойылады.

    Емі. Көшу – қону сатысында кальций хлорид, кальций глюканат тағайындалады. Гельминтоздың арнайы емінде құрттарға қарсы дәрілік заттарды тағайындайды. Оттегітерапия тағайындалады. Алдын-алу. Жыл сайын бала-бақшадағы балалар, бастауыш сынып оқушылары көкөніс шаруашылығымен айналысатын, көкөніс дүкенінде жұмыс жасайтын адамдар 860 тексеріледі. Әрбір адамдар жеке бас гигиенасын сақтау және жеміс-жидек, көкөністерді қолданғанда, міндетті түрде жуып жеуі керек.

     Трихоцефалез – аурудың қоздырғышы – тік ішек паразиті власоглавтар, жұмыртқасы нәжіспен бөлінеді де топыраққа түсіп, қолайлы жағдай туғанда 2-4 аптадай өсіп, жетіледі. Содан соң адам организміне лас қол, су, жуылмаған жеміс-жидек және көкөніс арқылы түседі. Власоглавтың жұмыртқаларынан личинкалар бөлініп, олар ішектің кілегей қабатына жабысып орналасады. Власоглавтар қанмен қоректенеді, сүйтіп анемияның дамуына ықпал етеді.

     Клиникалық көрінісі. Балалардың көбінде трихоцефалез белгісіз өтеді. Кейбір науқастарда тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, құсу, сілекей ағу, оң жақ мықын және кіндік аймағының ауырсынуы, іш кебу болады. Ауыр жағдайда жүйке-жүйесінің зақымдалуы: бас айналу, бас ауру, мазасыз ұйықтау, естен тану анықталады. Шеткі қанда анемия белгілері, лейкоцитоз байқалады. Нәжіс жұғындысын микроскоп арқылы қарап, диагноз қойылады. Емі және алдын-алу аскаридозбен бірдей.

 

 

     Энтеробиоз қоздырғышы – острица, үлкен емес, дөңгелек құрт, ұзындығы 1см, ащы және тоқ ішектің төменгі бөлігінде орналасады. Ауру көзі – адам. Аурудың берілу жолы – қарым-қатынас. Берілу факторлары: лас қол, киім, төсек орын, үй шаңы арқылы таралады. Үлкен аналықтары жұмыртқаларын перианальды қыртысқа салып, содан соң өздері өледі. Қалған жұмыртқалар 6 сағатта өнеді. Острица қозғалысы анус аймағында (құйрығында) қышу сезімін туғызады.

Науқастар қышыған теріні қасығанда құрт қолға тиіп, тырнақтар астына жұмыртқалар жиналады. Баланың аузына лас қол немесе тағамдар арқылы түсуі мүмкін, сондықтан қайтадан жұқтыруда мүмкін. Острицалардың өмір сүру ұзақтығы 3-4 апта, бірақ қайталап жұқтырудан ауру ағымы ұзаққа созылады. Клиникалық көрінісі. Негізгі – артқы тесік айналасының тұрақты қышуы, ол ұйқысыздыққа алып келеді. Қышыма кешке немесе түнгі уақытта пайда болады. Бала нашар ұйықтайды, тітіркенгіш, сирек ішінің толғақ тәрізді ауырсынуы болады. Қыздарда острицалар жыныс органдарына түсіп, вульвовагинит дамуы мүмкін. Ұзақ инвазияларда балаларда нервті-психикалық бұзылыс дамып, ол есте сақтау қабілетінің төмендеуімен, сабақ үлгерімінің нашарлауымен көрінеді.

     Диагноз нәжісті құрт жұмыртқаларына зерттеу, артқы тесік қатпарларынан алу тексерілісімен қойылады.

     Емі. Медикаментозды емі барлық жұқтырған адамдарға тағайындалады: комбантрин, пиперазин, вермокс (мибендазол) нафтамон, дифизил, пирантел, фенасал, декарис, асқабақ дәні. Ем уақытында және антигельминтті дәрілерді тоқтатқан соң, тазарту клизмасын жасап кешке және таңертең душқа түсіріп, тәулігіне 2 рет іш киімін күнделікті төсек орнын ауыстырып, тырнақтарын қиып және оны йод немесе спиртпен өңдеу қажет. Алдын-алу. Реинфекциядан (қайталап жұқтыру) сақтану үшін жеке бас гигиенасына ерекше көңіл бөлу керек және бұл тек балалар ғана емес, олардың жанұя мүшелерінеде байланысты.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!