Қатерлі ісік. Жиі жас ер адамдар ауырады. Хорионэпителиома жиі медиастиналды және мойын лимфа түйіндеріне және алыс ағзаларға метастаз береді.
Симптомы. Аурудың негізгі симптомдары кеңірдек, өкпе, жоғарғы қуыс веналардың қысылуымен байланысты. Ерлерде гинекомастия, атабезінің атрофиясы, әйелдерде – сүт бездерінің қатаюы байқалады.
Диагностика. Қан анализінде 90% науқастарда альфа- – фето-протеин табылады, КТ- қолданылады.
Емі. Полихимиотерапия. Науқастардың кейбіріне ғана опе-ративты ем қолданады. Сәулелік ем эффектнәтиже бермейді.
Көкірекаралық түзілістердің 20%-ын көкірекаралық кисталар құрайды. Көкірекаралықтың шынайы біріншіліккисталарын ажыратады,целомадан перикардиалды немесе алдыңғы ішектерден (бронхиалды, энтерокистомадан) дамитын және әртүрлі ағзалардан және лимфалық түзілістерден (тимусты, лимфалық және т.б.) дамитын кисталар. Сонымен қатар, паразитарлыкисталар (эхинококктық) және алыс аймақтарда (менингиалды) кездеседі.