Екіншілік гипертензияға мынадай жағдайлар әкелуі мүмкін:
- бүйректің ілкі аурулары — әсіресе, шумақтардың зақымдалуымен және қантамырлық бұзылыстармен жүретін жедел және созылмалы бүйрек аурулары; •ауыз арқылы қабылданатын контрацептивтер жиі АҚ көтереді;
- дәрі-дәрмектер — қабынуға қарсы стероидты емес препараттар және көптеген антидепрессантар гипертензияға әкелуі мүмкін;
- сондай-ақ, темекі шегу мен ішімдікті шамадан тыс қолдану да қан қысымын жоғарылатады;
- феохромоцитома — феохромоцитомамен науқастардың жартысына жуығында пароксизмалды гипертония бар;
- біріншілік альдостеронизм — біріншілік минералокортикоидтық (соның ішінде, бірінші кезекте альдостеронның) молшылық болса, онда гипертония, түсініксіз гипокалиемия және метаболикалық алкалоз сияқты үштігі бар кез келген науқастан күдіктенуге болады.
Бірақ кейбір науқастарда сарысудағы калий деңгейі қалыпты болады. Резистентті АГ-мен науқастардың арасында ілкі альдостеронизмді іздеу керек;
- жайылмалы атеросклерозбен науқастардың арасында реноваскулярлық ауру едәуір жиі кездеседі;
- Кушинг синдромы — Кушинг синдромымен науқастардағы аурушаңдық пен өлім себебінің ең басты себептерінің бірі АГ болып табылады;
- басқа эндокриндік бұзылыстар — гипотиреоз, гипертиреоз және гиперпаратиреоз гипертонияны тудыруы мүмкін;
- ұйқының обструктивті апноэсы — ұйқы кезінде тыныстың бұзылуы жүйелі гипертензияның қауіп факторы болып табылады;
- қолқа коарктациясы — ерте жастағы балалар арасындағы екіншілік гипертензияның негізгі себептерінің бірі:
Бүйрек аурулары | Басқа аурулар |
Реноваскулярлық: – бүйрек артерияларының стенозы; – бүйрек артерияларының тромбозы; – бүйрек веналарының тромбозы. | Кардиоваскулярлық аурулар: – қолқа коарктациясы; – такаясу ауруы (аортоартериит) |
Паренхиматозды: – жедел гломерулонефрит; – созылмалы гломерулалық аурулар; – зәр жүйесінің инфекциясы; – рефлюкс-нефропатия; – кисталық аурулар; – гемолитикалық-уремиялық синдром; – Вильмс ісігі; – бүйрек пен зәр жолдарының туа біткен даму ақаулары; – Люпус-нефрит; – бүйрек трансплантанты | Эндокриндік аурулар: – феохромоцитома; – нейробластома; – гипертиреоидизм; – бүйрек үсті безінің туа біткен гиперплазиясы; – ілкі гиперальдостеронизм; – Кушинг синдромы (эндогендік немесе экзогендік). |
Дәрі-дәрмектер: – симпатомиметиктер; – оралды контрацептивтер |