Мақала
Кардиология

Артериялық гипертензияның этиопатогенезі

Біріншілік (эссенциалды) гипертензия АГ-ның барлық түрлерінің 90–95%-ын біріншілік АГ (эссенциалды АГ, гипертониялық ауру) құрайды. Симптоматикалық (екіншілік) АГ-ның үлес салмағы шамалы ғана, және оған әкелген себептерді анықтаған жөн (бүйрек аурулары, Кушинг синдромы, феохромоцитома, қолқа коарктациясы және т.б.).

Біріншілік АГ-ның патогенезі әлі толық ашылмаған, бірақ себепші факторлары мыналар:

  • симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігінің жоғары болуы, жоғары β-адренорецепторлық жауаппен;
  • ангиотензин II-нің белсенуінің артуы және минералокортикоидтардың артық мөлшері;
  • тұқым қуалайтын факторлар, яғни ата-анасының біреуі немесе екеуі де АГ-дан зардап шеккен науқастарда гипертония шамамен екі есе жиі кездеседі.

Бірнеше эпидемиологиялық зерттеулерге сүйене отырып, егерде АГ ата-анасының біреуінде болса, онда 30% жағдайда, ал екеуінде де болса, онда 60% жағдайда АГ-ның даму қаупі бар деп болжауға болады; жұмыс істеп тұрған нефрондардың санының азаюы гипертонияға бейімдейді, ол генетикалық факторлармен байланысты болуы мүмкін — құрсақішілік дамудың бұзылысы (мысалы, шала туылу, гипоксия, есірткілердің әсері, тағамдық тапшылық), туылғаннан кейінгі қоршаған ортаның әсері (мысалы, жеткіліксіз тамақтандыру, инфекциялар).

АГ-ның шығу тегі туралы жорамалдар жасауға болатын біріншілік және екіншілік АГ-ға тән қауіп факторларын шектеуге болады. Келесі қауіп факторлары жиі эссенциалды АГ-мен байланысты:

  • анасында, әкесінде немесе екеуінде де гипертония болса;
  • натрийді шамадан тыс қолдану;
  • ішімдікті шамадан тыс қолдану;

  • семіздік және артық салмақ;
  • физикалық белсенділіктің аздығы;
  • семіздікпен байланысы жоқ дислипидемия да гипертензияға себепкер;
  • гипертония мінез-құлқының ерекшеліктері бар (жоғары эмоционалды), үнемі күйзеліс жағдайында және уақыт тапшылығында (цейтнот) жүретін, сондай-ақ, депрессияға бейім адамдардың арасында кеңірек таралуы мүмкін;
  • D витаминінің тапшылығы гипертония дамуының жоғары қаупімен байланысты.
Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.