Артериалық қысымды өлшеу

Артериалық қан қысымын дұрыс өлшеу нұсқамасы (қадам бойынша):

  1. Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатып, ыңғайлы отырғанына тексеру керек.
  2. Манжетті сол жақ қолға орналастырып, қолдың жүрек деңгейінде орналасқанына көзді жеткізу керек.

  3. Манжетті дұрыс орналастыру (манжетпен қолдың арасынан бір саусақ өту керек).
  4. Иық артериясындағы пульсті анықтағаннан кейін, шынтақ шұңқырына фонендоскопты орналастыру керек.
  5. Сфигмоманометрдің вентилін жауып, пульс жоғалғанға дейін грушамен ауаны толтырамыз.
  6. Вентилді ашамыз және баяу (2 мм/сек артпай) манжеттен ауаны шығару керек.
  7. Бір мезгілде фонендоскоппен иық артериясын тыңдап және манометрдің шкаласындағы көрсеткішті бақылап отыру керек.
  8. Алғашқы тонның пайда болуы кезіндегі монометрдегі көрсеткішті систолалық қысым ретінде белгілеу.
  9. Тонның жоғалуы кезіндегі монометрдегі көрсеткішті диастолалық қысым ретінде белгілеу.
  10. Емтихан алушының пікіріне сай келетін дұрыс систолалық және диастолалық қысым көрсеткіштері туралы дұрыс мәліметті алу.

Алған мәліметіне сипаттама беріп бағалайды;

қалыпты АҚ қысым:

  • САҚ = ‹120 с.б.б.6
  • ДАҚ = ‹80 с.б.б.;
  • Өзгерістері: жоғарылайды, төмендейді;

Науқасты тексергендегі мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі. PS саны минутына 76, ретті, ырғақты, толықтығы мен кернеулі қанағаттанарлық. АҚ – 120/80 мм сын.бағ.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Пульсті дұрыс өлшеу әдістемесі
  2. Жүрек аускультациясы. Жүрек тондары, шулары

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!