Артериялық пульсті анықтау
Пульсті зерттеудегі іс-әрекетерінің реттілігі
Пульсты шыбық артериясында анықтау
- дәрігер науқастың білезік буындарын қапсырып алады: ІІ,ІІІ,ІУ саусақтарының ұшын шыбық сүйегінің біз тәрізді өсіндісінен төмен орналастырады, ал маңайынан қолымен ұстайды, үлкен бармақ қолдың сырт жағында;
- артерияны шыбық сүйекке тақап басып тексереді;
- екі қолда пульстің толықтығы бірдей болса әрі қарай қалған қасиеттерін бір қолда (оң қолда) анықтайды;
пульс жиілігін – 1 минутта соғуын санау (15 сек. санап ×4);
ырғақтығы – пульс толқындарының арасы бірдей;
кернелуі – пульсті басып мүлдем тоқтату – жұмсалатын күшке сәйкес келеді;
толықтығы – дәрігердің көмекшісі шыбық артериясын жоғарғы бөлігінен пульс тоқтағанша басады, сосын босатады – пульс толқындары бірден анықталса – толық пульс;
пульс көлемі- толықтығы мен кернеуіліне сәйкес (үлкен, кіші пульс);
пульс пішіні – қан тамырдағы артериялық қысымның систола мен диастоладағы өзгерісіне байланысты – тез өзгерсе –қан тамыр қабырғасы тез кернеліп, тез босаңсиды;
- жиілігі– қалыпты пульс-60-80′;
- қалыптыда- ырғақты; өзгерісі – ырғақтығы бұзылған;
- кернелуі – қатты, жұмсақ пульс;
- толықтығы – толық, бос пульс;
- көлемі –үлкен, кіші пульс;
- пішіні – жылдам биік; баяу, төмен пульс.
Артерия қабырғасына сипаттама беру
- дәрігер сол қолының ІІ,ІІІ саусақтарымен пульсты анықтау орнынан жоғары қысады; 2- пульс жоғалғанда- артерия бойымен сипап қабырға қасиетін анықтайды – серпінділігі сақталған жіңішке түтік тәрізді сезіледі;
- қан тамыр қабырғасы өзгермеген – жіңішке, біркелкі жұмсақ, серпінділігі сақталған түтік;
- өзгерісі- қалыңдаған, ирелектелген, тығыздалған