Еңбекке жарамсыздық сараптаманы жүргізіп, оқу амбулаторлық картаны рәсімдеумен бірге науқасты курациялау

Науқастың шағымдары:тәулігіне 10рет қан араласқан сұйық нәжіс, іштің ауырсынуы,тәбеттің болмауы,аяқтың бөртіп кетуі,әлсіздік

Anamnesis morbi:

2012ші жылдан өзін науқас санайды.Күніне 5-6рет қан аралас сұйық нәжіс байқалып,проктологке көрінген.Ректороманоскопия өткізіліп,геморрой диагностикаланған,симптоматикалық ем жүргізілген (микроклизмалар, суппозиторилер)емнен эффект болмаған.Кейін нәжіс түрі мен мөлшері өзгерген:соңғы жылда іш өту күніне 20-23ретке дейін жоғарылап,бөлінетін қан көлемі ұлғайған,2013жылдың қараша айында гастроэнтерологке қаралған,спецификалық емес зақымдануға күдіктеніп колоноскопияға жолдама берілді.Зерттеу барысында морфологиялық нақтыланған спецификалық емес ойықжаралы колит көріністері анықталған.Салофальком 3мг/тәу қабылдаған,оң эффект байқалған,бірақ 10күннен кейін препаратты доғарды,себебі жағымсыз әсерлері болған(миалгия,артралгия,субферилитет).2014жылдың ақпан айында ННМЦ де ем қабылдаған:салофальком 30мг+30мг преднизолон/тәу.Кейін қайтадан жағымсыз әсерлері пайда болғаннан науқас өзі препаратты доғарған.Преднизиолонды 20мг-ға төмендеткенде тізе буындарының артритін байқаған(ісіну,жергілікті буындардың гипертермиясы,ауырсыну себебінен буындардың қозғалысы шектелген).Науқас өз бетінше 2 жыл көлемінде базисті емді доғарған.Базисті терапиясыз науқастың жағдайы нашарлай бастаған;гемколит,нәжіс күніне 10-15рет,әлсіздік,бас айналу.Бөлім меңгерушісінің қабылдауында болып,месалазинмен (клаверсаль) 3 г/тіу,буденофальком 9г/тәу емді бастаған.Қайтадан жағымсыз әсер басталған.Емді қайтадан бастағысы келеді.

Anamnesis vitae

Жаркент қаласында туған, жасына сәйкес дамыды. Орта арнаулы білім алды.Күзетші болып жұмыс жасаған. Үйленген, бір баласы бар.

Бастан өткен аурулар:бала кезінде желшешек,қызылшамен ауырған

Отбасылық анамнез:тұқым қуалайтын аурулар жоқ

Аллергологиялық анамнез:асқынбаған

Эпидемиологиялық анамнез:

Туберкулез, гепатит, безгек, соз ауруларын жоққа шығарылады.

Парентеральды араласу соңғы 6 айда жүргізілген жоқ.

Соңғы 6 айда гемотрансфузия болған жоқ.

Стоматолог соңғы 6 ай болмады.

Ақмола облысынан тыс жерлерге соңғы 6 ай шықпады.

Соңғы 2 айда температурасы жоғары науқастармен байланыс болған жоқ.

Ішектің дисфункциясы соңғы 4 апта болған жоқ.

Зиянды әдеттер:темекі тартпайды, алкоголь ішпейді.

Status Praesens

Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, есі анық, төсекте жағдайы белсенді.

Денесі дұрыс, конституциясы нормостениялық. Науқастың сыртқы түрі оның жасына сәйкес келеді.

Бойы 175 см, салмағы 63 кг.ИМТ 63/1,75*1,75=20,6

Тері құрғақ, таза, тері жамылғыларының түсі бозғылт, тері тургоры қалыпты, терінің икемділігі сақталған, көрінетін шырышты қабаттар қызғылт, ылғалды.Еркек түрі бойынша шаш өскен.. Тырнақ пластиналары дұрыс пішінді.

Тері асты май талшығы орташа, біркелкі бөлінген. Ісіну, акроцианоз жоқ.

Шеткі лимфа түйіндері пальпацияланбайды.

Бұлшықет жүйесі қалыпты тонуста, қалыпты дамыған, атрофиясы мен  ауырсыну жоқ. Омыртқаның, аяқ сүйектерінің деформациясы жоқ, ауырсыну жоқ.

Жүрек-қантамыр жүйесі:Цианоз,перифериялық ісіну,ентігу жоқ.Пульс ритмді,симметриялы 65рет,АҚҚ 110/70 мм. с.б.Жүрек шекаралары қалыпты.

Тыныс алу жүйесі:Тыныс алу жиілігі 16рет.Кеуде клеткасы дұрыс пішінді.Дауыс дірілі өзгермеген.Перкуторлы өкпе үстінде анық өкпелік дыбыс.Топографиялық және салыстырмалы перкуссияда өкпе шекаралары қалыпты.

Ас-қорыту жүйесі:Іші жұмсақ,пальпацияда ауырсынумен.Терең пальпация:Сигма тәрізді ішек-ауырсынумен,эластикалық,диаметрі 5см,беті тегіс.

Ұсынымдар:

-ЖҚА

-ЖЗА

-БҚА

-фиброилеоколоноскопия

– № 4а емдәм(қабыну процесстері басылғанда 4б емдәм)

-Пентаса 1г

-преднизолон 30мг

Болжам диагноз: Толық спецификалық емес ойықжаралы колит,үнемі қайталанатын формасы,3дәрежелі белсенділік

Дәрігер:Оразбек Ә.Б.

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Еңбекке жарамсыздық сараптаманы жүргізіп, оқу амбулаторлық картаны рәсімдеумен бірге науқасты курациялау

error: Материал көшіруге болмайды!