Сүт безінің пальпациясы
№ | Қадамдар | Орындау белгілері |
1. 1 | 1 | Қолды жуады. Аурудың алдында тұрады. Аурудың жағдайы – тік тұрған қалыпта, қолдарын бел бойында орналастыруды сұрау. Сүт безін алдынғы және бүйірі жағынан визуальді қарау. |
2. 2 | 2 | Сүт безінің симметриялығын,формасын, көлемін, терілік симптомдарын бағалау. Сүт безінің ұшының жағдайын сипаттайды. Оң қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен оң жақ содан кейін сол жақ сүт безінің ұшын басады. Сүт безінен бөлінген бөліністерді сипаттайды. |
3. 3 | 3 | Қолдың саусақтарының жастығымен сүт безінің ортаңғы бөлігінен бастап периферияға қарай сүт безін сипап сезеді. Сүт безінің консистенциясын, ауырсынуын және патологиялық түйін барын сипаттайды. |
4. 4 | 4 | Оң қолды науқастың оң иығына қойып сол қолдың саусақтарының жастығымен қолтықасты аймақтық лимфа түйіндерін сипап сезеді. Осы сияқты қарама қарсы қолтықасты аймақтық лимфа түйіндерін сипап сезеді. Бұғана асты және үсті аймақтық лимфа түйіндерін сипап сезеді. |
5. 5 | 5 | Сүт безін горизонтальді жағдайда сипап сезеді. Саусақтарының жастығымен оң жақ, сол жақ сүт безін сипап сезеді. Сүт безінің консистенциясын, ауырсынуын, патологиялық түйіннің барын сипаттайды. |