Пальпация

Пальпация 

Жүректі пальпациялаудың негізгі мақсаттары:

  1. қарыншалар миокардының гипертрофиясын анықтау;
  2. қарыншалар дилатациясын анықтау;
  3. магистралды тамырлардың кеңейуін анықтау (жанама түрде);
  4. қолқа мен сол қарынша аневризмасын анықтау

3.49 суретте жүрек аймағын пальпациялау кезеңдері көрсетілген: бірінші сол қарыншаның шетінен түзілген жүрек ұшының түртпесі пальпацияланады (1), сосын оң қарыншадан түзілген жүрек соққысы (2) және эпигастральді аймақ (3). Одан кейін магистральді тамырлар пальпацияланады: қолқа пульсациясы төстің оң жағында 2 қабырға аралығында (4) және мойын ойығында (6), ал өкпе артериясының бағанасы төстің сол жағында (5).

Жүрек ұшының түртпесіне сипаттау (локализациясы, күші және ауданы) үшін дәрігер оң қолының алақанын жүрек маңына орналастырады (3.50 а сурет), сосын жүрек ұшының түрткісін сезгеннен кейін оны саусақтарымен пальпациялайды (3.50 б сурет).

Жүрек соққысы төстің сол жағынан және жүрек ұшы түрткісінен сәл ішке қарай, жүректің абсолютті тұйықтығы аймағында анықталады, ол оң қарыншадан түзіледі (3.53 сурет). Қалыпты жағдайда жүрек соққысы анықталмауы керек.

Магистральді тамырларды пальпациялауды (3.56 сурет) жүрек негізіндегі пульсация мен систолалық дірілді бағдарламалық анықтаудан бастайды. Сосын саусақ ұштарымен оң 2 қабырға аралығында қолқаның жоғарылаған бөлігі, төстің сол жағында өкпе артериясының бағанасы және мойын ойығында қолқаның доғасы пальпацияланады. Магистральді тамырлар аймағын пальпациялағанда қалыпта кейде мойын ойғында әлсіз пульсацияны анықтауға болады.

Перкуссия 

Жүректі перкуссиялаудың негізгі мақсаттары:

  • қарыншалар мен жүрекшелердің дилатациясын анықтау;
  • қан тамырлар шоғырының кеңейуін анықтау.

Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасын анықтау

Бірінші жүрек тұйықтығының оң, сосын сол және жоғарғы шекаралары анықталады. Алдын ала көк ет деңгейін болжап алу керек, себебі ол жүректің салыстырмалы тұйықтық өлшемдерінің нәтижесіне әсер етеді.  Ол үшін оң өкпенің төменгі шекарасын бұғана ортаңғы сызық бойымен анықтау керек, ол 4 қабырға деңгейінде орналасқан (3.63 сурет).

Жүректің салыстырмалы тұйықтығының оң жүрекшеден түзілген оң шекарасын (3.64 сурет) өкпенің анықталған төменгі шекарасынан бір қабырға жоғары жерден (4 қабыр аралығы) вертикальді орналасқан плессиметр – саусақты қабырға аралығымен перкуторлап анықтайды (3.65 сурет).

Жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол қарыншадан түзілген сол шекарасын жүрек ұшының түртпесін алдын ала пальпациялағаннан кейін, 5 қабырға аралығымен алдыңғы қолтық асты сызығынан жүрекке қарай перкуторлап анықтайды (3.66 сурет).

Жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол жүрекшенің құлақшасы мен өкпе артериясының бағанасынан түзілген жоғарғы шекарасын (3.68 және  3.69 суреттер) сол төс сүегі сызығынан 1 см сыртқа жоғарыдан төмен қарай анықтайды.

Есіңде сақта:

  • жүректің салыстырмалы тұйықтығының оң шекарасы қалыпта төстің оң қырында немесе одан 1 см сыртқа қарай орналасқан;
  • жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол шекарасы сол бұғана ортаңғы сызықтан 1-2 см ішке қарай орналасқан және жүрек ұшының түрткісімен сәйкес келеді.
  • жүректің салыстырмалы тұйықтығының жоғарғы шекарасы қалыпта III қабырға деңгейінде орналасқан.

 

Жүректің көлденеңін өлшеу. Жүректің көлденеңін өлшеу үшін жүректің салыстырмалы тұйықтығының оң және  сол шекарасының арақашықтығын алдыңғы ортаңғы сызыққа дейін өлшейді (3.71 сурет). Қалыпта оның оң жағы 3-4 см және сол жағы 8-9 см, ал көлденеңі 11-13 см болады.

Қан тамырлар шоғырының шекарасын анықтау. Қан тамырлар шоғырының құрамына қолқа, жоғарғы қуыс венасы және өкпе артериясы кіреді (3.72 сурет), перкуторлы түрде оларды анықтау қиын. Төстің оң (3.73а сурет) және сол (3.73б сурет) жағында, 2 қабырға аралығында вертикальді орналастырылған плессиметр – саусақтарды төске қарай ақырын жылжытып тыныш перкуссия жүргізіледі. Қалыпта қан тамырлар шоғырының шекарасы төстің оң және сол қырларына сәйкес келеді, оның ені 5-6 см болады.

Жүректің конфигурациясын анықтау.  Жүректің конфигурациясын анықтау үшін қосымша оң жақтан 3 қабырға аралығын, ал сол жақтан 3 және 4 қабырғалар аралығын перкуторлау арқылы жүректің оң және сол салыстырмалы тұйықтығының контурын табу керек (3.74 сурет).

Салыстырмалы тұйықтығына сәйкес барлық нүктелерді қосу арқылы жүректің конфигурациясын білуге болады (3.75 сурет).

Жүректің абсолюттік тұйықтығының шекарасын анықтау.

Абсолюттік тұйық перкуторлық дыбыс есітелітін жүректің абсолюттік тұйықтығының шекарасын анықтағанда (3.76 сурет) тыныш перкуссия қолданады. Алдын ала анықталған жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекарасынан абсолютті тұйықтық аймағының бағытына қарай перкуссияланады.  Плессиметр – саусақтың ашықтау тұйық перкуторлық дыбыс естілген жағынан оң, сол және жоғарғы шекаралары белгіленеді.

Есіңде сақта:

Қалыпта жүректің абсолюттік тұйықтығының оң шекарасы төстің сол қырында, сол шекарасы жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол шекарасынан 1-2 см ішке қарай, ал жоғарғы шекарасы 4 қабырға деңгейінде орналасқан.  

Жүректің аускультациясы

Жүректі аускультациялаудың негізгі ережелері:

  • жүректі аускультациялағанда тыныштық сақтау керек және бөлме жылы болуы керек;
  • жүректің аускультациясы науқастың горизонтальді және вертикальді жағдайында жүргізіледі, егер керек болса физикалық күштемеден кейін де жүргізуге болады. Митральді қақпақшаның патологиясында пайда болатын дыбыстар науқас сол қырымен жатқанда (84а сурет), ал қолқа қақпақшасындағы дыбыстар науқастар вертикальді жағдайда және денесін алға еңкейтіп қолдарын жоғары көтергенде (3.84б сурет) жақсы естіледі.
  • Жүректі науқас қалыптағыдай беткей тыныс алғанда және максимальді тыныс шығарып, тынысты кідірткенде тыңдалады.

Есіңде сақта:

Дыбысты систола және диастола фазаларымен синхрондау үшін жүрек аускультациясымен бір мезгілде сол қолмен оң ұйқы артериясын пальпациялау керек, оның пульсациясы қарыншалар систоласымен сәйкес келеді.  

Жүрек қақпақшаларының проекциясы бір-біріне жақын орналасқандықтан жүрек аускультациясында осы қақпақшалардан алшақ орналасқан, бірақ дыбыстар естуге болатын 5 аускультациялық нүктелер (3.85 сурет) бар:

  • Жүрек ұшына (1) митрльді қақпақша (М) қызметінде пайда болатын дыбыстар жақсы өткізіледі;
  • Төстің оң жағында 2 қабырға аралығына (2) – аорталды қақпақшадан (А) дыбыстар;
  • Төстің сол жағында 2 қабырға аралығына (2) – өкпе артериясынан (Р) дыбыстар;
  • Семсер тәрізді өсіндінің негізінде, және оның оң және сол жағында үш жармалы қақпақшада (Т) түзілген дыбыстар жақсы естіледі.
  • 4 қабырға аралығында орнласқан Боткин- Эрба нүктесі қолқа қақпақшасын тыңдауға арналған қосымша нүкте.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!