1.Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтың дамуы.
2.Мақсаты: Қазақстан территориясында мемлекет пен құқықтың пайда болуының ерекшеліктерін оқу қазақ қоғамындағы құқықтың даму кезеңдері мен ерекшеліктері туралы түсінігін қалыптастырады. Бұл тақырыпты қарастырған кезде Қазақстанның территориясындағы әдеттік және кодифициялық құқығының 1-ші заңнамалық қайнар көзіне көніл бөлу маңызды.
3.Тапсырма: Келесі сұрақтарды ашып іскерлік ойынның сценариін өз бетінше жазу:
- Әдеттік құқықтық нормаларының жалпы сипаттамасы.
- Қасым ханның заңдарында мемлекеттік билікті нығайту.
- Есім ханның заңдары бойынша мүліктік және мүліктік емес қатынастар.
- Шыңғыс хан ясылары- әдеттік құқығының қайнар көзі.
- Қазақтарда діни құқықтың ерекшеліктері.
- Тәуке ханның жеті -жарғысы-кодифициялық құқықтың қайнар көзі.
4.Орындау түрі: іскерлік ойын.
Іскерлік ойын — оқытудың белсенді әдістерінің бірі.
Оқытудың белсенді әдісі ретіндегі іскерлік ойынның талабы: ойынға қатысушылардың арасында ролдердің бөлінуі; ойын бойынша бірлесіп шешім қабылдау үшін екі тараптың сөйлесу әрекеті; уақыт өлшемін пайдалану; ойын жарысы барысында кәсіби білім мен ойынның нәтижесін бағалау жүйесін қолдана; ойын барысында шынайы өмірді көрсете білу.
5.Орындау критерилері:
Мына іскерлік ойынның мысалға алып қосымша материалды немесе тапсырма нұсқаларымен жағдайлық есептерді қолдана отырып іскерлік ойынның өзіндік түрін ойлап табуға болады.
Іскерлік ойынды өткізу әдістемесі « Үстел ортасындағы қаламсап»
Қажетті нәрселер:
- Бөлек қағаздарға басылған сұрақтар.
- таза парақтар, қаламсаптар.
- Жұмыс дәптері.
Жұмыс барысы:
- Топтағы барлық топтар 3 топтамаға бөлінеді.
- Әрбір топ бөлек столға отырады да таза парақ пен қаламсап дайындайды.
- Қағазға қатысушы студенттердің аты жөні, факультеті, топтың нөмірі, іскерлік ойынның атауы және өткізілген күні жазылады.
- Тапсырмалар: нақты бір сұраққа барлық топ жауап береді.
- Әр студент параққа өзінің тегін және жауаптың бір нұсқасын жазып көршісіне береді де қаламсабын столдың ортасына жылжытып жібереді.
- Оқытушы топтардың жұмысын және барлығының қатысуын қадағалайды. Дұрыс жауаптың жалпы бір нұсқасы дәптерге жазылады.
- Оқытушы студенттердің жауаптарын бағалап, тиісті бал қояды.
- Жауап жазылған парақтарға оқытушы тиісті ұпай және қолын қояды.
- Студенттерге ұпай сабақ барысында есептеліп қойылады.
- Журналдың төменгі бос орнына іскерлік ойынның өткізілгендігі жазылып, топ жетешісі (староста) қолын қояды.
- Студенттердің жасаған жұмыс жазбаларын оқытушы сақтап қояды.
6.Тапсыру мерзімдері: 1-ші аралық бақылауға дейін.
7.Бағалау критерилері:
№ Р\с
| Әріп | Сандық Көрсеткіш
| Рейтинг (пайыздық көрсеткіш) | Баға |
1 | А | 4.0 | 100 | Өте жақсы
|
2 | А- | 3.67 | 90 | |
3 | В+ | 3.33 | 85 | «жақсы»
|
4 | В | 3.0 | 80 | |
5 | В- | 2.67 | 75 | |
6 | С+ | 2.33 | 70 | «қанағаттанарлық»
|
7 | С- | 1.67 | 60 | |
8 | D | 1.0 | 50 | |
9 | F | 0 | 0 | «қанағаттанарлықсыз»
|
Балл | Іскерлік (рольдік) ойын |
100% | Іскерлік (рольдік) ойын тақырыпқа сәйкес орындалды, ойынның сценарийі өзін-өзі дайындауға арналған негізгі сұрақтарға сәйкес құрастырылып, бірінші, екінші турлардан тұрды, деңгейлік тапсырмалар қамтылып сөзжұмбақ, ребустардың жауабы берілді. Ойынға қатысушылар тапсырмаларды орындауда белсенділік танытып, жаңама әдістер қолданды. |
90% | Іскерлік (рольдік) ойын тақырыпқа сәйкес орындалды, ойынның сценарийі өзін-өзі дайындауға арналған негізгі сұрақтарға сәйкес құрастырылып, деңгейлік тапсырмалар қамтылды, сөзжұмбақ пен ребустарды шешу орын алды. Ойынға қатысушылар әртүрлі тапсырманы орындауға белсенді қатысты. |
85% | Іскерлік (рольдік) ойын тақырыпқа сәйкес орындалды, ойынның сценарийі өзін-өзі дайындауға арналған негізгі сұрақтарға сәйкес құрастырылды, деңгейлік тапсырмалар қамтылып, сөзжұмбақ пен ребустарды шешу орын алды, бірақ кейбір жауаптарда болмашы қателіктер жіберілді. |
80% | Іскерлік (рольдік) ойын тақырыпқа сәйкес орындалды, ойынның сценарийі өзін-өзі дайындауға арналған негізгі сұрақтарға сәйкес құрастырылып, деңгейлік тапсырмалар қамтылып, сөзжұмбақ пен ребустарды шешу орын алды, бірақ кейбір жауаптарда қателіктер жіберілген, әдебиеттер толық көлемде пайдаланылмаған. |
75% | Іскерлік (рольдік) ойын тақырыпқа сәйкес орындалды, ойынның сценарийі өзін-өзі дайындауға арналған негізгі сұрақтарға сәйкес құрастырылып, деңгейлік тапсырмалар қамтылып, сөзжұмбақ пен ребустарды шешу орын алды, бірақ кейбір жауаптарында қателіктер жіберілген, сұрақтарды талдаудың тиісті деңгейде болмады, жауаптар дәлелді емес, әдебиеттер толық көлемде пайдаланылмаған. |
70% | Іскерлік (рольдік) ойын тақырыпқа сәйкес орындалды, ойынның сценарийі өзін-өзі дайындауға арналған негізгі сұрақтардың кейбірін ғана қамтыды, жеңіл тапсырмаларды қамтыды, сөзжұмбақ пен ребустарды шешу орын алды, сұрақтарды талдау тиісті деңгейде болмады, жауаптар дәлелді емес, әдебиеттер толық көлемде пайдаланылмаған. |
60% | Іскерлік (рольдік) ойын нашар болды, сұрақтар талдау тиісті деңгейде болмады, жауаптар дәлелді емес, терминдерді сипаттауда елеулі қателіктер жіберілді, әдебиеттер толық көлемде пайдаланылмаған. |
50% | Іскерлік (рольдік) ойын нашар өткізілді, тақырыпқа сәйкес емес, сұрақтарды талдау тиісті деңгейде емес, терминдерді сипаттауда елеулі қателіктер жіберілген, әдебиеттер толық көлемде пайдаланылмаған. |
0% | Іскерлік (рольдік) ойын әзірленбеді және белгіленген мерзімде өткізілмеді. |