ҚР жер құқығының негіздері. Жағдайлық есептер

Жағдайлық есептер

Тақырыбы: ҚР жер құқығының негіздері

№1 есеп.

Шарт: Азамат Бердияров жұмыс барысымен ауылдан қалаға қоныс аударады. Бірақ оның ауылда өзінің жек меншікті жері болатын. Арада 2 жыл өткен соң ол өзінің туған жеріне қайтып келеді. Бірақ оның жеке меншігіндегі жерді азамат Сатыбалдин бос болған соң иеленіп алыпты.

Cұрақ: Бұл жағдайда азамат Бердияров қандай құқыққа ие?

№2 Есеп

Шарт:Б. есімді азамат соғыс жылдарында елден кетуге мәжбүр болады. арада жылдар өткеннен кейін ол өзінің туған жеріне көшіп келеді. Диқан ауылының әкімшілігіне барып өзіне жер беруді сурайды. Бірақ ауыл әкімшілігі оған жер бқліп беруден бас тартады, себебі ол оралмен болғандықтан.

Сұрақ: Бұл жағдай қалай шашілмек?

№1 Есеп

Жауап: Қазақстан Республикасының Жер Кодексінеде: “жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу – жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының рұқсатынсыз бөтен жер учаскесін иелену, сондай-ақ мемлекеттік меншік­тегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті шешімінсіз иелену заңсыз болып табылыды”- делінген. Сондықтан Азамат сатыбалдин жерді қайтарып беруге тиісті, егер қайтарғысы келмеген жағдайда ол заңды бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылады.

№2 Есеп

Жауап: Қазақстан Республикасының Жер Кодексінеде

46-бап. Оралмандарға жер учаскелерiн беру

  1. Оралмандарға өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру ауылдық елдi мекендердiң жерiнен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
  2. Оралмандарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн беру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, арнайы жер қорының, иммиграциялық жер қорының жерiнен және босалқы жерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
  3. Берiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда олардың жеке меншiгiне өтедi.
  4. Оралмандарға берiлетiн жер учаскелерiне осы Кодекстiң 48-бабыныңнормалары қолданылмайды.

Осы заңға сәйкес Б. есімді азамат өзіне тиесілі жерді алуға құқылы

№1 Есеп

“Самал” өнеркәсібі  “Балапан” атты мерекелік концертке демеушілік жасайды.  Осы жағдайды ескере отырып олар салықтан босатылады.

Сұрақ:Неліктен “Самал” өнеркәсібі салықтан босатылды?

Жауап:

Қр салық кодексінде: Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберінде осындай келісіммен айқындалған мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін Қазақстанның үкіметтік емес қоғамдық қорлары өтеусіз негізде алған мүлік те грант деп танылады;

Соның ішінде  демеушілік көмек – осы көмекті көрсететін тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтеусіз негізде:
жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшін және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметтерін дамыту, білім және спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау түрінде;
№2 Есеп

Азамат Б. мен азамат С. бірдей көлемде қаладғы ойын-сауық орталығынан шағын дүкен ашады. Б. есімді азамат өзінің салық мекемесіндегі танысын пайдаланып салықты азамат С.дан аз төлейді. Осыны білген азамат с. тиісті мекемелерге хабар береді.

Сұрақ: Бұл жағдай қалай шешілмек?

Жауап:

Қр салық кодексінде:

7-бап. Салық салудың әділдігі принципі

  1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
    2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

14-бап. Салық төлеушінің міндеттері

  1. Салық төлеуші:
    1) осы Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
    2) салық қызметі органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;
    3) нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруіне жол беруге міндетті делінген. Сондықтан азамат Б. салықты толық төлеуге міндетті. Салық қызметкері өзінің қызметін пайдаланып, салық төлекшіге көмектескені үшін жұмыстан босатылуға тиісті

Тақырыбы: ҚР салық құқығының жалпы ережелері

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!