Жағдайлық есептер
Тақырыбы: Мемлекеттік басқарудың дамуы жолындағы жергілікті басқару органдарының рөлі
Жағдайлық есептер
Тапсырма №1.
Орал қалалық сотында Н.Я.Литвиновтың « Бурмұнай» АҚ кәсіпорынан
өндірістік жарақат алғаны үшін компенсация жөнінен өтелмеген төлемдерді
өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Істі қарау кезінде И.Я.Литвиновқа басынан кешірілген инсульт салдарынан
сөйлей алмайтындығына байланысты сотта қиыншылықтары анықталды.
Түсіндірмелердің басымын оның орнына заң факультетінің 3 курс студенті
немересіне айтуға тура келді.
Прокурор зейнеткер И. Я.Литвиновтың немересі өкіл болып табылмайды,
өйткені өзінің өкілеттілігін растайтын құжаттардың сотқа тапсырылмағандығын 92
мәлімдейді, бірақ сот Литвиновтың денсаулық жағдайын ескеріп және немересі
оның туысы болып танылғандықтан атасының орнына түсініктемелер беруге
рұқсат береді, яғни прокурордың мәлімдемесін қабылдамайды.
Соттың іс әрекеті дұрыс па?
Немере өз атасының заңды өкілі болып табыла ма?
Литвиновқа аталмыш ситуацияда қандай ұсыныстар бересіз?
Тапсырма № 2
Жауапкер И.Семеневтың өкілі сотқа жауапкер қол қойған сенімхатты ұсынды.
Судья И.Семеновтың өкілін қаралып жатырған іске жібереді. Прокурормен
өкілеттігі заңды тәртіпте тиісті түрде рәсімделмеген өкіл ретінде тұлғаны
процесске кіру кезінде әрекетсіздік еткен судьяның іс әрекетіне жеке наразылық
келтірілді.
Өкілдің өкілеттіктерін рәсімдеу тәртібі қандай?
Тапсырма №3
2004 жылдың наурыз айында коммерциялық банк несие шарты мен шарт
пайыздар бойынша 100 000 теңге өндіру туралы «Рай» ЖШС талап- арыз
ұсынды. Талапты қанағаттандыру туралы бірінші сатыдағы сот шешімі
жауапкермен апелляциялық сатыға шағымдалды. Апелляциялық сатыдағы сотқа
бастапқы талапкердің орнына Коммерциялық банк тарапынан талапты аудару
жөнінде келсім ұсынған жеке кәсіпкер Лясов келді. Апелляциялық сатыдағы сот
процессте тарапты ауыстыруды, оны тек қана бірінші сатыда болу мүмкіндігіне
сілтеп, жүргізуден бас тартты.
Аталмыш жағдайда қандай процессуалдық сұрақтар туындайды? Құқық
мирасқорлық мүмкін бе?
Тапсырма № 4
Келесі жағдайларда іс жүргізу мерзімдері сақталды, тексеріңіз:
А) 2 мамырдағы сот шешіміне талапкер 3 маусымда апелляциялық шағым
берді;
Б) 25 ақпанда сотпен қаралған, 20 ақпанда талапты қамтамасыз ету жөнінде
өтініш мәлімделді;
В) 3 маусымда судья банкті банкрот деп тану туралы арызды қабылдау жөнінде
ұйғарым шығарды, 7 маусымда борышкерге тапсырылды;
Г) судья сот отырысын бес күнге үзіліс жариялады;
Д) талапкер іс бойынша шешім қабылдағаннан кейін талаптың негіздемесін
өзгерту туралы өтініш берді.
Тапсырма № 5
2004 жылы 7 қаңтар күні азаматша В. Симонова азамат И.Петровты хабар –
ошарсыз кетті деп тану жөнінде сотқа талап арызбен жүгінді. Судья арыз
беруші есебінен 2004 жылдың 15 қаңтарында газеттің № 358 нөмірінде Ақтөбе
қалалық сотының өнідірісінде В.Симонова арызы бойынша азамат И.Петровты
хабар-ошарсыз кетті деп тану азаматтық іс жөнінде мәліметтер жергілікті газет
«Маякте» жарияланымы туралы ұйғарым шығарады.
20 наурыз 2004 жылы Симонова істі тыңдауға тағайындалған сотқа
шақырту қағазын алады.
Сотпен іс жүргізу мерзімдер сақталған ба және іс жүргізу мерзімдері қалай
есептеледі?
Тапсырма № 6
Ұйым сотқа сұрауын алу уақытынан үш күн ішінде құжаттарды ұсыну
туралы сот сұрауын алады.Аталмыш құжаттар салық комитетінде
болғандығына байлынысты, ұйым басшысы сотқа сотпен тағайындалған
мерзімді ұзарту өтінішімен хат жіберді.Сот құжаттарды ұсынудың мерзімін 10
күнге ұзарту туралы ұйғарым шығарды.
Процесске қатысушылардың қайсысы қателік жіберді?
Тапсырма №7 Азамат Ахметов бірінші сатыдағы сот шешімін апелляциялық тәртіпте шағым
жасаудың белгіленген процессуалдық мерзімін өткізіп алды. Осыған
байланысты ол заң конторына жүгінеді. Заңгер құқықтық көмек көрсету
тәртібінде заңмен бекітілген мерзімді қалпына келтіруге болмайтынын атады.
Азамат Ахметовке бұл жағдайдан шығудың жолдарын немесе қандай заң
көмегін көрсетер едіңіз?
Тапсырма № 8
Азамат Крылов франчайзинг шартын жарамсыз тану жөнінде сотқа
жүгінді. Сот арызды 5 күн ішінде қарады және азаматтық істі қозғау туралы
ұйғарым шығарды. Істі сотта қарауға дайындау кезінде сот істі талқалауды 1
айға, яғни 15.08.04. дейін қосымша дәлелдемелерді талап етуіне және іске өзге
тұлғаларды қатысуға тартуға байланысты кейінге қалдырады.
2004 жылы тамыздың 15- күні сот істі қарап, тараптар шешімге ол заңды
күшіне енгенге дейін 15 күннің ішінде шағымдау құқығын көзделген шешім
шығарады.
Іс бойынша заңмен және сотпен қандай іс жүргізу мерзімдері белгіленген?
Тапсырма №9
« Пашутин» компаниясы қалалық сотқа ЖШС «Фарс»-тен тұрақсыздықты
өндіру туралы талап-арыз ұсынады. Азаматтық істі қарауда тараптар істі
аралық соттың қарауына беруді шешті.
Аталмыш іс Қазақстан Республикасында соттар құрылымына кірмейтін өзге
соттың құзырында болғандықтан «Пашутин» компаниясы қалалық сотқа талап
арызды беру кезінде төленген мемлекеттік баж төлемін қайтару туралы арыз
береді.
Сот мемлекеттік бажды қайтарудан бас тартты.
Істі шешіңіз.
Тапсырма № 10
«Апорт» сортты алмаларды сатып алу – шарты бойынша шығындардың
орнын толтыру туралы азаматтық іс бойынша талапкер болып итальяндық ұйым,
ал жауапкер ретінде қазақстандық фирма табылды. Сотқа аудармашылар және
кешенді сараптама жүргізу үшін сарапшылар шақыртылды.
Сарапшы мен аудармашының жұмысы аяқталған соң, сот депозиттік шоттан
аудармашыға сыйақыны төлейді, ал сарапшыларға Республикалық бюджеттің
есебінен төлемедерді алу үшін сәйкес инстанцияларға жүгінуге кеңесін берді.
С оттың іс- әрекеті дұрыс па?
Тапсырма № 11
Азамат Мельник ар-намысты, қадір-қасиет пен іскерлік беделді қорғау
туралы талап-арызға ауыр мүліктік жағдайына байланысты сот шығындарын
төлеуден босату жөнінде арызды қоса тіркеді. Істі сот қарауына дайындау
сатысында нақ ұқсас арыз жауапкер азамат Самохиннен келіп түсті.
Істі қарау барысында заттай дәлелдемелерді сақтауға, іс бойынша
хабарландыруға байланысты шығындар өтелді. Сот өз шешімінде талап-арызды
ішінара қанағаттандырды.
Сот шығындарын кім төлеуі тиіс?
Сот шығындарын мемлекетке өтеудің тәртібін ашып көрсетіңдер.96
Тапсырма № 12
« Маг» АҚ мен «Свет » АҚ 15 000 000 тенге сомасына заем шартын
жасасты. Шарт бойынша туындаған даулар сотта шешуге келісілді. «Маг» АҚ
талап-арыз ұсынды, ал «Свет» АҚ іске жауапкер ретінде тартылды. «Маг» АҚ
талабы жартылай, яғни 10 000 000 теңге сомасына
қанағаттандырылды.Талапкерге 5 000 000 теңгеге бас тартылды.
Тараптар арасындағы сот шығындарын бөлу туралы сұрақты қарастырыңыз.
Тапсырма № 13
Астана қаласында тұратын азамат Петров Ақтөбе қалалық сотына куә
ретінде сотқа шақырту қағазын алды. Петров шақырту қағазын жұмыс орны
бойынша кадрлер бөліміне ұсынады.
Петров айдың аяғында өз еңбек ақысын алған кезде, басқа айларға
қарағанда ақшасы едәуір аз болып шықты. Петров бухгалтерияға жүгінгенде,
оның соттың шақырту қағазы негізінде жұмыста болмау күндеріне ақы
төленбейтіндігін айтады.
Тапсырма № 14
Неке бұзу жөніндегі азаматтық істі қарау кезінде сотқа лақап сөздермен
ұрысқан жауапкерді сот залынан шығаруға және сонымен қатар оған 100.000
теңге сомада айыппұл салуға тура келді.
Соттың іс – әрекеті дұрыс па?Мәжбүрлеу мен жауаптылық шараларын
қолданудың қандай негіздерін білесіз?
Тапсырма № 15
Студент И.Морозовке азаматтық іс жүргізу құқығының оқытушысы
«Мәжбүрлеу мен жауапкершілік шаралары» тақырыбына реферат дайындау
тапсырмасын берді.
Студент Морозов мәжбүрлеу шарасы ретінде айыппұл мен өсімді, ал
жауаптылық шарасы ретінде еріксіз келтіру мен сот залынан шығару
қарастырған реферат жазды.
Студентпен қандай қателіктер жіберілген? Мәжбүрлеу мен
жауаптылық шараларына анықтама беріңіз.
Тапсырма № 16
Сотқа келуден қасақана жалтарған, ал оның қатысуы міндетті жауапкерге
қатысты, судья еріксіз келтіру туралы ұйғарым шығарды. Еріксіз келтіруді
арнайы «Вохр » мекемесінің қызметкерлері жүзеге асырды.
Ұқсас мекемелер азаматтарды сотқа еріксіз келтіруді жүзеге асыруға
құқылы ма және азаматтық процессте аталмыш әрекеттерді жасауға кім
құқықты?
Тапсырма № 18
Мәмілені жарамсыз деп тану туралы азаматтық істі қарауда сотқа сарапшы
келмей қалды. Сот сарапшыны сот отырысы залына еріксіз келтіру туралы
ұйғарым шығарады. Сарапшы анықтама қағазы куәландыратын денсаулық
жағдайы жөнінен сот отырысына келмеуіне байланысты судьяның еріксіз
келтіру туралы ұйғарымына жеке шағымын береді.98
Мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот ұйғарымына шағым жасауға
болады ма?
Тапсырма № 19
Судья кеңесу бөлмесінде мәжбүрлеу шарасы- еріксіз келтіруді қолдану
туралы ұйғарым шығарады. Бұл жөнінде іске қатысушы тұлғаларға хабарламай,
сот ұйғарымына қатысты тек қана жауапкерге ғана хабарланады.
Соттың іс – әрекеті дұрыс па?
Мәжбүрлеу шарасын қолданудың тәртібі қандай?