Іскерлік ойын
Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғаудағы экологиялық құқықтық механизмі
Іскерлік ойын жоспары
- Топтағы студенттерді үш топқа бөлу
- Әр топқа ат ойлап табу
- 1-топ: «Әділет»
2-топ: «Шыншылдар»
3-топ: «Заңгерлер»
- Әр топты іскерлік ойын ережесімен таныстыру
- Ойын 3 кезеңнен тұрады:
- «Кім жүйрік?»
- «Кім тапқыр?»
- «Кім зерек?»
- Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталады
1-кезеңі: «Кім жүйрік?»
Ойынның бұл кезеңінде тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші, яғни жылдам әрі дұрыс жауап берген 2 топ келесі кезеңге өтеді. Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
- Қоршаған орта түсінігі
- Қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық механизмінің конституциялық бекітілуі
- Мемлекеттік экологиялық бақылау дегеніміз не?
- Табиғатты пайдаланудағы әкімшілік-құқықтық реттеу
- Табиғи ресурстарды пайдалану құқығына лицензия
- Табиғатты пайдаланудағы лимиттеу
- Қоршаған ортаны ластағаны үшін және табиғатты пайдаланғаны үшін төлемдер
- Экологиялық әсерді бағалау
- Экологиялық сараптама
- Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік түрлері
Әр дұрыс жауап үшін топқа 5 ұпай қолданылады. Толық емес жауап 4, ал тек сұрақ аясында ғана жауап үшін 3, жауап болмаса 0 ұпаймен бағаланады.
2-кезеңі: «Кім тапқыр?»
Бұл кезеңде 2 топ тапқырлығын танытып, сөзжұмбақ шешу керек.
- Тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жағдайындағы ілім – …
- Табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғандағы жиынтық –қоршаған …
- Жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай күйі – …
- Табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі –қоршаған ортаны …
- Қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың , өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері – қоршаған ортаның …
- Қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктер – … ресурстар.
3-кезең: «Кім зерек?»
Бұл кезеңде жеңімпаз шыққан топ ішіндегі ойыншылар өзара жарысатын болады.
Ойыншылардың зеректігі сынға алынады. Бұл кезеңнің шарты мынадай: аталған бап бойынша оның мазмұны толық, әрі дәлмедәл айтылуы қажет. Әр топта бес студент бары белгілі. Яғни, 5 бап айтылады:
1-бөлім 1-бап 1-тармағы: Атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көзі – әр түрлі отынмен жұмыс істейтін, ішкі жану қозғалтқыштармен жарақтандырылған көлік құралдары, техника және өзге де жылжымалы құралдар мен қондырғылар жайлы.
1-бөлім 2-бап 1-тармағы: ҚР-ның экологиялық заңнамасы ҚР-ның Конституциясына негізделеді және осы Кодекспен ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
1-бөлім 3-бап 1-тармағы: Осы Кодексте ҚР аумағындағы шегіндегі табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар реттеледі.
1-бөлім 4-бап 1-тармағы: Адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа мемлекеттің қол жеткізуі,
1-бөлім 5-бап 1-тармағы: ҚР-ның орнықты дамуын қамтамасыз ету.
Іскерлік ойын қорытындысы
Іскерлік ойынның бірінші кезеңінде жоғары ұпай алған 2 топ екінші кезеңге өтеді. Ал екінші кезеңнен үшіншісіне тек 1 топ қана өту құқығы бар. Үшінші кезеңде топ ішіндегі студенттер, яғни ойыншылардың зеректілігі сынға алынады. Үш кезеңнен де мүдірмей тақырыпқа қатысты білімін іскерлік ойында жақсы көрсетіп таныта білген ойыншы ойын жеңімпазы атанады. Ойыншы жеңімпазы – экологиялық заңнаманың негізімен танысқан, қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық механизмінің объектілері мен субъектілерін танып, қазіргі замандағы қоршаған орта мен адамзат арасындағы қарым-қатынасты жетік меңгерген студент болып табылады. Тақырыпқа қатысты білімі жүйелі деп баға беріледі.