Тақырыбы 1: Буындық синдромдарда қолданылатын қабынуға қарсы заттар. Жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері.
- Мақсаты: Сабақтың мазмұнымен таныстыру:
- қабынуға қарсы әсер ететін заттардың қолдану ерекшеліктері мен әсер ету механизмдері.
- қабынуға қарсы әсер ететін заттардың қолдану көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.
- қабынуға қарсы әсер ететін заттардың улы және жанама әсерлері.
- қабынуға қарсы әсер ететін заттардың негізгі препараттарына рецепт жазу.
- клиникалық жағдайға байланысты препараттарды дұрыс таңдау.
- Оқыту мақсаты:
- қабынуға қарсы әсер ететін дәрілердің фармакокинетикасымен фармакодинамикасының сұрақтарын қарастыру.
- қабынуға қарсы әсер ететін заттардың негізгі фармакологиялық нәтижелерін көрсету;
- жеке дәрілердің қасиеттерінің ерекшеліктеріне көңіл аудару және оларға салыстырмалы мінездеме беру.
- Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Қабынуға қарсы заттар. Топтастырылуы. Стероидты қабынуға қарсы заттар. Әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері.
- Стероидты емес қабынуға қарсы заттар. Әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері. Жеке препараттардың салыстырмалы мінездемесі.
- Ревматоидты артрит кезінде қолданылатын базисті препараттар (иммуносупрессивті препараттары: метотрексат, циклофосфамид, инфликсимаб; алтын препараттары: кризанол, ауранофин; D-пеницилламин, сульфасалазин, плаквенил және т.б.). Жіктелуі, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.
- Жасқа байланысты қолдану ерекшеліктері.
- Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар және дискуссия, хаттама дайындау, топтық қатынасты анықтау, рецепттер жазу, ахуалдық есептер шығару.
- Бақылау: билет бойынша сұрақтар, рецепттер.
Рецепт жазуға арналған препараттар:
Мелоксикам – Meloxicamum (таб. 0,0075 №10; 1% ер-і 1,5мл №10)
Индометацин – Indometacinum (драже 0,025 №30)
Кетопрофен – Ketoprofenum (кетонал) (капсулада 0,05 №20; 5% ер-і 2мл №5)
Дексаметазон – Dexamethasonum (0,4% ер-і 1 мл №5)
Метотрексат – Methotrexatum (таб. 0,0025 №20; 2,5% ер-і 2 мл №3)
Сульфасалазин – Sulfasalazinum (таб. 0,5 №50)
Диклофенак – Diclofenacum (таб. 0,025 №10; 2,5% ер-і 2мл №5 )
Топтық қатынасты анықтауға арналған препараттар:
Нимесулид (нимесил, найз)
Диклофенак (волтарен, ортофен)
Кеторолак (кетанов)
Димексид
Ауранофин
Ибупрофен
Сульфасалазин
Пенициламин
Циклофосфамид
Плаквенил (Гидросихлорхин)
Инфликсимаб (Ремикейд)
- Тақырыбы 2: Қаңқа қалыптасуына және кальций-фосфор алмасуының реттелуіне әсер ететін препараттар. Балалар тәжрибесінде қолдану ерекшеліктері.
- Мақсаты: Сабақтың мазмұнымен таныстыру:
- қаңқа қалыптасуына және кальций-фосфор алмасуының реттелуіне әсер ететін заттардың қолдану ерекшеліктері мен әсер ету механизмдері.
- қаңқа қалыптасуына және кальций-фосфор алмасуының реттелуіне әсер ететін заттардың қолдану көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.
- қаңқа қалыптасуына және кальций-фосфор алмасуының реттелуіне әсер ететін заттардың улы және жанама әсерлері.
- қаңқа қалыптасуына және кальций-фосфор алмасуының реттелуіне әсер ететін заттардың негізгі препараттарына рецепт жазу.
- клиникалық жағдайға байланысты препараттарды дұрыс таңдау.
- Оқыту мақсаты:
- қаңқа қалыптасуына және кальций-фосфор алмасуының реттелуіне әсер ететін дәрілердің фармакокинетикасымен фармакодинамикасының сұрақтарын қарастыру.
- қаңқа қалыптасуына және кальций-фосфор алмасуының реттелуіне әсер ететін заттардың негізгі фармакологиялық нәтижелерін көрсету;
- жеке дәрілердің қасиеттерінің ерекшеліктеріне көңіл аудару және оларға салыстырмалы мінездеме беру.
- Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Қаңқа қалыптасуына әсер ететін және кальций-фосфор алмасуын реттейтін препараттар.
- «Д» витаминінің препараттары. Фосфор-кальций алмасуына әсері, қолдану көрсеткіштер.
- Қазіргі кальций препараттары. Жіктелуі, әсер ету механизмі, қолдану көрсеткіштер, қарсы көрсеткіштері, жанама әсерлері.
- Сүйек резорбциясының тежегіштері: биофосфонаттар және хондропротекторлар.
- Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топтар және дискуссия, хаттама дайындау, топтық қатынасты анықтау, рецепттер жазу, ахуалдық есептер шығару.
- Бақылау: билет бойынша сұрақтар, рецепттер және тесттер.
Рецепт жазуға арналған препараттар:
Кальцитрин – Calcitrinum (фл. 10 ЕД)
Алфлутоп – Alflutop (ер-і 1% – 1 мл №10)
Эргокальциферол – Ergocalciferolum (фл. 5 мл 0,0625 % майдағы ер-ісі )
Хондроитина сульфат – Chondroitin sulfate (капсулада 0,5 №60; 10% – ер-і 2мл)
Кальций-Актив
Кальция глюконат
Топтық қатынасты анықтауға арналған препараттар:
Кальций Д3 Никомед
Алендронат натрий
Терафлекс
Дона
Хондроксид
Фемостон
Артра
Ибандронат натрия
Миакальцик (Кальцитонин)